Нуржанов Б.Г. Модерн. Постмодерн. Культура. – Алматы, 2012.
Шәлекенов У.Х. Қазақ өркениеті – Алматы; Қазақ университеті, 2009.
Гумилев Л.Н. Ритмы Евразии: Эпоха и цивилизации. - М., 1993.
Гумилев Л.Н. Древние тюрки. – М., 2008.
Фромкин В., Роберт Родман, Нина Хайамс Тіл біліміне кіріспе /пер. На каз.яз.». - А.,2017.-
Дәріс 15. Мәдени мұра Мемлекеттік Бағдарламасы.
«Мәдени мұра» Мемлекеттік Бағдарламасы мәдени саясат саласы ретінде.
Мәдени мұра бағдарламаларының дамуындағы ЮНЕСКО халықаралық ұйымдарының рөлі.
Қазіргі заманғы қазақстандық мәдениеттің рухани құндылықтарының негізгі паттерндері.
1. Археология ғылымын дамытуға бірінші кезеңі 2004-2006 жылдарды, екінші кезеңі 2007-2009 жылдарды қамтыған Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы да зор қарқын берді. Бұл бағдарламаны Қазақстан Республикасы Президенті 2004 жылғы 13-қаңтарда (№1277) бекіткен. Бағдарламаның негізгі мақсаты деп, рухани және білім беру саласының дамытылуы, елдің мәдени мұрасын қорғау және тиімді пайдалануды атауға болады. Ал негізгі міндеттеріне елдегі маңызды архитектуралық және тарихи мәдени ескерткіштерді қайта қалпына келтіру, мәдени мұраны, соның ішінде ұлттық мәдениет, фольклор, салт-дәстүрді зерттеудің толық жүйесін жасау секілді күрделі мәселелер кіреді. Осыған орай мәдени мұраны сақтау мен қалпына келтірудің төмендегідей негізгі бағыттары нақтыланған:
- ерте және ортағасырлық ескерткіштерді археологиялық тұрғыдан зерттеу, солардың негізінде қорық-музейлер құру және оларды туризм инфрақұрылымы жүйесіне қосу;
- Қазақстанның бірегей тарихи, мәдени және архитектуралық ескерткіштерін реставрациялау, консервациялау және пайдалану;
- ғылыми білімді түсіндіріп тарату, тарих ғылымының теориялық мәселелерін жасау, ғылыми, көркем және энциклопедиялық әдебиеттерді шығару;
- республикадағы тарихи-мәдени мұраны қорғау мен белсенді түрде пайдаланудың ұтымды құрылымын жасау жөніндегі мәселелері мен оның міндеттері: облыстық инспекциялардың, реставрациялық ұйымдардың қызметтерінің басшылығын қамтамасыз ету, тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау жөніндегі бекітілген бағдарламалар мен жобаларды жүзеге асыру.
Міне, 2004-2006 жылдарға арналған Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасының негізгі талап-мақсаттары мен міндеттері, жүргізілетін бағыттары осындай деп көрсетілген болатын. Нәтижесінде бұл бағдарлама бойынша көрсетілген мерзімде орасан зор жұмыстар атқарылған-ды. Бұл кездері – біріншіден, 35 тарих және мәдениет ескерткіштерінде реставрация жұмыстары аяқталды; екіншіден – маусымдық археологиялық қазба жұмыстары 30-дан астам көне қалаларда, қоныстар мен тұрақтарда, қорымдар мен обаларда атқарылды; үшіншіден - әрбір өңірдің ескерткіштер Жинаған жасауға ден қойылды. Кез келген тарихи-мәдени кезеңнің ескерткіштерін бір ізге түсіретін осы Жинақтардың маңызы зор. Бұл жерде әңгіме облыстық тарихи және мәдени ескерткіштердің Жинағы туралы болып отыр. Бүгінгі таңда республикада Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл секілді бірнеше облыстың ғана Жинағы жарыққа шыққан. Керек болса Оңтүстік Қазақстан облыстық тарихи және мәдени ескерткіштер Жинағы кеңестік замандағы мағлұматтармен ғана шектелген. Яғни, Қазақстан археологиясының кеңестік кезеңдегі жетістіктері ғана Жинақта сөз болады. Одан бергі уақыт ішінде ашылған ескерткіштерді, археологиялық олжаларды көрсету үшін Оңтүстік Қазақстан тарихи және мәдени ескерткіштер Жинағын қайтадан басып шығаруды қажет етеді.
Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасын халыққа және өскелең ұрпаққа берері мол ғибратты тарихи шара ретінде бағалауға болады. Бұл бағдарлама аясында археология ғылымы бойынша мол жұмыстар атқарылды.
Әйтсе де, республикада бұл бағдарламадан басқа іргелі және қолданбалы ғылыми-зерттеу бағдарламалары бойынша көптеген жобалар атқарылып жатады. Олардың да үлесі жоғарыда аталған бағдарламадан артық болмаса, кем емес. Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы осындай көп бағдарламалардың бірі ғана.
2. Мемлекеттiк бағдарламаны iске асыру Қазақстан тарихындағы шын мәнiнде теңдесi жоқ, аса жемiстi гуманитарлық акция болды. Отандық мәдениет пен ғылымды жоғары деңгейге көтеруге мүмкiндiк беретiн жаңа құнды тәжiрибе алынды.
Қожа Ахмет Иассауи кесенесi мен Тамғалы археологиялық кешенi сияқты екi ғажайып ескерткiш ЮНЕСКО-ның Дүниежүзiлiк Мұралар Тiзiмiне ендi. Аталған тiзiмге ұсынылған келесi ескерткiш ежелгi Отырар қаласы болып отыр.
Мемлекеттiк бағдарлама ТМД елдерiнде ғана емес, сонымен қатар алыс шетелдерде де аса жоғары бағаланды. 2006 жылғы сәуiрде Париж қаласындағы ЮНЕСКО-ның Штаб-пәтерiнде оның тұсаукесерi табысты өттi.
Оны iске асыруға мемлекеттiк бюджеттен 2,7 миллиардқа жуық теңге бөлiндi.
3. Егемендi Қазақстанның бүгiнгi өмiрi мен оның жан-жақты даму перспективаларын мәдени мұрасыз елестету мүмкiн емес. Мәдени мұра сана-сезiмдi қалыптастыру негiздерiнiң бiрi, iзгiлiк пен отаншылдық құндылықтар сабақтастығын орнықтыруда зор әлеуетке ие.
Мәдени мұраның экономикалық ресурсын жұмылдыру - елдi қайта жандандырудың негiзi. Тарихи ортаның сақталуы республикамыздың инвестициялық тартымдылығын қамтамасыз етедi. Ол, сонымен қатар, бүкiл қазақстандық қоғамдастықтың игiлiгiне айналар жанама артықшылықтардың шеңберiн кеңейтуге де алып келедi.
Мәдени мұраны сақтау саласындағы мемлекеттiк саясаттың базалық қағидаты - бұл жұмыстың мемлекетiмiздiң экономикалық және әлеуметтiк дамуы аясында ғана тиiмдi болатындығына негiзделген кешендi көзқараспен қарау. Мәдени мұраны сақтау орнықты даму стратегиясының шешушi элементi болуға тиiс.
Қазақстан өз экономикасының маңызды саласы бола алатын және болуы қажет туризм индустриясын дамыту үшiн қуатты мәдени әлеуетке ие. Туризм тарих және мәдениет ескерткiштерiн кең танытуға септiгiн тигiзедi, республикамыздың ел iшiндегi, сондай-ақ шет елдердегi биiк беделiн нығайтады.
Мәдени мұраның туризмдi дамытудағы артықшылықтарын пайдалануға негiзделген мәдени туризмнiң қазақстандық моделi ұмытылып кеткен дәстүрлер мен өнер түрлерiн жаңғыртуға, туристiк қызығушылық тудыратын жаңа орталықтар ашуға, ерекше бағыттар түрлерiн ұйымдастыруға бағытталуы тиiс. Туристiк-экскурсиялық жұмыс тәуелсiз Қазақстанның мәдени мұрасының бар әлеуетiн пайдалана алады.
Кешендi сақтау қағидатына мемлекеттiк басқару органдарының жұртшылықпен және мемлекеттiк емес сектормен серiктестiк қарым-қатынастарды дамытуда бастамашы, қадағалаушы және үйлестiрушi функциялары да енедi. Мәдени мұраны барлық қолжетiмдi ресурстарды пайдалана отырып сақтау iсiне деген ведомствоаралық көзқарасты да қолдау қажет. Сақтау мiндетiн тек орталық атқарушы органдар ғана емес, жергiлiктi атқарушы билiк органдары да шешуге тиiс.
"Мәдени мұра" стратегиялық ұлттық жобасын жүзеге асыру барысында мәдениет жөнiндегi мемлекеттiк саясатты жүргiзуге деген жаңа сапалы көзқарастарды айқындап бергендiгiн, Қазақстанның зор рухани, тарихи-мәдени және гуманитарлық әлеуетiн паш еткенiн атап өту қажет.