Студенттің білімін тексеру үшін бақылау сұрақтары:
Ұлы жібек жолы қазақ мәдениетінің қалыптасуында орны мен ролі қандай болды?
Ортағасырлық қала мәдениетінің ерекшелігі қандай болды?
Ұлы Дала мәдениетінің материалдық және рухани мәдениетінің қалыптасу ерекшелігі қандай болды?
Қазақ әдебиетіндегі поэззия және жыраулық өнері қалай дамыды?
Қазақ мәдениетінің этногенезі туралы не айтасыз?
Қазақ мәдениетіндегі шешендік өнері қалай дамыды?
Пайдаланған әдебиеттер
Ғабитов Т.Х. Қазақ мәдениетінің тарихы: оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2016.
Ғабитов Т.Х., Затов Қ. Қазақ мәдениетінің рухани кеңістігі. - Алматы: Раритет, 2013.
Габитов Т.Х., Муталипов Ж., Кулсариева А. Культурология. - Алматы, Раритет, 2008.
Молдабеков Ж.Ж. Казактану. - Алматы, 2015.
Молтобарова К.И. Мәдениеттану. - А, 2018.
Наследие аль-Фараби и формирование нового интегрального мировоззрения. коллективная монография./ под общ.ред. з.к. шаукенова. – алматы: ифпр кн рк, 2012.
Шәлекенов У.Х. Қазақ өркениеті – Алматы; Қазақ университеті, 2009.
Байпаков К.М. Средневековые города Казахстана на Великом Шелковом пути. – Алматы, 1998.
Гумилев Л.Н. Древние тюрки. – М., 2008.
Дәріс 8. Түркілердің мәдени мұрасы.
Қарахандар кезеңінің материалдық, қалалық мәдениеті.
2. Алтын Орда кезеңінің мәдениеті.
3. Қожа Ахмет Яссауи кесенесі, Көне қала Тараз және өзге де мәдени объектілер қазақ халқының мәдени бірегейлік пен қазақтардың мәдени мұрасының құраушысы ретінде.
1. “Түрік” деген термин тұңғыш рет 542 жылы аталады. “Түрік” этнонимі алғашқы кезде белгілі бір адамның ата-тегі шонжар топтағы немесе әскери ақсүйектерден шыққанын білдірген. Кейінірек бұл сөздің семантикасы бірте-бірте ұлғайып, билік жүргізуші, үстемдік етуші, яғни “патша” шыққан тайпаның символы болған. Бертін келе сол билік етуші тайпаға бағынышты болып қалған тайпаларды да көршілері түріктер деп атап кеткен. Түрік қағандығының әлеуметтік, саяси және қоғамдық өмірінде әскери істер аса маңызды орын алып, үлкен роль ойнағаны тарихтан жақсы мәлім
Қарахан мемлекеті (942–1210 жж.): Қарахан қағанаты Шығыс Түркістан, Жетісу, Сырдария, Талас, Шу өңірін құтты қоныс етті. Оның құрылуы 940 жылдан басталады. Қағанаттың орталық астанасы Шу өзені бойындағы Баласағұн, кейінірек Ордакент (Тараз) қаласы. Қарахан мемлекетінің Үзген, Мерке, Құлан сияқты қалаларында ірі алыпсатар алпауыттар мен қолөнершілер мекендеген. Қарахан әулетінің негізін салушы Сатұқ Боғрахан (915–955жж.) болып есептелінеді. Ол Қарлұқ хандығының іргесін көтеріп, мәртебесін асырушылардың бірі – Білге құл Қадырханның немересі. Сатұқ Тараз және Қашқар қалаларын өзіне қаратып, 942 жылы Баласағұндағы билеушіні құлатып, өзін жоғары қаған деп жариялайды. Мемлекеттің күшеюіне қарлық, шігіл, ягма тайпалары үлкен үлес қосты. Сатұқ өлгеннен кейін билік оның баласы Мұсаға көшті, ол 960 жылы Қарахан мемлекетінің халқын ислам дініне қаратты. Оның астана қаласы Қашғар болды. Сатұқтың екінші баласы Сүлеймен-ілек Баласағұнды иеленді. Кейін бұл өңірді оның ұлы Хасан Боғра-хан мұра етіп алды. Мұса өлген соң, Қарахан жеріндегі жоғарғы қаған атағы оның баласы Әли Арсылан ханға көшті. 990 жылы Қарахан билеушілерінің бірі Хасан (Харун) Боғра хан Исфиджабты бағындырды. Ал 992 жылы қарахандықтар шығыста Хотанды, батыста Бұхараны басып алды. 999 жылы Қарахан билеушісі Әли Арсыланның баласы Насыр Орта Азиядағы Саманилер мемлекетіне соққы берді. Қарахан хандығы ұзақ соғыстардан кейін 1004–1005 жылдары Мәуеренахр жерін түгелдей өзіне қаратты. Осыдан кейін Қарахан мемлекеті XI-ғасырдың 30 жылдары Шығыс және Батыс қағанаты болып екіге бөлінді: 1.Жетісу және Шығыс Түркістан жері Шығыс қағанатына қарап, оның орталығы әуелі Орда (Баласағұнға жақын), кейін Қашғар қаласы болды.
Мәуеренахр жерлері – Батыс қағанатына қарап, оның орталығы Үзкент, кейінірек Самарқанд болды. Қарахан мемлекетінде жоғарғы өкімет билігі хаканның қолында болған. Ол мұрагерлікке қалып отырған. Қарахан феодалдық қоғамының үстем тап өкілдеріне хаканның ұрпақтары тегіндер, ілек хандар, бектер, нәменгерлер, нөкерлер жатқан. Ханға ең жақын адамдардың бірі уәзір болған. Уәзір жоғарғы билеушінің ең жақын көмекшісі және кеңесшісі болып саналды. Хан сарайы, оның басты ордасы мемлекеттік және әкімшілік басқару орталығы болып есептелді. Қарахан мемлекетіндегі аса маңызды әлеуметтік-саяси институт әскери-мұралық жүйе болған. Мемлекет бірнеше үлестерге бөлінді.
Олардың бастылары: Тараз, Исфиджаб, Баласағұн. Хан мемлекеттік немесе әскери қызметі үшін феодалдарға жер беріп, сол жердегі халықтан салық жинауға рұқсат еткен. Мұндай жерлер икта, ал оны иеленуші мукта деп аталған. Қарахандардағы жер иеленудің тағы бір көп тараған түрі әскери – үлестік жерлер. Ол әскери қызмет үшін берілген. Қарахан феодалдық қоғамында шаруаларды қанаудың бір түрі – жалға үлестік жер беру орын алған. Араб-парсы деректерінде үлестік жер алған шаруалар мұзарлар немесе барзұгар деп аталған. Үлескер жерден алынған өнімнің денін салық түрінде мемлекетке және жер иелеріне төлеп отырған. Шаруаларды қанаудың екінші бір түрі – коммендация жер иелігі. Оның мәні: әлсіз адам өзінің жер телімін күштінің қамқорлығына береді, ол күшті адам әлсіз адамды басқалардан қорғауға тиіс. Қазақстанның оңтүстік-шығыс және оңтүстік аудандарын мекендеген қарахандықтар көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығымен айналысты. Мал шаруашылығында жылқы өсіру жетекші орын алды. Қарахан мемлекетінің құрамына енген түркі тайпалары отар-отар қой ұстады, сондай-ақ түйе, ешкі, ірі қара өсірді.
Отырықшы, жартылай отырықшы түрік тайпаларының біразы егіншілікпен де айналысты. Олар тары және басқа да дәнді дақылдар өсірді, отырықшылар қала мәдениетімен араласып, қала халқын толықтырды. Қалаларда қолөнер кәсібі, әсіресе көзешілік кеңінен дамыды. Олар аңшылықпен де айналысқан. Сондай-ақ Сырдария, Іле, Шу, Талас өзендерінен балық аулау айтарлықтай рөл атқарды.XI ғасырдың аяғына қарай Қарахан мемлекеті соғыстармен және феодалдық иеліктердің одан әрі бөлшектенуімен байланысты құлдырай түсті. XII ғасырдың 30-шы жылдары Шығыс Қарахан иелігін, Жетісуды және Қазақстанның оңтүстігін шығыстан келген кидандар жаулап алды.
2. Алтын Орданың құрылуы: 1235 жылы Моңғол империясының астанасы Қарақорымда болған құрылтайды Батысқа (Еуропаға) шапқыншылық жорық жасау ұйғарылды. Бұл жорық 1236 жылы басталады. Шыңғыс ханның немересі, Жошы ханның баласы Батый басқарған әскер Еділ мен Жайықтан өтіп, Орыс, Украина жерлерін бағындырып, Шығыс Еуропа елдерін талқандап, Адриат теңізіне дейін жетеді. Осыдан кейін Еділ бойында Батый Алтын Орда мемлекетін құрады. Алтын Ордаға Ертістен Днестірге дейінгі жерлер кіреді. Орыс княздары Алтын Орда билігін мойындайды. Алтын Орданың астанасы Сарай-Бату, ал кейінірек Сарай-Берке қаласы болады.
Қоғамдық-саяси жағдайы. Алтын Орда әскери мемлекет болды. Ұлан-ғайыр өлкеде орналасқан мемлекет халқының басым бөлігі түркі тілдес қыпшақтар болды. Мемлекеттің басты саяси-мәдени тілі қыпшақ тілі болды. Құрылтай мемлекеттің негізгі ұйымы болып саналды. Алтын Орда әскерлері оң қол, сол қол деп екі қанатқа бөлінді. Мемлекет басындағы нояндар мен бектердің, басқақтар мен тамғашылардың қолында билік көп болды.
Мәдениеті: Алтын Орда халықтары — мұсылмандар. Алтын Орда мемлекетінің алғашқыда көне ұйғыр жазуы негізгі жазу болып қалыптасса, кейіннен ислам діні ықпалының күшеюіне байланысты араб жазуы да қатар қолданылады. Алтын Орда дәуірі ортағасырлық түрік әдебиетінің дамыған кезеңі болды. Бұл кезеңдегі әдеби шығармалар: 1233 жылы «Қисса Жүсіп» (Әли), 1303 жылы «Кодекс-Куманикус», 1303 жылы «Қыпшақ тілі сөздігі», 1359 жылы «Махаббатнама» (Ахмет Хорезми дастаны), 1391 жылы «Гүлстан бит-түрки» (қыпшақ ақыны Сараи), 1409 жылы «Жүсіп-Зылиқа» (Дүрбек ақын). Осы дәуірде «Қырық батыр» жыры дүниеге келеді. Бұл туындыда қырық қыпшақ батырларының ерлігі туралы баяндалады.
Алтын Орданың тәуелсіз иеліктерге бөлінген кезі – XIV ғасырдың екінші жартысы. Ақ Орда, Хорезм, Еділ бұлғарлары т. б. Дербес мемлекеттер пайда болды. Бұлардың барлығы бұрын Алтын Орданың құрамында, кейіннен Алтын Орданың қазақстандық бөлігінде Ақ Орда, Моғолстан, Әбілқайыр хандығы, Ноғай Ордасы сияқты мемлекеттер билік жүргізген.
VI-XII ғғ. Қазақстанның рухани мәдениеті: Ежелгі түрік алфавиті мен жазуы. Ерте орта ғасырларда Қазақстан жерінде түркі тілдес халықтар қалыптасты. Түркі тілдес халықтармен қатар Қазақстан жерінде басқа тілдік топтар да өмір сүрді. Түркі тілдес топтардың ішіндегі ең ірісі – VIII-X ғасырларда Ертіс өңірінде қалыптасқан қимақ-қыпшақ тобы. Сонымен қатар Қазақстан жерінде иран (соғды) тілдес, сирия тілдес, араб тілдес халықтар тобы өмір сүрді. VI ғасырдан бастап түркі тілдес тайпалардың өз жазулары болды. Бұл жазу ғалымдардың пікірінше, соғды жазуына ұқсас. Көне түрік жазуларының ескерткіштері Моңғолия жерінде табылды.
Бугут жазуымен соғды тілінде жазылған құлпытас Орталық Моңғолиядан табылған: VI-X ғасырларда Қазақстанда соғды жазуы және тілі кең қолданылған. Бұл жазу Тараз, Баласағұн, Испиджаб қалаларында тарады. IX ғасырдан бастап Қазақстанда мекендеген тайпалар арасында ұйғыр жазуы қолданыла бастады. Ғалымдардың пікірінше, бұл жазу – соғды алфавитінің өзгертілген түрі. XII ғасырда соғды жазуына негізделіп жасалған түріктердің жаңа жазуында 38 әріп-таңба болған.
Көне түріктердің негізгі жазуы руна жазуы деп аталған. Бұл жазу скандинавиялық руна жазуына ұқсас. XVIII ғасырдың басында жазуды алғаш рет Д. Миссершмидт пен Ф. Страленберг атты ғалымдар Енисей аңғарынан тапқан. Ал аса бағалы тарихи ескерткіш болып саналатын руна жазуы бар құлпытас XIX ғасырда Солтүстік Моңғолиядағы Орхон өзені маңынан Н. М. Ядринцев тапқан. Құлпытастағы жазуды түркітанушы В. В. Радлов пен дат ғалымы В. Томсон оқыған. Бұл жазу «Орхон-Енисей тас жазуы» деп аталады. «Орхон-Енисей тас жазуы» Бұл ескерткіш көне түрік руна жазуымен жазылған. Ескерткіш құлпытастар 689–744 жылдардағы Ұйғыр және Түрік қағанаттарының өмір сүрген кезінде орнатылған. Құлпытастар Білге қаған, оның інісі Күлтегін (732–735), кеңесші Тоныкөктің (716 жылы) құрметіне қойылған. Құлпытаста түрік дәуіріндегі батырлар мен ұлы адамдардың ерлігі, өмірі жайында жазылған. Ортағасырлық тарихи әдебиеттің тамаша үлгілері – VIII ғасырда Қазақстандағы руна жазуының ескерткіштері. Олар екі топқа бөлінеді: Жетісулық жазулар тобы, Ферғаналық қыштағы жазулар тобы. XI-XII ғасырлардан кейін түрік мемлекеттерінде көне түрік руна жазуын ұйғыр жазуы мен араб жазуы ығыстырды.
3. Ахмет Ясауи кесенесі — Түркістан қаласында XIV ғасырдың соңында тұрғызылған архитектуралық ғимарат. Қожа Ахмет Ясауи дүние салғаннан кейін халықтың көп жиылуымен өзіне арнап соғылған кішкене мазарғажерленеді. Кейін бұл кесене мұсылмандардың жаппай тәуеп ету орнына айналды.
Түркістан қаласындағы Ахмет Ясауи ғимараты – орта ғасырлық сәулет өнерінің көрнекті ескерткіші. Ол XII ғасырда өмір сүрген бүкіл Шығысқа аты әйгілі көне түркі ақыны, софизмді уағыздаушы Ахмет Ясауидің (Яссы-дан шыққан деген мағынада) бейітінің басына орнатылған.
Оңтүстік Қазақстанда Сайрам деген жерде туған Ахмет Ясауи сол кездегі ғылым мен ағартудың орталығы ретінде белгілі болған Отырар қаласында білім алады да, кейіннен Бұхардағы Юсуп Хамадани басқарған сопылар қауымына кіріп, дәруіштік мектептен өтеді.
1140 жылы Юсуп Хамадани, кейіннен оның екі мүритті дүние салған соң, қауымды Ахмет Ясауи басқарады. Бірақ көп ұзамай-ақ «мәртебелі» қызметін тастап, өзінің туған өлкесіне біржола қайтып оралады. Софизм идеяларын уағыздап, өзі де оны берік ұстана отырып, жоқшылықта өмір сүреді. Сондықтан да, оны жергілікті халық Әзірет Сұлтан деп атап кетеді.
Ахмет Ясауидің уағыздаушы және ақын ретінде атағы кең жайылып, оның «Диуани Хикмет» («Даналық жайындағы кітап») атты діни өлеңдер жинағы көне түркі тілінде жазылғандықтан, жергілікті халыққа түсініктілігі арқасында талай мәрте қайта көшіріліп, бірнеше рет басылған...
Бұл сияқты уағыздық өлеңдерінің философиялық және діни-мисттикалық мазмұны, ондағы жақсылыққа, әділеттілікке шақырған үнмен ұласады, халықтың қайырымдылық сезімін ояту, оны басқа діндегілермен жауласудан сақтандырумен қатар дін иелерінің ашкөздігін, зұлымдығын әшкерелеумен жалғасып жатады.
Ахмет Ясауидің өлеңдері құнды әдеби ескерткіш, кейіннен қазақ халқыныі құрамына енген қыпшақ, оғыз, қарлық сияқты көне түркі тайпалары зерттеудің көзі болып табылады.
Халық аңыздарында Түркістандағы әулиенің аруағын атақты қолбасшы, бүкіл Шығысты тітіренткен Ақсақ Темірдің айрықша сыйлап өткені айтылады. Оның әмірімен Ахмет Ясауи қайтыс болғаннан екі жүз жыл кейін қирап бітуге таянған кішкене ғана мазардың орнына, дүние жүзілік сәулет өнерінің белгілі ескерткіші орнатылды.
Темірдің өмірін Зафарнама, «Жеңіс кітабы» авторы Шараф-ад Дин Әли Мазди растайды. Ескерткіштің салынуын оның Ахмет Яссауидің қабырына зиядат етіп қайтқан 1397 жылдың аяғындағы оқиғалармен байланыстарыды. «Жеңістер кітабында» Темір, сол жылы Яссыда болған кезінде, мұнда өзіне қарайтын елдердің тегінде Ахмет Яссауидің атына лайық зәулім ғимарат салу жайлы жарлық берген еді делінеді. Ол ислам дінінің даңқын асыруда, оның кең таралуына, аса үлкен өлкен басқаруды жеңілдетуге тиіс болған.
ХІV ғасырдың аяғында бұл күмбез біткен соң Әмір Темір көреген Әзірет Сұлтанның қорын ұйымдастырып, өзі арнайы қол қойып бекіткен. Дегенмен, Қазандықтың ішкі есіктерінің біріндегі халькаға жазылған «1394-1395 жылдар» Темірдің өзі белгілеп берген. Бұл – ғимараттың басқа бөліктерінің кіндігі. Темір уйдің ішкі сәні мен салтанаты қалай болуы керегтігін де айтқан. «Қолхаты» (грамота) жазылған. «Қолхатта» Әмір Темір көрегендікпен жаңа біткен ғимарат туралы «ешқашан да, қандай болған жағдайда да сатуға, жекеменшік секілді ұрпақтан-ұрпаққа уақытша немесе түбегейлі біреуге беруге болмайтынын қатты ескерткен».
Ғимараттың кіре беріс есігінің ішкі маңдайшасында қазірге дейін жақсы сақталған жазудан мынадай сөздерді оқуға болады: «Бұл әулие мекен алла тағаланың рахымы жауған падиша Әмір-Темір Көрегеннің жарлығы бойынша орнатылды.
VI-XII ғасырлардағы қалала
Орта ғасырларда әкімшілік, сауда-экономикалық орталық болған қалалар Оңтүстік Қазақстан мен Жетісуда қалыптасты. Қазақстандағы орта ғасырлардағы қалалардың бірнеше бөліктері болды.
Шахристан – қала билеушілері, ақсүйектер мен діни қызметкерлердің тұрағы.
Рабад – қаланың қолөнершілері мен саудагерлері тұратын бөлігі.
Цитадель – қаланың қорғаныс бөлігі, яғни қамал мен бекіністер.
VI-XII ғасырлардағы Қазақстан жеріндегі ірі қалалар: Мерке, Аспара, Суяб, Үзкент, Сауран, Құлан, Талкиіз, Қойлық, Тараз, Отырар, Қарнақ, Ашнас, Баршынкент, Сығанақ, Испиджаб, Весидж, Шауғар, Иасы (Түркістан), Баласағұн, Орда т. б. Археологтар Қазақстан жерінен 60-тан астам қала орнын анықтаған. Қала әкімшілігі. Орта ғасырлардағы қалалардың көбі тәуелсіз өмір сүрген. Әр қаланың жеке билік жүргізетін билеушілері болған. Билеушілердің титулы әр түрлі, мысалы Кермикент билеушісі – кутеген-лабан, Барысханда – манап, Науакентте – ялан-шах, Семекнада билеуші инал-тегін деп аталған. Қала халқы. Қалаларда халық біршама қоныстанды. Сонымен қатар қала халқы отырықшыға айналған көшпелілер есебінен көбейіп отырған. Испиджабта 40 мың, Отырарда 16 мың, Таразда 10 мың, Баласағұнда 10 мыңдай адам өмір сүрген (IX-XI ғасырлар)
Испиджаб. Қазіргі Шымкент қаласынан 12 шақырым жерде (Сайрам) орналасқан. Бұл қала V ғасырда аса ірі мәдениет және сауда орталығы болды. Испиджабтың осындай сауда орталығы ретіндегі рөлі X-XII ғасырларда күшейді. XI ғасырда сауда айналымы үшін шығарылатын теңге сарайы Испиджабта орналасқан. Испиджаб IX-X ғасырларда Қарлұқ, Қарахан мемлекеттерінің құрамында болды. Сонымен қатар Испиджаб ірі діни орталық болған.
Тараз. «Ұлы Жібек жолы» бойындағы ортағасырлық ірі қалалардың бірі Тараз болды. Тараз қарахандықтар мен қарлұқтар заманында ерекше гүлденді. Бұл қала Талас деп те аталған. Тараз қаласында Бабаша хатун, Айша бибі, Қарахан кесенелері орналасқан. Тараз қаласы жайында араб саяхатшысы Әл-Макдиси: «Тараз – ірі бекіністі қала, бақтары көп, халқы тығыз, қала сыртында терең ор қазылған, төрт қақпасы және төңірегінде елді мекендері бар. Қаланың орталық бөлігіне кірер қақпа алдында үлкен өзен ағады, өзеннің арғы бетінде де тұрғын үйлер, өзеннен өтер өткелдері бар. Мешіт базар арасына салынған», — деп жазған.
Түркістан (Иасы). Бұл қала алғашында Шауғар деп аталған. Қалада атақты ойшыл, ислам дінінің білгірі Қожа Ахмет Иассауи өмір сүрген (кейіннен Мәуереннахр билеушісі Ақсақ Темір Ахмет Иассауиге VII ғасырда мазар салдырған.) Қаланың Қазақстан мен Орта Азияның діни орталығы ретіндегі беделі өсе берді.
Сығанақ – Сырдария бойында орналасқан ірі сауда орталығы. VII ғасырда Сығанақ қаласы қыпшақтардың саяси орталығы болды.
Баласағұн – ортағасырлық ірі қалалардың бірі. Бұл қала Шу өзенінің бойында орналасқан. Жалпы зерттеулер бойынша Баласағұн қаласы V ғасырда пайда болған. Бір кездері Баласағұн қарлұқтар мен қарақытайлардың астанасы болған. Баласағұнда ұлы ақын, ғалым Махмұд Қашғари еңбек еткен және ақын Жүсіп Баласағұн туған. Баласағұн қаласы Ақтөбе деп аталған.
Достарыңызбен бөлісу: |