Маргулан А. Бегазы-дандыбаевская культура Центрального Казахстана. - Алма-Ата, 1979.
Молдабеков Ж.Ж. Казактану. - Алматы, 2015.
Молтобарова К.И. Мәдениеттану. - А, 2018.
Акишев К.А. Искусство и мифология саков. - А., 1984.
Байпаков К.М. Средневековые города Казахстана на Великом Шелковом пути. – Алматы, 1998.
Гумилев Л.Н. Ритмы Евразии: Эпоха и цивилизации. - М., 1993.
Гумилев Л.Н. Древние тюрки. – М., 2008.
Дәріс 7. Орталық Азияның ортағасырлық мәдениеті.
Жібек жолы: Қазақстан – Шығыс пен Батысты байланыстырушы ретінде.
Әл-Фараби: философиялық, әлеуметтік-этникалық және эстетикалық көзқарастары.
Орталық Азиядағы қалалық мәдениеттің гүлденуі.
1. Ұлы Жібек жолы: Қазақстан Шығыс пен Батыстың мәдени көпірі. Жібек жолындағы сауданың дамуына байланысты экономикалық және мәдени қарым-қатынастың орталығы қазақ жері болды. Батыс пен Шығысты өзара сауда және мәдени байланысын орнатуда Қазақстанның орны мен ролі маңызды болып табылады. Батыс және Шығыстың рухани құндылықтарын қатар меңгере отырып, қазақ жерінде әртүрлі діни идеялар қатар өмір сүрді.
Ұлы Жібек жолы арқылы буддамен қатар христиан діні де тарады. ІХ-Х ғасырларда Тараз бен Меркеде христиандық шіркеулер салынды. Көптеген діндердің таралуы барысында қазақ жерінде сәулет ескерткіштері салынды. ІХ-ХІІ ғасырлардан бастап мемориальды кесене (мавзолей) салына бастады. Оңтүстік Қазақстан мен Жетісуда иран тілі тобындағы соғды тілі сақталды. Осы аймақта семит тілдік семьясының сириялық және араб тілінде сөйлеген кіші топтар болды.
Қаңғар тілі негізінде қыпшақ тілі қалыптасты. «Кумандар сөздігі» (Codex Cumanicus) қыпшақ тілінің сөздігі болған. Қыпшақтар қазақ этногенезінің қалыптасуына негіз салған. «қазақ» - «еркін» мағынасында қолданылды.
Керамика өңдеу, ұсталық кәсіп, зергерлік дамыды. XVғ. қазақ хандығы құрылып, әлемнiң барлық халықтарына тән заңдылықтармен қазақ этносы қалыптасты.
Қазақ этносының құрамына енген негiзгi этникалық компонеттерi - үйсiн, қаңлы, қыпшақ, арғын, дулат, керей, найман, алшын, қоңырат және т.б. тайпалар.
2. Отырар ойшылдарының ең атақтысы, ең мәшhүрі – Аристотельден кейінгі «екінші ұстаз», «Шығыстың Аристотелі» атанған ұлы ғұлама Әбу Насыр әл-Фараби. Оның толық аты жөні Әбу Насыр Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн Мұхамед ибн Тархан ибн Ұзлағ әл-Фараби. Яғни, әл-Фарабидің өз аты Әбу Насыр Мұхамед, әкесінің ныспысы да Мұхамед, бабасының есімі Тархан, арғы атасы – Ұзлағ. Түрік оқымыстыларының Әбу Насыр ныспысының соңына кейде «әл-түрки» деген сөзді қосып, оның түркі текті екенін шегелей түседі. Араб, парсы шежірелерінің деректеріне қарағанда әл-Фараби 870 жылы Арыс өзенінің Сырға құяр тұсындағы Фараб қаласында әскербасының отбасында дүниеге келген.
Әл-Фараби алғаш Отырар медресесінен дәріс алады. Сосын Шаш, Самарқанд пен Бұқара шаһарларын аралап, Бағдадта білім алады. Ол медицина ғылымы мен логиканы Йуханна ибн Хайланнан, жаратылыстану ғылымдары мен грек тілін Әбу Башр Маттадан үйренеді. Әбу Насыр көп дәріс алып, білімін молықтырып, Бағдадқа қайтып оралады. Бар ынта-жігерін фәлсафаны зерттеуге арнайды.
Әл-Фараби – өздігінен оқып жетілген ғалым. Ол ең алдымен грек ғылымын, оның фәлсафасын, әсіресе Аристотельдің еңбектерін қызығып оқыған. Ибн Халиланың айтуына қарағанда Әбу Насыр Аристотельдің «Метафизикасын», «Жан туралы» еңбегін жүз, ал «Риторикасын» екі жүз рет оқып шыққан сияқты. Осындай ыждағаттылығының арқасында ғана ол Аристотельдің ғылыми мұрасын еркін игерген. Оның фәлсафалық еңбектерінің басым көпшілігі грек ғылымдарының, әсіресе, Аристотельдің мұрасын зерттеуге арналған.
Әбу Насыр Аристотельдің «Категория», «Бірінші және екінші Аналитика» сияқты фәлсафалық және логикалық шығармаларына түсіндірмелер жазған.
Сондай-ақ өзі де «Кемеңгерлік меруерті», «Ізгі қала тұрғындарының көзқарасы», «Мәселелердің түп мазмұны», «Ғылымдардың шығуы», «Бақытқа жету» сияқты т.б. көптеген трактаттар туындатқан. Бұл еңбектерінде ол дүние, қоғам, мемлекет және адамдардың өзара қарым- қатынасы туралы өз заманы үшін ой-пікірлерін айтады. Орта ғасырдың өзінде-ақ Әбу Насыр қанаусыз, зорлықсыз бақытты қоғам орнату жөнінде батыл болжам жасаған. Мұндай қоғамның тууын ол мемлекет басшысының ақылымен, білімімен, адамгершілігімен байланыстырған.
Фарабидің қоғамдық-философиялық, жаратылыстану туралы ғылыми көзқарастары орта ғасырлардағы Таяу және Орта Шығыс елдеріндегі мәдениет, философиялық және ғылыми ой-пікірлердің даму нәтижесі болып табылады. Ұзаққа созылған жаулаушылық саясаттың нәтижесінде құрылған жаңа мемлекет Араб халифаты тек қана жерлерді, елдерді, территорияларды қосып қана қоймай мемлекеттік дін дәрежесіне көтерілген ислам идеологиясы біріктірген әртүрлі мәдениеттерді қосып, жаңа қоспа мәдениет туғызды. ІX-X ғасырларда саяси, философиялық ойдың дамуы таптың және діни ағым қайшылықтардың көрінісі болған әртүрлі ағымдар мен кешендердің осы шиеленіскен идеологиялық күресі жағдайында жүрді. Мұндай жағдай философияда айқын көрініс болып табылады.
Фараби өз еңбектерінде құдай бар деп мойындайды. Алайда, ол Аристотельдің ізімен құдай дүниесі бар етуші, қозғалысқа келтіруші тек бірінші себеп – «алғашқы түрткі» ғана, одан кейін табиғат (материя) өз бетімен, өз дайындылығымен құдайға тәуелсіз даму жолына түскен деген идеяны қуаттайды. Керітартпа дін басшылары мен оларды қолдаушы философтар осы сияқты «күпірліктері», қателіктері үшін Әбу Насырды қудалаған кездері болған деседі кейбір зерттеушілер.
Фараби «ақиқат біреу-ақ, оған әржақтан, әртүрлі деңгейден қарауға болады, сондықтан ол туралы түрліше балама қорытындылар жасау мүмкін», – деп санайды. Ол дәуірде материалистік философия жүйесі ашық қалыптаса қойған жоқ болатын. Сондықтан орта ғасырлар заманында философиялық ойдың дамуы құдайды дәріптейтін діни-теологиялық сипат алды. Демек, Фарабидің философиялық ілімі – негізінен дүниені бір құдай жаратты деген қағиданы басшылыққа алған идеалистік ілім. Фарабидің философиялық жүйесінде идеализм мен материализм арасындағы ауытқулар байқалады. Ол бүкіл орта ғасырлар философиясындағы проблемаларды қамтиды. Олар: болмыс жөніндегі ілім, материя және оның дамуы туралы мәселе, адамның тану әрекеті проблемасы, логика мәселелері, ақыл және адамның қоғамдық іс-әрекетіндегі алатын орны, этика, эстетика мәселелері, натурфилософия және ғылымдар методологиясы проблемалары т.б.
Әл-Фарабидің философиясын зерттеушілер оның бұл саладағы трактатын терең талдай келіп, Фарабидің философиялық мұрасында үш басты жайтты атап көрсетеді: дүниенің мәңгілігін тану, детерминизді зерттеу принципі, яғни себептілік сыр-сипатын ашу ғылымы – білімнің қайнар көзі, адам жанының өшпейтіндігін теріске шығарған ақыл туралы ілім. Бұл үш принцип – Фараби философиясының биік шоқтығы және ерекшеліктері болып саналады.
Ақыл туралы ілім Фараби философиядағы ірі жетістіктер санатына қосылады. Мұндағы ақыл ұғымына кең, бүкіл әлемдік мағынада қарастырылып, оның космологиясына тірек болды. Ең жоғарғы сатысы түпкі себепті – Алла иемденеді. Алладан кейінгі екінші сатыны – аспан денелері, болмыстың үшінші сатысы әрекеттегі ақыл және оған сай төрт элементтен (топырақ, су, ауа, от) тұратын ай асты әлемі. Болмыстың төртінші сатысы – адамның жаны. Ең төменгі бесінші сатысын форма мен материя алып жатыр. Бұл схемада бір жағынан әлемнің, аспан мен жердің алшақтығы жайлы ресми мұсылман дінінің қағидаларына сәйкес келсе, екінші жағынан дүниеге материалистік, эволюциялық даму тұрғысынан қарауға мүмкіндік береді. Фарабидің философиялық жүйесінде материяға көп көңіл бөлінеді. Ол ай астындағы дүниенің шын мәнінде бар екенін, оның айдан жоғары орналасқан дүниемен, яғни аспан әлемімен бірлікте болатынын мойындайды. Біздің, яғни айдан төмен жер бетінде орналасқан дүниеде материя мен формадан тұратын заттар, нәрселер – ақиқат. Олар негізгі бастапқы материя болып табылатын төрт элементтердің сан алуан әртүрлі қосылыстарынан тұрады.
Фараби өзінің дүниеге деген көзқарасын социология, этика және эстетика мәселелерін қамти отырып жүйелендіре, нақтылай түседі. «Ізгі қала тұрғындарының көзқарасы», «Бақытқа жету туралы» трактаттарында ол адам қоғамының шығуы, оның өмір сүру формалары, адамның мінез-құлқы, әділетті әкімнің бейнесі туралы ой толғайды. Ол ең әуелі өмір сүріп отырған қоғамның құрылымын талдайды. Адамдар қауымы өмір сүру ортасы ретінде қала халқын алады. Қалаларды жік-жікке бөле келіп, ол кемел де үлгілі құрылым ретінде «Ізгі қаланы» таңдайды, оған жақын келетін және тұрмыстық байланыстағы құрылым – еңбекшілер тұратын «қажеттілік қаласы» деп қарайды. Фараби әрі қарай «алыс-беріс қаласы», «бақытсыздық пен бұзылғандық қаласын» бөліп ажыратады.
3. Сауданың дамуы қалалардың салынуына ықпал етті: Исфиджаб. Кедер, Отырар, Тараз, Баласағұн, Барысхан, Хамукент, Жәкіл, Адақкес. XV-XVIIғ. қазақ хандығын билеген Жәнiбек пен Керей, Қасым, Ақназар, Тәуекел, Есiм, Жәңгiр, Тәуке хандардың тұсында қазақтың шаруашылығы, өмiр сүру дағдылары ғана мес, ел таныған материалдық, рухани мәдениеттерi қалыптасты.
Қасым хан тұсында ,,Қасым салған қасқа жол,, деген атпен халықтың бұрыннан келе жатқан әдет-ғұрпының ережелерi негiзiнде билiк заң үрiстерi елдiк жөн-жаралары салт-дәстүрi бiр жүйеге түстi. ,,Есiм салған ескi жол,, деген атпен қазiргi ұрпаққа жеткен әдет-ғұрып ережелерi одан әрi жетiлдiрiлдi.
XVIIғ. аясында қазақ қоғамындағы ауызша әдет-ғұрып нормалары толықтырылып, жүйеленiп Тәуке хан тұсында ,,Жетi Жарғы,, деген атпен заңдар жинағы шықты. Бұл заңдар жинағында әкiмшiлiк, қылмыстық азаматтық құқық нормалары, салықтар, дiни көзқарастар т.б. ережелер бекiтiлген. Тәртiптi бұзған әрбiр адамға қатаң жазаға ұшырау қаупi төнген.
Қазақ халқының материалдық мәдениетiнiң ерекше ескерткiштерiнiң бiрi – киiз үй зерттеушiлердiң пiкiрiнше, киiз үйдi Еуразия көшпелiлерi I мыңжылдықтың орта шенiнде ойлап тапқан. Киiз үй – көшпелi өмiр салтына ыңғайлы тез құрастырылып, тез жиналатын, көшiп қонғанда алып жүруге жеңiл. Қазақ халықтарының мифологиясында ғарыштың құрылымы былай бейнеледi: жетi қат Жер бар, онда Көктөбе бар, Көктөбе Көктерек өсiп тұр, ол Көкүмбездi тiреп тұр. Бұл бейне киiз үйдiң құрылымына да ұқсас, қазақтың әлем туралы түсiнiгiнде әсерлi бейне – бәйтерек.
XV-XVIIғғ. қазақтардың Орта Азия халықтарымен экономикалық және мәдени байланысының дамуы Қазақстанда ислам дiнiнiң жедел дамуына ықпал еттi. Көшпелi тұрмыс салты құдайға құлшылық ететiн мешiттер, арнайы медреселердiң салуын қиындатты. Сондықтан, намазды кез-келген жерде оқып, халықтың көпшiлiгi құран мен араб тiлiндегi кiтаптарға мұқтаж болуларына байланысты, молданың әрбiр сөзiн айнытпай қайталап, дiни ғұрыптарды орындап, отырды. Қазақ қоғамында ислам дiнi үстемдiк етушi дiнге айналғанмен де, дала көшпелiлерi арасында – пұтқа табынушылық кеңiнен дамыды. қазақтар ата-бабаларының әруақтарын құрметтеп, жер –суға, отқа сиынды. Ата-баба әруағына сиыну халыққа бақыт, береке молшылық әкеледi деп сыйынды. Халық арасында ,,Өлi разы болмай, тiрi байымайды,, деген аталы сөз осыны дәлелдей. Ата-баба аруақтарына құран бағыштап ас берiп, арнайы рулық қорымдарда жерленген.