Ф 03-03 Турсынбаев А. З. «Жалпы физика курсының таңдаулы тараулары»



бет7/18
Дата18.10.2023
өлшемі90,57 Kb.
#118273
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   18
Байланысты:
Семинар

Пікір сайыс. Пікірсайыстың элементтері (айтысу, қарсы пікір айту, айтылған пікірлердің қарама-қайшылықтарын табу) оқытуды ұйымдас тырудың кез келген формаларында пайдаланылуы ықтимал, бұл лекция сабақтарға да қатысты. Лекция-пікір сайыстарда әдетте екі оқытушы сөйлеуге шығады, олар мәселеге байланысты алуан түрлі көзқарастарды принципті негізде қорғауға шығады, немесе қайта өзгеруге епті, артистік қабілетті мықты меңгерген бір оқытушы ортаға шығады. Бірақ көпжағдайда оқытушылар бір-бірімен емес, оқытушылар мен оқушылар немесе оқушылар бір-бірімен мұндай пікірсайыстарды жүзеге асырады.
Пікір сайыстың бағыты тек мазмұнды мәселелер ғана емес, сонымен бірге оған қатысушылардың рухани-өнегелі қарым-қатынастары жайындағы тақырыптарда да өткізілуі мүмкін. Мұндай пікір сайыстардың нәтижелері адамның мінез-құлқына орасан ықпал жасап, оған жаңа кескіндер береді, бұл кейбір моралдық нормаларды жатқа белгеннен, әлдеқайда тиімді нәтижелер береді. Осылайша, пікір сайыстық әдістер оқыту құралы ретінде ғана емес, сонымен бірге, тәрбиелік мәні де ерекше, әрі бұл үдеріс бүгінгі тәрбие құралдарының озық тәсілдерінің бірі.
Семинар-зерттеу – арнайы курстарды жиі қолданылады. Оқытушының болжамы бойынша, семинардың басында студенттерді бірнеше шағын топтарға бөледі, кейбіреулері сабақтың тақырыбы бойынша алдын ала дайындалған мәселені арқау еткен сұрақтардың тізімін алады. Бұл сұрақтарға жауап беру үшін, студенттер бір-бірінің пікірлерімен алмасулары керек әрі «соңына дейін зерттеуді аяқтау керек» мәселесі бойынша кез келген ақпарат көздерін пайдалана отырып, пікірсайыс ұйымдастыруы қажет. Сабақ басталарда шағын топтарда мәселені арқау ететін сұрақтарға жауап беретіндерді және ол жауаптар топтағы қатысушылардың барлығымен өзара келісілгендіктен алдын ала осы жауапты айтатын қатысушының сөзі тыңдалады. Әрбір студенттің шығып сөйлеген сөзі талданады әрі баяндама жасағандар студенттер мен оқытушының қоятын сұрақтарына жауап беруге міндетті. Семинардың соңғы кезеңінде шағын топтағылардың көзқарастарының мазмұнын тереңдету мақсатында барлық студенттік топтардың ұстанымдары түгелімен өңдеуден өтеді. Оқытушы қортынды жасап, студенттердің жұмысын бағалайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет