Ф 03-03 Турсынбаев А. З. «Жалпы физика курсының таңдаулы тараулары»


Білімдерін кәсіби тұрғыда немесе кәсіби шебер пайдалану



бет6/18
Дата18.10.2023
өлшемі90,57 Kb.
#118273
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
Семинар

Білімдерін кәсіби тұрғыда немесе кәсіби шебер пайдалану - бұл сол ғылым саласының тілін еркін меңгеруі, қортындыларды, ережелерді, ұғымдарды, анықтамаларды нақты ғылыми негізде баяндау. Магистрант баяндамашы және қарсылас сапасында сөйлеу мәнерін меңгеруі тиіс, интеллектуалды мәселелер мен міндеттерді қою әрі олардың шешімін табуға біліктіліктері мен дағдыларын меңгеруі тиіс, дәлелдеу және жоққа шығару әрекеттері мен өзінің көз-қарасын мойындату шеберлігін меңгеріп, теориялықдайындығының қолжеткізген деңгейін көрсете білу біліктілігін меңгеруі тиіс. Семинарлық сабақтардың оқытушы алдындағы жеке мақсаттары мен міндеттері – білімдерді қайталау әрі бекіту, бақылау - негізгі мақсат болуы тиіс. Семинарлық сабақтар оқытудың қолайлы формасы, ол оқытушының бағыттаушылық міндетімен бірге, болашақ мамандардың өзіндік жұмыстарын да жылдамдатады. Семинар оқу іс-әрекеттерінің барлық түрлерімен байланысқан, әрі ең алдымен, лекциялық оқыту түрі мен студенттердің өзіндік сабақтарымен байланысқан. Сондықтан семинардың тиімділігі лекция сапасына және студенттердің өзін-өзі дайындау іс-шараларына байланысты.
Семинар сабақтар оқытушының ұйымдастырушылық және басқарушы лық пікір сайыстарының формаларында мақсатты бағыттарда жүзеге асады. Семинарда оқу бағдарламасының ең маңызды деген бөлімдері мен бағдарламаның оқу тақырыптары меңгертіледі. Сонымен қатар, магистрант -тардың дайындаған рефераттары немесе баяндамаларын талқылау әдісі өте кең қолданылады.
ЖОО-да арнайы семинарлар кең қолданылады, олар лекциялық курстың тақырыптарынан тәуелсіз зерттеу жұмыстарын жүзеге асырушы семинар түрі деп есептеледі. Олардың мақсаты болашақ маман өзінің болашақ кәсіби қызметінмен тікелей байланысты ғылыми-тәжірибелік мәселелерді жеке әрі терең мазмұнда меңгерту.
Тақырыптарды талдау әрбір магистрантты белсенді қатысуын қамтама сыз ету арқылы жүзеге асады. Семинарлық сабақтардың заттық мазмұнын таңдау жұмысын мәселелілік принципіне сүйену арқылы орындау шарт әрі пікірсайыстарды, талқылауларды, алған білімдерін шығармашылық нақышта жан-жақты пайдалануға мүмкіндік беретін ең тиімді формасын жасаған абзал.
Дөңгелек үстел принципі – семинарлық сабақтарды белсенді ұйымдас тыру формасы, яғни ұжымдық формасы. Мұндай өзара ықпал жасау формасы кәсіби білім берудің ерекшеліктерін айшықтайды. Оқытушылар мен магистранттардың бір-біріне өзара ықпал етуі мен қарым-қатынастар жасауының ұжымдық құрылымы кәсіби қауымдастық іс-әрекеттердің оқу кескіні болып табылады. Мұндай жұмыс білім беру шарттарында кескінделіп, кәсіби қызмет барысы мен әлеуметтік қарым-қатынастардың заттық контексті мен мәселесін құрайтын терең мазмұнды жасауды болжайды.
Пікір сайыс – қатысушылардың диалогты қарым-қатынастары үдерісінде ұйымдастырылады, оның барысында теориялық мәселелерді талдау әрі шешімін табуда және болашақ мамандардың тәжірибелік ойлауының теориясын меңгеру барысында бірлескен ұжымдық жұмыстар тәжірибелік дағдыны қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Пікір сайыстағы заттық және әлеуметтік қарым-қатынастардың кескіні сапасында студент өзінің баяндамалары мен сөз алуда өз ойын айқын айтуды үйренуі керек, өзінің көзқарасын белсенді нақышта дәлелдеуі, өзінің курстасының қате ұстанымдарын жоққа шығарып, оған белсенді дәлелдер жасауы керек.
Мәселені арқау ететін лекциямен салыстырғанда семинар-пікір сайыста өзара бір-біріне ықпал ету іс-шаралары мен қарым-қатынастарды ұйымдастырудың мәселелі сұрақтары мен дидактикалық құралдардың қызметі әлдеқайда өнімдірек. Өнімді пікірсайысты жан-жақты ашудағы алғы шарт және оқу жұмыстары мен өзіндік жұмыстарды орындау барысында да, студенттердің бұнғы лекция сабақтардан жинақтаған жеке білімдерінің болуы. Семинар-пікір сайысқа қатысушыларға олардың болашақта мамандығы бойынша атқаратын іс-әрекеттерінің мазмұндық контексті барлық оқу істері жүйесінде қарастырылатын өзіндік жұмыстарды әдістемелік негізде мәселені арқау етіп оқу және әдістемелік өңделген негізде болуын қамтамасыз етеді.
Семинар-пікірсайыс формасын дамытудың көрсеткіші іскер ойындар мен «миға шабуыл» элементтерін пайдалану.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет