Ф 03-03 Утебаев А. А. «Экожүйе және құқық» пәнді окуга арналған Әдістемелік нұСҚАУ



бет2/46
Дата04.04.2023
өлшемі1,13 Mb.
#79362
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46
Байланысты:
«Экожүйе және құқық» пәнді окуга арналған МУ Word

НЕГІЗГІ БӨЛІМ
ЖАЛПЫ ЭКОЛОГИЯ НЕГІЗДЕРІ
Дара организмдер экологиясы – аутэкология Биологиялық жүйелердің ұйымдастырылу деңгейлері. Организм жəне оның тіршілік ету жағдайлары. Экологиялық факторлар жəне олардың классификациясы. Антропогендік фактордың əсерінің өзіндік ерекшеліктері. Ю.Либихтың минимум заңы. В.Шелофордтың толеранттық заңы. Толеранттық диапазоны. Стенобиоттық жəне эврибионттық организмдер. Организмдердің тіршілігі үшін негізгі абиотикалық факторлардың экологиялық мəні. Қоршаған ортаның экологиялық сиымдылығы. Популяциялар экологиясы – демэкология Популяция туралы түсінік. Популяцияның статикалық сипаттамалары: популяцияның саны (тығыздығы) жəне биомассасы, жастық жəне жыныстық құрамы. Организмдердің кеңістікте орналасу, орналасудың негізгі типтері: кездейсоқ, біркелкі, топтасып _______орналасу. Олли принципі. Популяцияның динамикалық сипаттамалары: туылымы, өлім-жітімі, тірі қалу қисық сызықтары, өсуі жылдамдығы. Популяция санының экспотенциалдық жəне логистикалық өсуі. Популяция санының реттелуі. Популяция тығыздығына тəуелді жəне тəуелсіз факторлар. Қауымдастықтар экологиясы – синэкология Биоценоз, биогеоценоз, экожүйе туралы түсінік. Экожүйедегі түраралық байланыстардың негізгі формалары (нейтрализм, комменсализм,
протокооперация, мутуализм, жыртқыштық, паразитизм). Түр аралық бəсекелестік – қауымдастықтың түрлік құрылымын сақтаушы негізгі механизмдердің бірі. Г.Ф. Гаузенің бəсекелестік арқылы жою принципі.
Экологиялық қуыс: потенциалдық жəне іске асырылған экологиялық қуыс. Экожүйедегі энергия ағыны жəне химиялық элементтердің айналымы. Термодинамиканың бірінші жəне екінші бастамалары. Линдеманның энергия тасымалының 1% жəне 10% ережелері. Биоценоздың трофикалық құрылымы (продуценттер, консументтер, редуценттер). Қоректік тізбектер жəне трофикалық деңгейлер, қоректік торлар. Экологиялық пирамидалар (сандар, биомасса, энергия пирамидасы). Экожүйелердің өнімділігі (бастапқы жəне туындаушы өнім). Экожүйелердің табиғи дамуы: бастапқы жəне қайталанған сукцессиялар. Экожүйелердің біртұтастығы жəне тұрақтылығы, экожүйелердің тұрақтылық механизмдері. Табиғи экожүелердің тұрақтылық критерийлері жəне тұрақтылығының негізгі көрсеткіштері. Биосфера жəне оның тұрақтылығы Биосфера тұжырымдамасының қалыптасуы. В.И.Вернадский биосфера жəне ноосфера туралы ілімі. Тірі зат тұжырымдамасы. Тірі заттың ғаламдық рөлінің анықталуы. Антропогендік əрекетті қуатты геологиялық жəне геохимиялық фактиорлар ретінде мойындау тұжырымдамасы. Адамның экожүйедегі орны. Биосферадағы заттар айналымы. Əлемдік биогеохимиялық циклдар. В.И.Вернадскийдің негізгі биогеохимиялық заңдары. Қазіргі биосфера. Өндірістің дамуы жəне қоршаған ортаға түсетін салмақтың артуы.
Экологиялық тұрғыдан таза, альтернативті энергия көздерін пайдалану – экожүйелер мен қоғамның тұрақты дамуының маңызды құрамдас бөлігі. Биосферадағы тұрақсыздықтың пайда болуының анторпогендік факторлары Қоршаған ортаға түсетін антропогендік салмақтың өркениет түрлерінің олардың даму сатыларына байланысты жіктелуі. Адамзат қоғамының қалыптасуы мен дамуындағы табиғаттың ролі. Табиғат пен қоғамның өзара қарым-қатынас тарихы: негізгі кезеңдері (биогендік, аграрлық, өнеркəсіптік, ақпараттық), өзгешеліктері жəне сабақтары.. Қазіргі заманның əлемдік экологиялық проблемалары (климаттың өзгеруі, озон қабатының бұзылуы, қышқыл жаңбырлар, шөлдену, биологиялық əралуандылықтың кемуі, Əлемдік мұхитың ластануы жəне т.б.) олардың пайда болу себептері жəне зардаптары. Ауыл шаруашылығы мен өнеркəсіптің қарқынды дамуына байланысты пайда болған экологиялық проблемалар. Қоршаған ортаның физикалық, химиялық, биологиялық ластануы жəне олардың экологиялық-генетикалық зардаптары. Қазіргі заманның əлеуметтік-экологиялық проблемалары жəне тұрақты даму Əлеуметтік-экологиялық дағдарыс жəне тұрақты даму. Халық санының өсуі жəне оның сапалық көрсеткіштерінің өзгеруі.Туылыммөлшеріне əсер ететін факторлар, отбасын жоспарлау əдістері. Урбандалу проблемалары. Кедейшілік жəне табыстың əділетсіз бөлінуі. Энергетикалық дағдарыс проблемалары жəне олардың шешілу жолдары. Əлемдік азық-түлік проблемасы, шешілу жолдары. Ресурстық дағдарыс, себептері мен салдарлары, шешілу жолдары. Жер генофондының өзгеруі, ортаның жалпы агрессивтілігінің артуы, тірі организмдерге көрсетілетін əсерлердің жаңа түрлері. Соғыстар жəне лаңкестік: экологиялық зардаптары. Əскери- өнеркəсіптік кешен жəне тіршілік ету ортасы. Табиғатты қорғау жəне тұрақты даму Қоршаған ортаны қорғаудың принциптері мен əдістері. Ерекше қорылатын табиғи территориялар – қоршаған ортаны қорғау шараларының бір түрі. Генетикалық əралуандылықты қорғау. Биосфералық резерваттар. Қызыл кітап жəне оның биологиялық əралуандылықты сақтаудағы рөлі. Табиғатты ұтымды пайдалану мен қоршаған ортаны қорғаудың теориялық негіздерін құру – тұрақты дамуға көшудің міндетті шарттарының бірі. Экологиялық білім мен экологиялық сауаттылықтың адамзаттың тұрақты дамуын қамтамасыз етудегі рөлі.
Қазақстан Республикасының тұрақты дамуының өзекті экологиялық проблемалары Қазақстан Республикасының табиғи ортасын тұрақсыздандыру процестері, себептері мен салдарлары. Арал аймағының əлеуметтік- экологиялық проблемалары. Ядролық сынақтардың адамзатқа тигізген зардаптары. ҚР территоориясындағы Семей ядролық сынақ алаңы жəне өзге де полигондар. Ядролық қаруға қарсы Невада-Семей қозғалысы. Қоршаған ортаның күйін бағалаудың əдістері мен критерийлері. Экологиялық мониторинг, ұйымдастырылу принциптері. Химиялық, физикалық, биологиялық мониторинг. Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңдары. Қазақстан Республикасындағы халыққа экологиялық білім жəне экологиялық тəрбие беру. Қазақстан Республикасының тұрақты дамуын қамтамасыз ету: Тұрақты даму тұжырымдамасы. Тұрақты даму стратегиясы жəне Қазақстанның тұрақты дамуын қамтамасыз ету механизмдері.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет