Ф 03-03 Утебаев А. А. «Экожүйе және құқық» пәнді окуга арналған Әдістемелік нұСҚАУ


Экологиялық факторлар және олардың жіктелуі



бет8/46
Дата04.04.2023
өлшемі1,13 Mb.
#79362
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   46
2.2 Экологиялық факторлар және олардың жіктелуі

Экологиялық факторлар – бұл экожүйенің және оның сыртқы ортасы компоненттерінің берілген популяция дарақтарына, сондай-ақ олардың бір-бірімен және басқа популяциялар дарақтарымен қатынастарының сипатына тікелей әсер ететін қасиеттері.


Экологиялық факторларды бірнеше критерий бойынша жіктейді (1.3-сурет).
1.Оларды сыртқы (экзогенді) және ішкі (эндогенді) деп бөледі. Сыртқы факторлар күн радиациясы, атмосфералық қысым, ауаның температура және ылғалдылығы, жел, су ағысының жылдамдығы болып табылады. Ішкі факторларға популяциялардың саны, тығыздығы және құрылымы, қорек және оның қол жетерлігі, экожүйелік айналымға қатысатын заттардың шоғырлануы болып табылады.
2.Экологиялық факторларды сондай-ақ императивті (тіршілік ету шарттары – қорек, су, жылу, жарық, оттегі, оларсыз организмнің тіршілік етуі және дамуы мүмкін емес) және әсер ету факторлары (тұрақсыз әсер етеді, бірақ тіршілік әрекетінің әр түрлі байқалуына және организмдердің таралуына әсер етеді, – мысалы, күн мен түннің периодтылығы) деп бөледі.
3.Экологиялық факторларды абиотикалық (органикалық емес, тірі емес табиғат факторлары) және биотикалық (тірі табиғат факторлары) деп бөледі. Абиотикалық факторлар температура, ылғалдылық, күннің жарығы, қысым және басқа климаттық және геофизикалық факторлар; ортаның өзінің табиғаты – ауа, су, топырақ (эдафиялық факторлар); ортаның химиялық құрамы; радиацияны иондайтын және өткізетін физикалық өрістер (гравитациялық, магниттік, электрмагниттік), табиғаттағы тәуліктік және маусымдық өзгерістер болып табылады.
Биотикалық факторларға тірі организмдердің бір-біріне жасайтын өзара әрекеттерінің бүкіл қосындысын жатқызады. Олар үш негізгі топқа бөлінеді: топикалық, қоректік, генерациялық. Топикалық факторлар организмдердің бірлесіп мекендеуі негізіндегі өзара қатынастарын анықтайды. Қоректік факторлар организмдердің бірлесіп қоректенуі негізіндегі өзара қатынастарын анықтайды. Генерациялық факторлар организмдердің көбеюі негізіндегі өзара қатынастарын анықтайды. Биотикалық факторлар сондай-ақ түр ішіндегі және түр аралық өзара әрекеттермен қамтамасыз етілген. Түр ішіндегі факторлар – бұл отбасы, топ, табын арасындағы байланыстар, бір түрлі популяциялар: жыныстардың қатынастары, көбею, ұрпақтың күтімі, иерархия және т.с.с. Түр аралық факторлар – әр түрлі дарақтар мен популяциялар арасындағы қатынастар, алуан түрлі қоректік байланыстар, жыртқыштық, симбиоз, паразитизм және т.с.с.
4.Адамның қызметінен шыққан антропогенді факторлар ерекше топты құрайды. Олардың бір бөлігі табиғи ресурстарды шаруашылықта қолданылу-дан қалдырумен, табиғи ландшафттардың бұзылуымен, табиғи кешендерді ғимараттармен, коммуникациялармен, үйінділермен, су қоймаларымен байла-нысты. Басқа антропогенді әсерлер табиғи ортаның жанама өнімдермен, өндіріс және тұтыну қалдықтарымен ластануымен байланысты. Өндіріспен, техниканы қолданумен, өнеркәсіптің, көліктің, құрылыстың табиғи экологиялық жүйелер-ге және адамды қоршаған ортаға әсерімен байланысты антропогенді фактор-лардың басым бөлігі техногенді факторлар деп аталады.



1.3-сурет - Экологиялық факторларды жіктеу
Жоғарыда көрсетілген факторлар категориялары арасындағы шекаралар ылғи да анық болмайды. Кейбір абиотикалық факторлардың биогенді немесе техногенді (ауаның құрамы, қалалық микроклимат) шығу тегі бар, ал антропо-генді факторлардың биотикалық және абиотикалық сипаты болуы мүмкін.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет