Ф 03-03 Утебаев А. А. «Экожүйе және құқық» пәнді окуга арналған Әдістемелік нұСҚАУ



бет38/46
Дата04.04.2023
өлшемі1,13 Mb.
#79362
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   46
Байланысты:
«Экожүйе және құқық» пәнді окуга арналған МУ Word

Баламалы энергия көздеріне көшу
Баламалы энергия көздерінің әлемдегі және Қазақстандағы ролі.
Әлемдік экономикалық-қаржы дағдарысының күшейе түсуі, жаһандық турбуленттіліктің салдары жалпы ел экономикасына және отандық қаржы секторының жай-күйіне әсер етіп отыр. Банктердің кредиттік белсенділігінің елеулі түрде кемуі, мұнай қорының сарқылуы мен бағасының өзгерісі, қазақстандық экспорттың негізгі баптарына бағаның құлдырауы, импорт тауарларына деген бағаның инфляциялануы және олардың экономикалық өсімнің серпінділігіне ықпалы, қаржыландырудың дәстүрлі дереккөздерінің елеулі шектелуі еліміздегі қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету және қаржы жүйесіне деген сенімділікті сақтау мақсатында мемлекет тиімді қаржы-экономикалық саясат жүргізуі тиіс. Ол үшін мемлекет экономиканы баламалы жолдармен дамытуды қарастыру керек. Ол балама жолдар:
-үнемді экономикаға көшу;
-жасыл экономиканы қолдау;
-өңдеу саласын дамыту;
-мұнайсыз экономиканы қалыптастыру;
-мұнайға балама қуат көздерін пайдалану;
-шетелдік тауарларға тәуелділікті төмендету, экспорт әлеуетін жақсарту, отандық өнімдерді жамыту;
Қазақстан экономикасын дамытуда балама жолдар арқылы тұрақты экономикалық өрлеуге жол ашылады. Баламалы жолдарды таңдауда бірден бір себеп, қазіргі таңда пайдаланып отырған мұнай мен пайдалы қазбалар болашақта сарқылу жағдайында бүкіл әлемдік дағдарыстың алдын алу болып табылады.
Бейресми ақпарат көздеріне сүйенсек, жер бетіндегі көмір қоры 130 жылға, мұнай қоры 50 жылға, уран қоры 90 жылға жетеді. Бүгінде мұнайсыз өркениет – өлі шаһар. Көліктер жүрмесе, үйлер жылытылмаса, жарық бол¬маса не болады? Осындай сал¬дардан егін себілмесе, қажетті тағамдар өндірілмесе – ғаламшарды аштық пен үлкен экономикалық-экологиялық атап жайлауы мүмкін. Қазақстан мұнайдан түсімді 2017жылы 102 млн тоннаға жеткізуді көздеп отыр.
2011 жылдың соңында жүргізілген есеп бойынша Қазақстандағы мұнай қоры 30 млрд баррельді құрап отыр. ВР ком¬паниясының жүргізген мони¬торингі бойынша Қазақстан тәулігіне 1,68 млн баррель мұнай өндіруде. Мұндай қарқынмен өн¬дірілген мұнайдың 50 жылда-ақ түбі көрінуі мүмкін. Адамзат пай-даланатын тұрмыстық заттар¬дың 90 пайызы қара алтыннан өңделген өнімдер. Қазіргі таңда құны небәрі 5 теңге тұратын по¬лиэтилен пакеттердің өзін қы¬рық жылдан кейін таппай қа¬луымыз мүмкін. Егер біз балама жолдарды қарастырмасақ, болашақта осы әлемдік экономикалық-экологиялық дағдарыстың жайпауы салдарынан адамзаттың өмір сүруі сұраққа айналуы мүмкін.Гидроэнергия. Кейбір деректерге сүйенсек, Қазақстан территориясы бойынша гидроэнергетикалық ресурстар тең бөлінбеген, олардың үлкен бөлігі Қазақстанның негізгі үш аймағында шоғырландырылған:
1) Оңтүстік-Шығыс аймағы, Іле өзені бассейні, Шығыс Балқаш көлі бассейні және Алакөл көлдерінің топтамасы бассейні;
2) Шығыс аймағы, Ертіс өзені бассейні;
3) Оңтүстік аймағы, Сырдария, Талас, Шу өзендерінің бассейні.
Қазақстан үшін энергияның жаңартпалы басым көздерінің бірі ретінде жел энергетикасы саласы саналады.2014 жылы Қазақстанда электроэнергияның жаңартылатын ресурстарын өндіру энергияны тұтынудың жалпы көлемінде 1 пайыздан асады деген болжамдар айтылады. Экологиялық жағынан таза технологияларды дамыту үшін электроэнергияны өндірудің жалпы көлемінде энергияның жаңартылатын көздерінің үлесін арттыру қажет.

Энергия:

Артықшылығы

Тас көмір

Шикізат ретінде де, энергия көзі ретінде де сұранысқа ие.

СЭС

Экологиялық тұрғыдан «та­­за» саналатын су электр стан­салары мен атом электр­стансалары әлемдік жалпы эн­ергияның 5 пайызын қамтып от­ыр. Дамыған елдерде жалпы эн­ергияның 17 пайызын, да­мушы елдерде – 31 пайызын СЭС-ы қамтамасыз етуде. Да­мушы елдерде соңғы жыл­дары әлемдегі ең ірі СЭС-тар салынуда.

АЭС

Салыстырмалы түрде ең арзан электр станциясы.

Мұнайға баламалы энергиялар:
Күн, жел, биомасса энергиясы және толқындық энергетика

Күн энер­гетикасында көшбасшыға ай­нал­ған Германияның үлгісі ерекшеленеді. Жапониядағы апат­ты жағдайдан кейін Германия Үкі­меті атом энергетикасынан то­лығымен бас тартуға шешім қа­былдаған. 2011 жылы елде 8 АЭС-тің жұмысы тоқтатылса, қал­ған 9 АЭС 2022 жылға қарай пайдаланымнан шығарылмақ. Бү­гінде Германияда өндірілетін жал­пы электр энергиясының 20% балама қуат көздерінен алынуда. Болашақта мемлекет бұл көрсеткішті 100% жет­кізуді көздейді. Қазақстанда жел энергети­касының потенциалы өте жо­ғары (секундына 10 метр) 10 елді мекен бар. Жоңғар қақ­пасында жел жылдамдығы 40-50 метрге жетеді. Қазақстанның оңтүстік ай­мағындағы территориялар күн энергетикасын дамытуға өте ыңғайлы



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет