Осы саннан оқитындарыңыз: Құрылыс калейдоскопы: екінші жарты жылдық қоры- тындысы



Pdf көрінісі
бет1/8
Дата27.03.2017
өлшемі3,4 Mb.
#10473
  1   2   3   4   5   6   7   8

BAZIS

NEWS


№12-1

01/01


2016

Осы саннан оқитындарыңыз:

Құрылыс калейдоскопы: 

екінші жарты жылдық қоры-

тындысы

«БАЗИС» қалай білікті 

мамандар ұстаханасына 

айналды  

2016-шы жылы Астанада 

Қазақ ұлттық хореография 

академиясы ашылады

«БАЗИС» Астанада техникалық шешім-

дерінің  күрделілігі,  архитектурасы  мен 

функционалдық мүмкіндіктері бойынша 

баламасы жоқ Қазақ ұлттық хореография 

академиясын  салып  жатыр.  Құрылыс 

алаңында  құрылыс  саласының  1000-ға 

жуық  маманы  жұмыс  істеуде,  жұмыс 

күні-түні жүруде және 2016-шы жылдың 

күзінде академияның есіктері оқушылар 

үшін айқара ашылмақ. Қазақ ұлттық хо-

реография  академиясының  құрылысы, 

инфрақұрылымы мен функциялары жай-

ында BN-ге нысанның басқарушы дирек-

торы Жарқын Сейтжапарұлы Әлімжанов       

8 бетте

 айтып береді.

Кез-келген  кәсіпорын  үшін  басты  құн-

дылық  –  білікті  кадрлар.  Алайда,  оқу 

бағдарламалары көбіне нарықтың нақты 

қажеттіліктерінен  әлдеқайда  алыс,  ал, 

студенттердің  тәжірибесіне  бөлінетін 

уақыт  жұмыстың  қыр-сырын  игеруге 

жеткіліксіз.  «БАЗИС»  компаниясы  жас 

мамандарды  өз  құрылыс  алаңдарында 

оқу орындары мен білім мекемелерімен 

бірге  өсіруде.  2013-ші  жылдан  бері 

HR-департамент  қызметкерлері  іске 

асырып  келе  жатқан  «Келешек  Іскер» 

кадрларды оқыту мен дайындау арнайы 

бағдарламасының нәтижелері жайында        



20 бетте

 әңгімелейміз.

«БАЗИС» құрылыс компаниясының 

өтіп  бара  жатқан  2015-ші  жылдағы 

қызметін  қорыта  отырып  мақтан 

тұтар  дүниелеріміз  бар  деп  сенімді 

түрде айта аламыз! Осы кезең ішінде 

құрылысшыларымыз Алматы, Аста-

на, Талдықорған, Қорғас, Жезқазған, 

Сексеуілді және Қазақстанның өзге 

де  өңірлерінде  түрлі  мақсаттағы  22 

нысанда  еңбек  ете  отырып  ауқым-

ды  жұмыстар  атқарды!  Құрылы-

сы  аяқталған  және  жүріп  жатқан 

барлық  нысандар  туралы  қысқаша  

16 бетте 

баяндаймыз.

Жана Жылынызбен!

BAZIS NEWS-пен бірге 2015-

ші жыл қорытындысы 

Жаңа  жыл  қарсаңында  біз  редакци-

яның  өткен  жылдағы  жұмысын  са-

раптау  үшін  BAZIS  NEWS  газетінің 

бүкіл  мұрағатын  көтердік.  Сіздердің 

арқаларыңызда,  қымбатты  әріпте-

стер,  бұл  жылды  өте  мазмұнды  әрі 

қызықты  өткізгенімізді  көрдік.  Га-

зетіміздің  беттерінде  талантты  әріп-

тестеріміз  бен  олардың  балалары, 

отбасылары  мен  тұтас  әулеттері  ту-

ралы жазып келеміз. Компаниямызда 

білікті де талантты қызметкерлердің 

еңбек ететініне көзіміз жетті. 2015-ші 

жылы 300-ден астам адам мақалала-

рымыздың  кейіпкері  болды.  Біздің 

есебімізді 

12 беттен

 оқыңыздар.



Мұзды арена

қонақтарды қабылдайды

12 000 орындық Мұзды аренаның б және В блоктарының 

құрылысы уақытынан төрт ай алда келеді.

Жаңа жыл қарсаңында 30-шы желтоқсанда 12 000 орындық Мұз сарайында шағын мұз аренасы мен екі бассейні 

бар спорт кешені ашылды. Алматы әкімі Бауыржан Байбек, жергілікті атқарушы билік өкілдері, Алатау ауданының 

тұрғындары, кәсіпкерлер, блогерлер, БАҚ және құрылысшыларымыз қазақстандық жас спортшылар командаларының 

Универсиаданың басты нысанында өткен көрнекі орындауларының алғашқы көрермендері болды. Мұз сарайының 

құрылысы ең жоғарғы деңгейде барлық халықаралық нормалар мен стандарттар сақтала отырып жүргізілуде. Құрылыс 

мерзімінің кестеден төрт ай алда келе жатқанын айтқан жөн. 

Анықтама:

12  000  орындық  Мұз  сарайы  –  Қа-

зақстандағы ірі спорт ғимараты – 10,7 га 

аумақты  алып  жатыр  және  үш  блоктан 

тұрады. А блогы – 12 000 орындық Мұзды 

аренаның  өзі,  Б  блогында  450  көрермен 

сыятын    мұз  айдыны,  В  блогында  –  екі 

бассейн  (10  және  25  метр)  және  спорт-

тық-сауықтыру  кешені  орналасқан.  Мұз 

сарайының  құрылысы  кезең-кезеңмен 

жүргізілуде.  30-шы  желтоқсанда  Б  және 

В  блоктарының  тұсаукесері  өтті.  2017-

ші жылы өтетін Универсиадаға салынып 

жатқан ірі спорт нысаны – 12 000 орын-

дық  Мұзды  арена  пайдалануға  2016-шы 

жылдың 3-ші тоқсанында беріледі.   



Мұз айдыны мен жүзу бассейні 

пайдалануға беруге дайын 

30-шы желтоқсан күні 2017-ші жыл Уни-

версиадасының  басты  нысанында  таң  атпай 

тіршілік  қайнап  жатты:  Мұз  сарайының  Б 

және  В  блоктарында  жастар  командалары 

хоккей,  мәнерлеп  сырғанау  және  синхронды 

жүзуден  өнер  көрсетуге  дайындалып  жатты. 

Жоғары  лауазымды  қонақтарды  күткен  жі-

гіттер  мен  қыздар  (бірі  костюмдерімен  көзге 

түсіп, енді бірі хоккей саймандарын көрсетіп) 

номерлерін қызу дайындап, бағдарламаларын 

үздіксіз қайталап, қимылдарын жаттықтырып 

жатты.  Кәсіби  аппаратура  мүлтіксіз  жұмыс 

істеп  тұрды,  бүкіл  бағдарлама  бүге-шүгесіне 

дейін пысықталды. 

Анықтама:

Құрылысшыларымыз Б және В блок-

тарының  құрылысын  мерзімінен  ерте 

аяқтады. Желтоқсан айында әрлеу жұмы-

старын 650 құрылысшы атқарды. 

Осыдан  бір  ай  бұрын  ғана  құрылыс 

әл-әзір  бітпейтіндей  көрінетін.  Алайда, 

жігіттеріміз Жаңа жыл алдында ғаламат 

тірлік  жасады.  Тұсаукесер  өтетін  күні 

ерлер  киетін  арнайы  киімдерінің  тасасынан 

қыздарға  тән  нәзіктік  сезіліп  тұрды.  Іле-шала 

конькишілер  шығып,  салтанатты  саз  астында 

құрмет шеңберін жүріп өтті. Мұзды шоу көрер-

мендер дуылдата қол соққан барлық спортшы-

ның жалпы өнер көрсетуімен аяқталды. Бұдан 

әрі әкім бастаған қонақтар синхроншы қыздар-

дың бассейндегі әдемі қойылымын көру үшін 

В блогына бет алды. Қыздардың Қазақстанның 

маңдайалды  спортшылары  екендігін,  халықа-

ралық жарыстарда жұп болып өнер көрсетуден 

16-шы орын алғандығын айта кету керек. 

Анықтама:

В блогы өзінің ауқымдылығымен қай-

ран  қалдырады.  Сыртынан  қарағанда  А 

және  Б  блоктарынан  үлкен  емес  болып 

көрінгенімен іші кең – 10 және 25 метрлік 

екі  бірдей  бассейн,  үлкен  жаттығу  залы 

мен  болашақ  басқарушы  компанияның 

жұмысына қажетті көптеген кең әрі жарық 

жайлар бар. 

6  жүзу  жолы  бар  25  метрлік  бассейн 

ең  соңғы  үлгідегі  әлемдік  стандарттар-

мен жабдықталған. Мұнда сондай-ақ, па-

раолимпиадашыларға  арналған  арнайы 

көтергіш  қарастырылған.  Қаланың  өзге 

спорт  алаңдарында  мұндай  сирек  кезде-

седі.  Мұндай  қондырғы  параолимпиада 

жарыстарын  өткізуге  мүмкіндік  беріп 

қана қоймайды, сонымен қатар, спортпен 

шұғылданғысы  келетін  мүмкіндігі  шек-

теулі  немесе  денсаулығын  сауықтырып 

жүрген адамдарға қолайлы жағдай жасай-

ды. В блогындағы барлық жайлар қазірдің 

өзінде озық жарық дыбысты қондырғымен 

жабдықталып қойылған. 

Аумағы  ат  шаптырым  жаттығу  залын 

оп-оңай  тұсаукесерлер  мен  пресс-кон-

ференциялар  өткізуге  болатын  конфе-

ренц-залға айналдыруға болады. 

В блогының жалпы аумағы – 7948 м

2

.  



«БАЗИС»  компаниясының  өкілдері  мен 

Универсиада  еріктілері  қонақтарды  ав-

торлық дизайнмен жасалып, спорт тақы-

рыбымен  безендірілген  әсем  холлдарда 

қарсы алды.  Көрермендер мұз айдыны 

аренасының  әсем  залына  сүйсінді,  ал,   

спортшылар  алғашқы  мұздың  сапасын 

байқап көрді.

Мұз айдынының қабырғаларына әр-

леушілеріміз ғана емес, сонымен бірге, 

кәсіби суретшілер де үлесін қосқан «ал-

маты таулары» көрік беріп тұр. Ыңғай-

лы  трибуналардан  мұз  алаңы  алақан-

дағыдай  көрінеді.  Ең  соңғы  үлгідегі 

дыбыс аппаратурасының сапалы дыбы-

сына қарап керемет акустиканы сезіну-

ге  болады.  Ал,  мұздың  өзі  ең  жоғарғы 

халықаралық  стандарттарға  сай  және 

1800  м

2

  аумақты  алып  жатыр,  шайба-



ның ұшу жолын дәл тіркейтін тетігі бар 

хоккей  қақпалары,  мығым  борттар,  ко-

мандалар мен қазылар отыратын орын-

дар,  жарық  қондырғысы  мен  жарысты 

трансляциялауға  арналған  үлкен  экран 

кәсіби сайыстар өткізуге өте қолайлы. 



Табысты бизнесті дамытуға жағдай 

жасайтын жаңа мүмкіндіктер 

Әдемі 


спорттық-сауықтыру 

шоуы 


аяқталғаннан соң сол күні конференц-залға ай-

налдырылған жаттығу залында Алматы әкімі 

Бауыржан Байбек бизнес қоғамдастыққа Мұз 

сарайының мүмкіндіктерін таныстырды. 

«2017-ші  жылғы  Универсиаданың  ең  ба-

сты нысаны –  12 000 орындық Мұзды арена-

ның  құрылысы  кестеден  алда  келеді»,  –  деп 

бастады сөзін Алматы әкімі Бауыржан Байбек. 

«Бүгін Универсиадаға дайындық аясында мем-

лекет басшысының тапсырмасымен Алатау ау-

данында салынып жатқан «он екі мыңдықтың» 

мүмкіндіктерінің кішігірім тұсаукесері өтті», – 

деді әкім қатысушыларға арнаған сөзінде. 

Қала  басшысы  2017-ші  жылғы  Универ-

сиаданың  тәуелсіздік  жылдары  ішіндегі  Ал-

матыда 2011-ші жылы өткен Қысқы азия ой-

ындарынан  кейінгі  ең  үлкен  спорт  оқиғасы 

болатынын  және  қаламызды  жаңа  стандарт-

тарға көтеретінін еске салды.   

«Бүгін  жүзу  бассейнінің  тұсаукесерін 

жасаған  «БАЗИС»  компаниясының  барлық 

құрылысшыларына алғыс айтқым келеді. Мұз 

алаңының бүгін іске қосылғаны өте маңызды 

Б  блогында  көптеген  жайлар  бар. 

Оларға  уақыт  өте  спорт  секциялары,  ас-

ханалар,  дәмханалар  және  басқа  да  ин-

фрақұрылым нысандары орналасады. 

Б блогының Мұзды аренасы жарыс өт-

кізуге де, жаппай сырғанауға да арналған, 

ал, ауқымды чемпионаттар өтетін күндері 

ол  спортшылардың  жаттығу  алаңы  қыз-

метін атқарады.     

Б блогының жалпы аумағы – 20175м

2

.



Қонақтар келіп, трибуналар толғаннан кей-

ін әсерлі шоу басталды. Спортшылар салтанат-

ты саз астында мұз айдынына шыққанда бүкіл 

зал  оларды  ду  қол  шапалақпен  қарсы  алды 

–  бір  жылдан  сәл  асар-аспас  уақыттан  кейін 

28-ші Дүниежүзілік қысқы Универсиадада Қа-

зақстанның  намысын  дәл  осы  жас  та  талант-

ты өрендер қорғайтын болады. Бірінші болып 

жас  мәнерлеп  сырғанаушылар  шықты.  Олар 

«Дала  рухы»  биін  орындады.  Мұнан  соң  зал 

бүкіл спорт киімін киіп шапшаң шыға келген 

жастардың хоккей командаларын қарсы алды. 

Хоккей командаларының арасында тек жігіттер 

ғана емес, қыздар да болды. Хоккейдің әдетте 

әрі қуанышты оқиға. Хоккейшілер мұзда ой-

ынды бүгін өткізуді өтінді. Барлығы да мұздың 

сапасына таң қалуда», – деп атап өтті Бауыр-

жан Байбек. Сондай-ақ, әкім мұзды аренаның 

жыл  бойы  жұмыс  істейтінін  атап  көрсетті. 

«Қыста бұл жерде спорттық шаралар, ал, жаз-

да – түрлі шоу бағдарламалар өтетін болады. 

Құрылысшыларымыздың («БАЗИС» құрылыс 

компаниясы ред.ескерт.) әлеуметтік жауапкер-

шілік  аясында  бір  жарым  миллиард  теңгеге 

жарық-дыбыстық  қондырғы  сатып  алғанын 

атап  өткім  келеді.  Мұнда  баскетбол,  волей-

бол, теннис жарыстары мен түрлі концерттер 

өткізуге  болады.  Мұз  трансформацияланады, 

сондықтан, кез-келген мәдени-демалыс шара-

ларын ең жоғарғы деңгейде өткізуге болады», 

– деп атап өтті әкім. 

 «Универсиада – бұл тек дамудың бастама-

сы  ғана.  Халықаралық  дәрежедегі  спорттық 

шаралар өткеннен кейін бұл нысандарды қала 

тұрғындары  пайдаланатын  болады»,  –  деді 

Алматы әкімі жиналғандарға және бизнесмен-

дерді нысанның ауқымы мен мүмкіндіктеріне, 

оның  инфрақұрылымына  назар  аударып,  ғи-

мараттың мүмкіндігін жүзеге асыруға кірісуге 

шақырды. 



(Басы. Соңы 4 бетте)

3

BAZIS NEWS №12-1/ 01.01.2016



2

ҚұрЫлЫС ЖАңАлЫҚТАрЫ



жаңа жыл қарсаңындағы қайырыМды істер күні! 

Жаңа жыл – барлық бала біткен де, ересектер де ғажайыпты күтетін мереке! Алайда, өкінішке орай, мерекенің 

қызығын толығымен сезіне алмайтын және оны үйде емес, туған-туыстардан жырақта өткізетін балалар да бар 

– олар денсаулығына байланысты ауруханада жатқан балалар. Қуанышқа орай, жан жылуын оны қатты қажетсін-

гендерге шын жүректен сыйлағысы келетін адамдар да бар.  

«Базис»  компаниясы  қайратты  да  қажы-

рлы,  сөйте  тұра,  жүрегі  сезімтал  әрі  нәзік, 

мейірімге толы адамдар салып жатқан берік, 

монолитті  ғимараттар  тұрғызуда.  Осынау 

жаңа жыл қарсаңында компаниямыздың қыз-

меткерлері «Қайырымды істер күнін» өткізді 

және  Жаңа  жыл  алдында  Алматы  мен  Аста-

наның балалар ауруханасының кішкентай ем-

делушілеріне  көптен  күткен  жарқын  мереке 

сыйлады. Базистіктер аурухана емделушілері-

не  сыйлықтарды  Аяз  атамен,  Ақшақармен 

және  ертегі  кейіпкерлерімен  бірге  тапсырды. 

Балалар сыйлықтарға шын қуанды, шын күл-

ді,  интерактивті  ойындарға  қуана  қатысты. 

Тосқауылдарды еңсеріп, бір сәт сырқаттарын 

ұмытқан  олар  жаңа  жылдық  ертегіге  жан-

тәнімен беріліп, мерекелік шыршаны жақты. 

Алматы  мен  Астанада  барлығы  600-ден 

астам балаға қуаныш сыйлай алдық. Біз үлкен 

болмаса да, балалар қатты күткен ғажайып ме-

реке жасадық! 



Аяз ата, Ақшақар және барлығы 

26-шы желтоқсанда «БАЗИС» компаниясы-

ның  қызметкерлері  Аяз  атамен,  Ақшақармен 

және клоун Пончикпен бірге Астана қаласын-

дағы № 2-ші балалар клиникалық ауруханасы-

ның кішкентай пациенттеріне жаңа жылдық ме-

реке ұйымдастырды. Балаларға тәтті сыйлықтар 

мен кітаптар тарту етілді.  «Барлығы үлкен әсер 

алды.  Балалар  Аяз  ата  мен  Ақшақардың  кел-

геніне, қызметкерлеріміздің өздеріне көп көңіл 

бөлгеніне таң қалды әрі қуанды. Барлығының – 

кішінің де, үлкеннің де көңілі толды», – дейді 

Астана қ. жарнама бөлімінің бастығы Валерия 

Юдина. Ол балалардың күлкісі мен жүрекжар-

ды қуанышы қызметкерлеріміздің ешқайсысын 

бей-жай қалдырмағанын айтты. 

29-шы  желтоқсанда  Алматының  Орталық 

қалалық клиникалық ауруханасында жатқан ба-

лаларға арналған мереке өтті. Жаңа жыл алдын-

да  аурухана  төсегіне  таңылған  балалар  бала-

бақшалар мен мектептердегі таңертеңгіліктерге 

қатыса  алмағандықтан  «БАЗИС»  компаниясы-

ның қызметкерлері ұйымдастырған жаңа жыл-

дық мереке кішкентай пациенттерге жағымды 

эмоциялар сыйлап қатты қуантты. 

Ертегі кейіпкерлері көңілді интерактивті ой-

ындармен,  жұмбақтармен,  билермен  балақай-

лардың көңілін көтерді.

«Сіздердің компанияларыңыздың қызметкер-

лерінің  балаларға  осындай  тамаша  мейрам  ұй-

ымдастырғанына  өте  қуаныштымын.  Көптеген 

балалар сырқаттары мен жарақаттарына байла-

нысты өздерінің балабақшалар мен мектептерде-

гі жаңа жылдық таңертеңгіліктерін өткізіп алды. 

Ал, біз, ата-аналар, екі есе қуанулымыз, себебі, 

балаларға мереке қатты ұнады», – дейді перзенті 

жаңа жылдық мерекелердің дәл қарсаңында ау-

руханаға түсіп қалған аналардың бірі. 

Ойын-сауық бағдарламасынан кейін Аяз ата 

мен  Ақшақар  біздің  қызметкерлерімізбен  бір-

ге  палаталарды  аралап,  балаларды  құттықтап, 

оларға сыйлықтар табыс етті. Балалар Аяз ата-

мен, Ақшақармен және әріптестерімізбен қуана 

суретке  түсті.  Әсерге  толы,  әсем  де  мейірімді 

мереке болды. 

«Балаларға көңіл бөліп, оларға мереке сый-

лап,  сыйлықтар  тарту  еткен  компания  қызмет-

керлеріне  әкімшілік  атынан  және  жеке  өзімнің 

атымнан үлкен рахмет айтқым келеді. Балалар-

дың  көңілі  көтерілді,  қатты  қуанды.  Осындай 

қайырымдылықпен көбірек айналысу қажет деп 

есептеймін.  Жаңа  жылда  барлығына  сәттілік 

серік болсын», – деген тілегін білдірді балалар 

емханасының өкілі Надежда Ивановна Аксёнова. 



Шын жүректен алғыс білдіреміз

Қайырымды  акцияға  қатысқысы  келген-

дердің  барлығы  бірдей  балаларға  бара  алған 

жоқ. Бөлімшелерге тек жақын адамдарға және 

санаулы  ғана  келушілердің  кіруіне  рұқсат 

етілетіні  белгілі.  Алайда,  осыған  қарамастан 

қызметкерлеріміз  қатары  көп  бола  қоймаса  да 

балаларды  құттықтай  алды.  Біз  оларға  үлкен 

алғысымызды білдіреміз. 

Құттықтаушылардың  астаналық  команда-

сының  мүшелері:  Юдина  Валерия,  Ахметов 

Мұрат, раев Қасымжан, Дробот Вадим, Отжа-

нов Тоқтар, Сұлтанмұратов Нұрлан,Оразалинов 

Ерлан, Маралбаева Мөлдір, Жолтақсынова Па-

рида, Алтынбекова Гүлмира, Абдеева Гүлжан.

Алматылық  команданы  үш  адамға  дейін 

қысқартуға тура келді. Олар Светлана Федото-

ва, Татьяна Майорова и любовь Ульбашева.

Алайда,  біз  ауруханалардың  талаптарына 

түсіністікпен  қарадық  және  әкімшілікке  па-

циенттердің  халін  сұрап,  оларды  Жаңа  жыл-

мен  құттықтауға  мүмкіндік  бергені  үшін  шын 

жүректен алғыс айтамыз.

BN-нен:

Базистіктер  компаниямызда  жүрегі  үлкен 

және мейірімді адамдардың еңбек ететінін тағы 

бір дәлелдеген қайырымды әрі маңызды акция 

өткізді. Барлық балаларды Жаңа жылмен шын 

жүректен  құттықтаймыз  және  оларға  мықты 

денсаулық, табыс және 2016-шы жыл бойы сәт-

тілік серік болуын тілейміз! 



Өз ісінің шеберлеріне арналған 

лайықты марапат 

Пресс-конференциядан кейін Алматы әкімі 

Бауыржан Байбек Алматы қаласының дамуы 

мен  2017-ші  жылы  өтетін  Универсиаданың 

басты нысаны 12 000 орындық Мұз сарайы-

ның құрылысына қосқан үлесі үшін «БАЗИС» 

компаниясының бірқатар қызметкеріне мақтау 

қағаздарын өз қолымен табыс етті. 

«Бұл шаһар тығыз кестемен жұмыс істеп 

жатқан  құрылысшыларымыздың  қолымен 

салынуда.  Көп  нәрсе  менеджментке,  қаржы-

ландыруға,  біліктілікке  байланысты.  Сіздер-

ге мықты денсаулық тілеп, еңбектеріңіз үшін 

алғыс айтқым келеді», – деді Бауыржан Байбек 

құрылысшыларға  алғыс  хаттарын  табыстап 

тұрып. 


Өз еңбектері үшін марапатқа: 

Бригадир Найманхан Тәжібаев

 

Бригадир Ерік Айтбаев

 

Бригадир Андрей Самородов

Участок бастығы Мүслім Құбашев 

Бригадир Нұрхамит Нұрахметов

Жұмыс атқарушы Дидар Қыдыров 

№2-ші ҚМБ-ның директоры Анна Жүсіпова 

Басқарушы директоры Сергей Швагор

 

«Қалаларды  құрылысшылар  салады.  Сіз-



дердің  ауыр  бейнеттеріңізге,  жоғары  білік-

тіліктеріңізге рахмет, себебі, біліктіліксіз мұн-

дай  ғимаратты  салу  мүмкін  емес.  Компания 

басшылары  да,  бригадирлер  де,  күн  сайын 

құрылыс алаңдарында еңбек етіп жатқандар-

дың барлығы да жай ғана ғимарат салып жат-

пағандарын  түсінуі  тиіс.  Олар  Қазақстанның 

болашағын  және  халықаралық  универсиада-

ның керемет ғимаратын салып жатыр», – деді 

Бауыржан  Байбек  құрылысшыларға  құрмет 

грамоталарын тапсырып тұрып. 

Әкім  қызметкерлерімізді  марапаттап  біткен-

нен  кейін  бригадир  Андрей  Самородов  осынау 

ғаламат  нысанды  салуға  қатысып  жатқан  бар-

лық құрылысшылардың атынан Алматы әкімдігі 

мен әріптестеріне алғыс білдіріп, барлығын жаңа 

жылмен құттықтап, келесі жылы құрылысшылар-

дың  бұдан  да  өнімді  еңбек  ететіндігіне,  нысан-

дарды  халықаралық  стандарттарға  сай  сапамен 

мерзімінде аяқтайтындығына сенім білдірді.  

5

BAZIS NEWS №12-1/ 01.01.2016



4

БІЗДІң БАлАлАрЫМЫЗ



униВерсиада-2017 – 

даМу Мен ынтыМақтастықтың 

таптырМас алаңы 

Алматыда 21 қарашада 2017 жылғы Универсиадаға әзірлік аясында отандық өндірушілермен ынтымақтастық форумы 

өтті. Форумда Универсиаданың басты нысандарының құрылысы талқыланып, осы спорттық шараның еліміз үшін 

маңызы айтылды. Шара соңында Алматының құрылыс және өндірістік компаниялары ынтымақтастық туралы 

меморандумға қол қойды. 

Алатау ауданы дамитын болады 

Форумды  ашқан  Алматы  әкімі  Бауыржан 

Байбек  2017  жылы  өткелі  отырған  Универ-

сиаданың  Алматы  мен  тұтастай  алғанда  Қа-

зақстан үшін маңызын атап көрсетті.  Бұл ша-

раға дайындық қазір қызу жүргізіліп жатыр.   

«Алматы  мен  бүкіл  Қазақстан  үшін  Уни-

версиада–2017  үлкен  инвестициялық  мүм-

кіндіктері бар ұлттық жоба. Қаланың әлемдік 

ауқымдағы  спорттық  шараның  ұйымдасты-

рушысы деп танылуы оның өркендеуіне жол 

ашады,  халықаралық  беделінің  қалыптасуы-

на мүмкіндік береді. Алматы – бүкіл өңірдің 

спорттық,  іскерлік,  инновациялық  және  мә-

дени орталығы. Универсиада–2017 Қазақстан 

тахриындағы  ең  үлкен  халықаралық  спорт 

оқиғасы  болмақ.  2017  жылдың  қаңтар  және 

ақпан  айларында  Алматы  2  000-нан  астам 

спортшы, 1 000-нан астам техникалық делегат 

пен төрешілік өкілдері, 3 000-жуық волонтер 

мен 30 000 туристті қабылдайды», – деді Бай-

бек.  Әкім  қазір  Универсиаданы  өткізуге  қа-

жетті үш маңызды нысанның – 12 000 орынға 

арналған Мұзды арена мен Алатау ауданында 

5 000 орынға арналған атлетикалық ауыл, Ме-

деу ауданында 3 000 орынға арналған Мұзды 

арена салынып жатқанын атап өтті. 

«Алатау  ауданы  небәрі  бес  жыл  бұрын 

ғана құрылды. 12 000 орынға арналған Мұзды 

арена  мен  атлетикалық  ауылдың  арқасында 

ол жаққа ауданның өсуі мен өркендеуіне жол 

ашатын  инфрақұрылым  тартылады.  Жалпы 

құны 320 миллиард теңге инвестиция салына-

тын  41  жоба  бекітілген  индустриалды  аймақ 

бар.  Ауданда  жұмыс  орындары,  қазіргі  за-

манғы өндірістер құрылып, толыққанды әлеу-

меттік инфрақұрылымы бар әсем ғимараттар 

салынады», – деп атап өтті Бауыржан Байбек. 




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет