Дикумарин – Dicumarinum. Ақ немесе аздап сарғыштау түсті кристалды ұнтақ. Суда іс жүзінде ерімейді, күйдіргіш сілті қосылғанда оңай ериді. ("А "тізімі) Дикумарин протромбиннің түзілуін қиындатып, К витаминінің белсенділігін бәсеңдетеді. Белсенділігі бойынша ол гепариннен едәуір күштірек . Кумуляциялық әсер етеді. Оны қолданудан протромбиннің мөлшері тек 10-18 сағаттан кейін ғана азаяды, аз деңгейде 2-10 күн бойына
ұстап тұрады. Препарат бүйрек пен бауыр қызметі бұзылғанда ,сондай-ақ асқазан мен ішектің жүйкелік реттелуі бұзылғанда қолданады. Бөлшекті мөлшермен ішкізіледі, итке күніне 3 рет 0,05-0,1 г.
Антикоагулянттар ретінде сондай-ақ,неодикумарин,фенилин,фепромарон,сенкумар да пайдаланылады. Бұл препараттардан басқа ветеринария практикасында кальцийсіздендірілген дәрілер,цитраттар, оксалаттар,фтордың бірнегізді тұздары сондай-ақ наганин ұсынылады.Цитраттардың улылығы аз, сондықтан қанның ұюынан сақтандыру үшін жарамды,жануарларға емдік мақсатта қолданылады.
Оксаттар мен фторидтер өте уытты,оларды тек қанды зерттеу мақсаттарымен лабораториялық мақсатта қолданады.
Натрий цитраты-Natrii citras. Лимон қышқылының үш натрийлі тұзы.Түссіз кристалдар немесе ақ түсті кристалды ұнтақ,иіссіз,дәмі сортаңдау,судың 1,5 бөлігінде ериді, спиртте ерімейді.
Цитраттар қан кальцийімен әрекеттесіп, оны лимон қышқылды кальцийге айналдырады. Мұндай жағдайда тромбопластин түзілмейді және протромбиннің тромбинге айналуы бұзылады. Қан тіпті ұзақ сақталғанда да ұйымайды.Цитраттың артық мөлшері (оларды тіпті орташа емдік мөлшерде жиі қолданғанда да) организмде ионданған кальцийдің тапшылығын туғызатынын ескеру керек. Натрий цитратын вена қанына енгізудің шектік мөлшері ірі жануарларда 10,0-ден аспауы керек. Көбінесе натрий цитратын 0,1-1% мөлшерінде құйылатын қанға құяды.Мұндай жағдайда ол ағзаға мүлдем дәрілік уытсыз комплексті қосылыстар түрінде түседі.
Қан алмастырғыштар Қан мөлшерінің едәуір азаюы малды көбінесе өлімге душар етеді.Осының нәтижесінде қан қысымының төмендеуі,қанның осмостық қысымының бұзылуы қан тамырлары аймағындағы рецепторлардың әлсіреуі, қан тамырлары мен мембрананың өткізгіштігі , ми мен жүрек қорегінің бұзылуы байқалады.
Емдік көмек дер кезінде көрсетілген жағдайда тиісті топтағы басқа малдан алынған қанды немесе жасанды қанды енгізу арқылы жетіспеген қанның орнын толтыруға болады.
Жасанды қандар өзінің негізінде белоктар,қант немесе тұз бар препараттар. Патологиялық күйге байланысты жасанды қандар қанның белгілі бір қызметін толтыруға және организмге қажетті бүкіл қанды тез қалпына келтіру үшін жағдай жасауы керек. Мұндай мақсаттар үшін гидролизаттарды, синтетикалық препараттарды , қанттарды, изотониялық сұйықтықтарды жиі қолданылады.
Гидролизаттар – белоктардың гидролиздік ыдырау өнімдері,гидролиздің мәні белоктардың амин қышқылдарына дейін ыдырауында түзілген қосылыстар,өте белсенді, белоктан гөрі уыттылығы төмен және анафилакцияны сирек туғызады.Тікелей қанға енгізілген гидролизаттарды организм игереді және ұлпалардың белоктарды түзуінде пайдаланылады.Белоктың ұзақ жетіспеушілігінде бұл заттар бағалы болып табылады. Сонымен бірге олардың уытқа қарсы белсенді әсері де бағалы болып есептеледі.
Гидролизаттар қан функцияларының бірін орындайтындықтан оларды көбінесе жасанда қан деп те атайды.Олар қан қысымын жоғарылатады, организмді естен тану жағдайынан шығара алады. Гидролизаттарды лабораториялық жағдайда ферменттік,қышқылдық және сілтілік әдістермен оңай алуға болады.