Ф 03-12 тулеметова с. Е. «Ветеринариялық фармакология және токсикология І» пәнінен дәріс жинағы Шымкент,2022



бет53/143
Дата21.10.2023
өлшемі1,44 Mb.
#120028
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   143
Байланысты:
369577-1

Антикоагулянттар. Қанда және плазмада болатын қанның ұюына қарсы физиологиялық заттар(антитромбин,гепарин кофакторы т.б.). Қалыпты жағдайда қанның сұйық күйін сақтайды. Әр түрлі патологиялық жағдайда,(қан тамырларының зақымдануы, қан ағысының баяулауы, қанда жекеленген белоктық заттардың көбеюі) қанның ұйығыштығын күшті арттырады,соның салдарынан өкпе, жүрек, бүйрек, өкпе және басқа мүшелердің қызметі едәуір қиындауы мүмкін. Қан ұйығыштығының артуы көбінесе көптеген аурулардың ауыр түрде өтуінің және тіпті жануарлардың өліп кетуінің себебі болып табылады. Қан қасиетінің өзгеруі көбінесе оның ұюынығ бірінші себебі болып табылады,сондықтан оңтайлы еммен, алдын алу осы бағытта міндетті түрде әсер ету көзжеледі. Осындай дәрілердің кейбіреулері (гепарин,гепариноидтар) троибогенді заттарды иньактивтендіреді, басқа да дәрілер (дикумарин, неодукумарин, синтром, инандиондар) бауырдағы протромбиннің қалыпты синтезіне қарсы әсер етеді.
Ең тез әсер ететін дәрі- гепарин. Оны вена тамырға енгізгенде бірнеше минуттан кейін-ақ қанның ұю уақыты ұзарады. Дикумариннің әсері тек 10-20 сағаттан кейін ғана байқалады. Қалған антикоагулянттар әсер ету уақыты жөнінен осы екі заттың арасында арлық қалыата болады. Әдетте тез әсер ететін антикоагулянттар организмнен тезірек бөлініп шығады,ал баяу әсер ететін антикоагулянттар әлде қайда ұзақ әсер етеді. Мысалы, гепариннің негізгі бөлігі 56 сағаттан кейін –ақ бөлініп шығады да, ал дикумарин 5-6 тәуліктен кейін бөлініп шығады. Осыны негізге ала отырып, аурудың ауыр және тұрақты түрлерінде тез әсер ететін антикоагулянттар мен ұзақ әсер ететін антикоагулянттарды бір мезгілде қолданған жөн.
Гепарин- Geparinum. Жануарлардың организмінде базофильдік торшалар бөліп шығарады,бауыр мен бүйректе болмашы мөлшерде болады. Ірі қара малдың өкпесінен алады. Сыртқы түріне қарағанда гепарин ақ түсті ұнтақ,суда аз ериді. Оның белсенділігі ӘБ бойынша есептелінеді. Ұнтақ және ерітінді 1 мл ампулаға құйылған ерітінді,құрамында 5000, 10000 және 20000 ӘБ –де (гепарин болады) түрінде шығарылады. Оны қанның 1 мл шаққанда 100-130 ӘБ мөлшерінде тері астына және бұлшық етке енгізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет