Бақылау сұрақтары:
1. Дәрілік заттардың әсер ету түрлері
2. Дәрілік заттардың организмге енгізу жолдары
3. Дәрілік заттардың бөлініп шығу жолдары
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
1.Тулеметова С.Е. Фармакология : Оқулық. 5В120100 - «Ветеринарлық медицина» мамандығыныңстуденттеріне арналған\Шымкент :ОҚМУ, 2014
2.Тулеметова С.Е. "Ветеринарлық фармакологиялық және токсикология" пәніне 5В12100 - "Ветеринарлық медицина" мамандығы студенттеріне арналған дәріс жинағы I-бөлім / С. Е. Тулеметова, Т. Р. Балтахожаев, Ұ. Қ. Омарова. - Шымкент : ОҚМУ, 2016
3.Кухар Е.В., Есжанова Г.Т. Основы фармакогнозии. – Алматы: Эверо, 2018. – 284 с.
4 Тулеметова С.Е. «Ветеринариялық фармакология» пәнінен 6В09111-«Ветеринарлық медицина» білім беру бағдарламалары бойынша білім алушыларына арналған зертханалық жұмыстарға арналған әдістемелік нұсқау/ С. Е. Тулеметова, Қ, А. Алтаева - Шымкент : ОҚУ, 2021.
5.Тулеметова С.Е. Ветеринариялық фармакология пәнінен Видеолекция 2020ж.
Дәріс №3 Дәрілік заттардың әртүрлі дозалардағы әсер ету ерекшеліктері
Жоспар:
1 Дозалаудың жалпы принциптері
2 Бір, не бірнеше дәрілік заттарды қатарынан жібергендегі фармакодинамикалық тиімділік.
Дәрілік заттардың мөлшерін (дозасын) анықтау принциптері. Малдәрігерлерінің тәжірибелеріндегі ең жауапты кезеңдер - дәрілік заттардың мөлшерін және жіберу жолдарын дұрыс анықтай білу. Олар өте көп жағдайларға байланысты болып келеді. Организмге жіберілген дәрілік заттың мөлшері мен химиялық құрылысы оның фармакодинамикалық тиімділігін, даму жылдамдығын, әсерінің ұзақтығы мен нақтылығын анықтайтын көрсеткіш.
Доза - организмге белгілі бір мақсатпен жіберілетін дәрілік заттың мөлшері. Олардың мөлшері бір реттік, тәуліктік, курстық болуы мүмкін.
Барлық дәрілік заттардың, оның ішінде организмнің өзі синтездейтін дәрілік заттардың да (гормондар, ферменттер, АҮФ және т.б.), жағымды және жағымсыз әсерлері бар. Мұндай әсерлері әсіресе олардың химиялық құрылыстарына, жіберу мөлшеріне көңіл бөлмегенде жиі кездеседі.
Фармакодинамикалық тиімділіктеріне қарай дәрілік заттарды мөлшері (дозасы) бойынша төмендегідей жіктеуге болады:
Ең төменгі (тіп) дозасы - фармакодинамикалық және фармакотерапевтикалық тиімділігін нашар білдіретін дәрілік заттың мөлшері. Фармакопрофилактика үшін қолданылады;
Тиімді, оптималды дозасы - жағымсыз әсері жоқ, жоғарғы терапевтикалық тиімділікті толық қамтамасыз ететін дәрілік заттың мөлшері. Малдәрігерлік тәжірибеде емдеу үшін жиі қолданылатын доза;
Жоғарғы терапевтикалық (тах) дозасы – жоғарғы терапевтикалық тиімділік көрсететін, сонымен қатар жағымсыз (уландыру) әсерін тудыратын дәрілік заттың мөлшері.
Дәрілік заттардың ең төменгі дозасы мен жоғарғы терапевтикалық дозаларының арасы терапевтикалық кеңістік деп аталады. Неғұрлым терапевтикалық кеңістік жоғары болса, ондай дәрілік заттың тірі организммен қатынасы төменірек болады да, ондай дәрінің жоғарғы терапевтикалық дозасынан қауіп-қатер аз болады.
Организмде қайта қалпына келмейтін өзгерістер тудыратын дәрілік заттың дозасы өлтіру (леталды) дозасы деп аталады.
Төлдерге, әсіресе оларды бордақылауға қойған кезде, олардың өсуін жылдамдату үшін дәрілік заттар (стимуляторлар) қолданылады. Төлдердің организмінде анаболиктар процесстер катаболиялық процесстерге қарағанда әлдеқайда жоғары болып келеді. Сондықтан да олар тез өсіп, дамуға бейім болады. Осындай жағдайда қолданылған. Дәрілік заттар зат алмасу процессін үдетіп, қоректік заттардың сіңу пайызын жоғарылатады.
Дәрілік заттардың дозасын тағайындаудың ең қолайлы әдісі оның мөлшерін малдың бір килограмм салмағына шағып есептеу. Дозаны салмақтық, көлемдік өлшемдермен, немесе әсер бірлігімен белгілейді.
Дәрілік заттарды әртүрлі жолдармен жібергенде олардың терапевтикалық тиімділіктері әртүрлі болатындықтан, олардың дозаларының мөлшерін бір әдіспен жібергендегі мөлшерімен салыстырмалы түрде ойға сақтауға болады. Мысалы: егер терінің астына жібергендегі дозасын 1 деп алсақ, онда: ауыз қуысы арқылы — 1,5,2, тік ішек арқылы - 1-1,8; еттің ішіне - 1; венаға — 0,5-0,75; кеңірдекке - 0,5 қатынасында жіберуге болады. Мұндай ара қатынастық тек жуықтап алынатын доза болғандықтан, әрбір нақты жағдайда ауру малдың күйіне қарап шешкен дұрыс.
Малдардың түрлеріне карай да бұл ара қатынастықты жуықтап анықтауға болады: егерде 500 кг салмағы бар сиырға тағайындалған дозаны 1 деп алсақ, онда қалған малдарға төмендегідей қатынаста есептеуге болады: жылқыға (500-600кг) - 1; қойға (50 кг) - 0,2 - 0,3; шошқаға (80 кг) - 0,4 - 0,5; тауықтарға (2 кг) - 0,05 - 0,17.
Фармакокинетикалық заңдылыққа сүйенсек, онда неғұрлым метаболикалық процесстер жоғарғы деңгейде жүретін болса, солғұрлым дәрілік заттардың өзгеруі мен организмнен бөлінуі де жылдамдайды. Ол үшін организмде үздіксіз энергия қоры толықтырылып отыруы қажет. Ірі малдардың организмінде зат алмасу процессінің деңгейінің төмендеуіне қарай оларды мынандай тәртіппен орналастыруға болады: құстар, үй қояндары, иттер, шошқалар, қойлар, ірі қара малы, жылқылар.
Дәрілік заттардың дозасын анықтауда малдардың жынысын да ескеру керек. Еркек малдардың организмінде зат алмасу процессінің деңгейі жоғары болатындықтан, оларға тағайындалатын дәрілік заттардың дозалары да ұрғашы малдарға қарағанда 10-20 %-та жоғары болуы керек.
Жас малдардың организмінде зат алмасу процессінің жоғарғы деңгейде жүретінін жоғарыда айттық. Олай болса оларға тағайындалатын дәрілік заттардың дозасының мөлшері де 30-40 %-та жоғары болуы керек.
Генетикалық кодқа байланысты әрбір малдың жеке басының ерекшеліктері де дәрілік заттардың дозасына әсер ететіні анықталған. Нерв жүйесінің қызметі күшті малдарға дәрілік заттардың мөлшері 10-15 %-та жоғары болуы керек. Олай болса холериктер, сангвиниктер мен флегматиктер әртүрлі дозада дәрі қабылдауы қажет.
Дәрілік заттардың пішінінің фармакодинамикадағы
ролі дәрілік заттардың пішіні олардың терапевтикалық
тиімділігінің жылдамдығы мен нәтижелілігіне елеулі әсер етеді. Әртүрлі формадағы дәрілік заттар сол заттың терапевтикалық әсерін не жоғарылатуы, не төмендетуі мүмкін. Биотрансформацияда дәрілік заттың биологиялық
мүмкіншілігі деген ұғым бар. Ол ұғым бойынша дәрілік зат өзіне пішін беретін заттармен негізгі әсер ететін нүктесіне қанша мөлшерде жететіндігін білу қажет. Форма беретін заттар дәрілік заттардың резорбциясы мен биологиялық мүмкіншілігіне әртүрлі әсер ететіндіктен, олар фармакодинамикалық тиімділік пен фармакотерапевтикалық тиімділіктің эквиваленттілігін қамтамасыз ете алмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |