Кальций гидрототығы (сөндірілген әк)-СаІсіі hydrooxydatum(СаОН)2. Кальций тотығын сөндіру арқылы алады. Өз салмағының жартысындай көлемде сумен араластырылғанда құрғақ, ақ түсті аморфты ұнтаққа айналады. Реакция кезінде (СаО+Н20-→Са(ОН)2) көп мөлшерде жылу бөлінеді, соның салдарынан ағаштардың тұтанып кетуі мүмкін. Сақталған кезде сөндірілмеген әк ауадағы. көмірқышқыл газын өзіне сіңіріп алады да, кальций карбонатына айналып (СаСО3) өзіне тән ерекшелігінен айырылады. Сондықтан да, оны құрғақ әрі жақсы қымтап жабылатын ыдыстарда сақтайды. өсуін тежейді.
Хлорлы әкпен мал қораларын, басқа да объектілерді әктеген кезде әкке жабысып қалған микробтар өсіп-өнбейді. Топалаң ауруының спорасына, қарсы әкті қолдану жақсы нәтиже бермейді, өйткені оны өлтіру үшін кем дегенде 15-25 күн керек. Көптеген микробтардың вегетативті формалары әктелген сұйықта қолданғанда 3 сағаттан кейін өсуін тоқтатады. Залалсыздандырылатын қораларды 20 % әкпен бір рет дезинфекциялағанда маңқа, топалан және тілме ауруларының қоздырғыштары жойылады. Оның 5 % ерітіндісі іш сүзегінің таяқшаларын, құстардың тырысқақ ауруының қоздырғыштарын өлтіреді. Әк өсімдік биттері мен кенелерге өлтіре әсер етеді. Әкті сұйықтың бактерицидтілігі бірнеше күнге дейін созылады, сол себепті бұл препарат ылғалды жерде залалсыздандырылатын ұзақ әсер ету керек болғанда кезңінен қолданылады
Натрий карбонаты (құрғақ) - (натрия карбонат) – Natrii Carbonas siccum-Na2 CO3. Ақ түсті борпылдақ ұнтақ.Реакциясы негізді, ауадан суды оңай тартып алады. Суда күйдіргіш натр мен гидрокарбонатқа ыдырай отырып оңай ериді. Оны халаттарды және басқа да арнаулы киімдерді, едендерді жуу үшін қолданады. Ол көптеген кір жуатын ұнтақтардың құрамына кіреді. Теріге ңегіздер тәрізді әсер етеді, сондықтан оны теріні жуып тазалау үшін қотырға қарсы сүртпе майлар дайындау мақсатымен қолданады.Карбонаттың әлсіз ерітінділері кенелердің хитинді қабығын жұмсартады (кенелер оның 5. % ерітіндісінен өледі). Төменгі температурада ерітінділерінің аздап қана антисептикалық әсері болады, ал жоғары температураларда ерітінділерінің бактерицидтік қасиеті едәуір арта түседі.
Ішке сулы ерітінді түрінде қышқылдармен уланғанда қолданады. Сыртқы мүшелерге 0,3 - 1 % ерітінді түрінде 40 - 50°С –ға дейін қыздырып терілерді қотырдан болған қабыршақтар мен жаралардың қабығын жуып-тазарту үшін және дәрілердің теріге сіңірілуін жеңілдету үшін қотырға қарсы зат ретінде қолданылады.Ыстық 1-5% ерітінділері вагондарды, едендерді, мал қораларын дезинфекциялау үшін пайдаланылады.