Ф 03-12 тулеметова с. Е. «Ветеринариялық фармакология және токсикология І» пәнінен дәріс жинағы Шымкент,2022



бет95/143
Дата21.10.2023
өлшемі1,44 Mb.
#120028
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   143
Байланысты:
369577-1

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

1. Тулеметова С.Е. Фармакология: оқу құралы / С.Е. Тулеметова.- Алматы: Эверо, 2015. - 332 бет.


2.Тулеметова С.Е. "Ветеринарлық фармакологиялық және токсикология" пәніне 5В12100 - "Ветеринарлық медицина" мамандығы студенттеріне арналған дәріс жинағы I-бөлім Шымкент : ОҚМУ, 2016
3.Кухар Е.В., Есжанова Г.Т. Основы фармакогнозии. – Алматы: Эверо, 2018. – 284 с.
4. Тулеметова С.Е. «Ветеринариялық фармакология» пәнінен 6В09111-«Ветеринарлық медицина» білім беру бағдарламалары бойынша білім алушыларына арналған зертханалық жұмыстарға арналған әдістемелік нұсқау/ Шымкент : ОҚУ, 2021.
5.Тулеметова С.Е. Ветеринариялық фармакология пәнінен Видеолекция 2020ж.
Дәріс №21 Ауыр металдар препараттары.
1 Ауыр металдар препараттары

Ауыр металдар қасиеті мен әсер етуі жөнінен бір-біріне өте ұқсас дәрілік заттардың ерекше бір тобын құрайды. Металдардың кейбіреулері таза күйінде, енді біреулері қосылыстар, тұздар күйінде, ал үшінші біреулері коллойдты жағдайда фармакологиялық маңызы болады.


Практикалық тұрғыдан ең маңыздыларына тұздар жатады. Олар катиондар және аниондар күйіндеде әсер ете береді. Ауыр металдар организмге жергілікті және жалпы әсер етеді. Олардың жергілікті әсері белоктармен қосылысқанда альбуминаттар түзуге негізделген. Металл әрекеттесеттін ұлпалардың ерекшелігіне және препараттың концентрациясына байланысты әрекеттесу реакциясы әртүрлі деңгейде өтеді.
Бір жағдайларда белоктар жартылай ғана ұйып, құбылыс қайтымды болатын болса, ал енді бір жағдайларда белоктар толық ұйып, құбылыс қайтымсыз болады. Бірінші жағдайда тұтқырлық, ал екінші жағдайда күйдіріп әсер етеді. Белоктардың жартылай ұюы ұлпалардың беткейлік бетінде, торшалық кеңістікте және торша цитоплазмасында болады. Оның бірініші және екіншілерінде тұтқырлық әсер етсе, ал соңғысында тітіркендіріп әсер етеді.
Органикалық тұтқыр заттарға қарағанда, ауыр металл тұздары торшаларды дегидратациялайды. Соның салдарынан ұлпалардың созылғыштығы жойылады, торшааралық зат алмасу құбылыстары бұзылады, соның салдарынан ұлпалары жансызданады. Осы жағдайда тұздардың бактерицидтілігі едәуір көтеріледі. Ұлпа беттері мен торшааралық кеңістіктерде белоктарды коагуляциялай отырып, ауыр металдар ұлпаларда ерекше бір қорғаныс қабығын түзеді. Қан тамырлары тарылады, безді клеткалар қызметін күрт тоқтатады, ұлпалар құрғай бастайды, ұлпалардағы сұйықтықтар азаяды. Мұндай әсерді тұтқырлық әсер дейді. Ол қабынуға қарсы әсмерге негіз болады.
Тұтқырлық әсер сезімділіктің және ауырсыну сезімінің әлсіреуімен қатар жүреді. Оның бірінші рецопторлық жүйедегі биохимиялық өзгерістерге негізделсе, ал екіншісі жүйке ұштарындағы сезімділіктің төмендеуіне, олардың қабынуға қарсы әсеріне, қабындыратын цитологиялық фферменттердің бүлінуіне, ауырсыну сезімін тудыратын микробтардың әлсіреуіне және басқада жағдайларға негізделген.
Ауыр металл ерітінділерінің тұтқырлық әсері оларды кілегейлі қабықтарға, жараға және теріге жақындатқанда пайда болады. Олардың ішінде жара маңындағы торшалар сезімтал келеді, ал кілегейлі қабықтардың ішіндегі ең сезімталы-көздің кілегейлі қабығы. Металл ерітінділерінің концентрациясын жоғарылатқан сайын, ол торшаларға сіңіп, белоктармен қосылыстар түзе бастайды. Пайда болған альбуминаттар цитоплазманың өте күшті тітіргендіргіштері ретінде әсер етеді. Тұтқырлық әсерге қарағанда, тітіркендіргіштік әсер күшейе бастайды, жүйке ұштарының сезімталдығы артады, қан тамырлары кеңейе бастайды, ұлпа сұйықтықтарының бөлінуі күшейеді және басқада қабыну белгілері пайда бола бастайды.
Ауыр металл ерітінділерінің концентрациясын онан әрі жоғарылататын болсақ, торша цитоплазмасындағы белоктардың негізгі бөлігі тез коагуляцияланадыда, соның салдарынан торшалар тіршілігін жоя бастайды. Мұндай әсерді күйдіре әсер ету дейді. Көптеген ауыр металдардың жергілікті әсері торшаладың дегидратациясымен және ұлпалардың нәзіктігімен қатар жүреді. Соның салдарынан олардың емдік әсері аз қозғалатын ұлпаларда айқын байқалады.
Ауыр металл препараттарының әсері көптеген себептерге байланысты келеді. Олардың кейбіреулері тұтқырлық әсер етеді, екінші біреуі тітіркендіре, ал үшінші біреулері күйдіре әсер етеді. Егер металдарды мынадай тәртіппен Al, Pb, Bi, Fe, In, Cu, Aq, Hq, бір қатарға орналастыратын болсақ, онда алғашқыларында тұтқырлық, ал соңғыларында күйдіргіштік әсер басым болады.
Тұздардың әсер етуіне ондағы қышқыл қалдығының зор маңызы бар, ал оның өзі тұздардың диссоциациялану дәрежесіне байланысты келеді. Органикалық қышқылдар нашар диссоцияцияланады, сол себепті олардың тұздары тұтқырлық қана әсер етеді. Тұз қышқылы мен азот қышқылының тұздары өте жақсы диссоцияцияланатындықтан күйдіре әсер етеді, ал күкірт қышқылының әсері аралық деңгейде болады. Жоғарыда келтірілген қатардың сол жағындағы металдармен нашар диссоцияцияланатын қышқылдардан тұтқырлық әсер ететін тұздар пайда болады, ол қатардың оң жанындағы металдармен оңай диссоцияцияланатын қышқылдардан күйдіре және тітіркендіре әсер ететін тұздар пайда болады. Қатардың ортасындағы металдармен орта дәрежеде диссоцияцияланатын қышқылдар тұтқырлық, тітіркендіріп және күйдіріп әсер ететін тұздар түзеді.
Ауыр металдар тұздарының барлығыда бактериолитикалық немесе бактериостатикалық әсер етеді. Олардың мұндай әсері тұздар жақсы диссоцияцияланатын болса және концентрациясы жоғары болған сайын күшейе түседі.
Кейбір металдардың мұндай әсерінің күштілігі соншалықты, оларды негізінен дезинфекциялық зат ретінде қолданады. Кейбір ауыр металлдардың тұздары гельминттерге де өлтіре әсер етеді. Бірақ, олар ішектерді өте қатты тітіркедіретіндіктен, мұндай әсердің онша практикалық маңызы болмайды. Олардың ішінде мыс сульфаты ғана гельминттерге қарсы қолданылады.
Ауыр металдардың организмге сіңуінде өздеріне тән ерекшеліктері бар. Тұздар жаралар және бүлінген кілейгейлі қабықтар арқылы оңай сіңеді. Егер, ірі малдың барлығында белгілі бір дәрежеде ас қорыту жүйесінің кілегейлі қабығының қабынып, бүлінетінін ескерсек, барлық металдардың тұздарыда организмге сіңеді де түсінуіміз керек. Ауыр металл тұздарын тері астына еккенде, еккен жерді қабындырады және ұлпаларды жансыздандырады. Ауыр металдардың биорганикалық тұздарының ауыз қуысы арқылы бергенде, ас қорыту жүйесіндегі белоктармен қослыып альбуминаттар түзеді. Бұл альбуминаттардан организмге тек суда еритіндері сіңеді. Қан құрамындағы металдар тез бөлінедіде, баукырда, көк бауырда, ішектердің қабырғасында, бүйректерде, сүйектің қызыл кемігінде, ал аздаған мөлшері басқада мүшелерде жинақталады.
Ауыр металдар организмнен өте баяу алынады, қайталап бергенде организмде жинақталып, кумулятивті әсер етуі мүмкін. Тұздардың негізгі бөліну жолы – тоқ ішек. Олар организмнен органикалық қосылыстар күйінде бөлінетіндіктен, тұтқырлық әсер етпейді, бірақ ұзаққа созылатын бөлінудің салдарынан тоқ ішектің катарльді қабынуы пайда болады. Металдардың кейбіреулері бүйректер арқылы жартылай, ал енді біреулері (сынап)-толық бөлінеді. Металдардың аздаған бөлігі сілекей, тер және сүт бездері арқылы бөлінеді.
Ауыр металдардың организмге жалпы әсері бірдей емес. Олардың кейбіреулері қан түзуші мүшелерге (Fe, Cu), екінші біреулері микробтарға және плазмидоздарға қарсы (Aq, Bi, Hq) әсер етеді. Кейбіреулерінде (Zn, Al) ешкандай әсер байқалмайтын болса, ал енді біреулері (Pb) уытты әсер етеді. Олардың мұндай әсерлеріне препараттарды жеке-жеке қарағанда сипаттама береміз.
Ауыз қуысы арқылы берілген ауыр металдар негізінен жергілікті әсер етеді. Аш ішек толық, ал тоқ ішектің алдыңғы бөлігі қабынады. Металдарды ұзақ уақыт қолданғанда, қабынудың геометриялық түрі пайда болып, кілегейлі қабықтар некрозданады.
Организмге енгеннен кейін ауыр металл тұздарының уытты әсері баяу айқындалады, ал қанға сіңгеннен кейін жылдам дамиды. Олардың уытты әсерлері бір-біріне ұқсас. Оның салдарынан организм жалпы әлсірейді, орталық жүйке жүйесі толық салданады, иурез күшейеді, соңынан және қабыну және анургия белгілері пайда болады. Жүрек жұмысы нашарлайды, ұсақ қан тамырлары кеңейеді, эритроциттер ыдырап, бауыр, бүйрек және жүрек бүліне бастайды. Соңынан жануарлардың қатты іші өтеді, қаны азаяды, әлсіреуі күшейе түседі де, өлімге душар еткізеді.
Егер ішектерде H2S-тің мөлшері жеткілікті дәрежеде болса, организмде ерімейтін күкіртті металдар пайда болады. Осыған негіздей отырып, соңғы кездері ауыр металдармен уланған кезде, уытқа қарсызат ретінде күкіртті сутектің қаныққан негізді ерітіндісі қолданылады.
Аллюминий препараттары. Аллюминий еритінде жане ерімеитінде қосылыстар тұзе алады. Етімейтіндерде ақ саз жатады. Аллюминидің еритін қосылыстары белоктарда тұндырып түтқырлық жане құрғақтып әсерп етеді, сонымен бірге бактериостатистикалық әскрі бар, жоғарғы концентрацияларында рецепторларды тітіркендіріп, қабыну тудырады.
Аллюминидің тұздары ас қорыту жұйесі арқылы баяу сіңеді жане резорбтивті әсер етпнйді; күре тамырына немесе тері астына еккенде, ауыр метал түздарына тән улану пайда болады. Улану баяу дамиды, соңы орталық негізінен бүйректер арқылы. Ал аздаған бөлігі ішектер арқылы бөлінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет