Нарықты экономикалық қызметіне байланысты- тауарлар мен қызмет көрсетулер нарығы, өндіріс құрал-жабдықтарының нарығы, еңбек, инвестициялар, бағалы қағаздар, қаржы нарығы деп бөледі.
Географиялық жағдайына қарай-жергілікті, аймақтық, ұлттық нарығы деп бөледі.
Бәсекенің шектелу дәрежесіне байланысты- жетілген бәсекелестік нарығы және жетілмеген бәсекелестік нарығы (монополистік бәсекелестік, олигополиялық, монополиялық) деп бөледі.
Сала бойынша- автомобиль, астық, металл және т.б. нарыққа бөледі
Сатып өткізуге байланысты-көтерме және бөлшек сауда нарығы деп бөледі.
Заң нормаларына сәйкестігі бойынша- ресми нарық және ресми емес нарық «Қара базар»
Нарықтың субъектілері немесе онда әрекет ететін тұлғалар-үй шаруашылығы, фирма және мемлекет болып табылады.
Нарықты шаруашылықтың объектілеріне жататындар: тауарлар мен қызмет көрсетулер өндіріс факторлары, ақша, бағалы қағаздар, субсидиялар, әлеуметтік төлемдер және т.б.
Әрбір экономикалық жүйеге тән: Не өндіру? Қалай өндіру? Кім үшін өндіру? Сұрақтарын нарықтық экономикада нарық төрт элементтің арақатынасымен шешеді.
Нарықтық механизм дегеніміз-нарықтың негізгі элементтері:баға, бәсеке, ұсыныс пен сұраныстың өзара әрекетте болу механизмі.
Бәсеке: түсінігі және түрлері
Бәсеке (лат. concurred – қақтығысу) - өнім өндіру мен өткізудің экономикалық жағынан неғурлым тиімді жағдайлары үшін тауар өндірушілер арасындағы сайыс. Мұндай қақтығыс міндетті және объективті шарттармен туындайды: әрбір нарықтық субъектінің толық шаруашылық оқшаулылығымен, оның шаруашылық конъюнктурасына толық тәуелділігі және көбірек табыс үшін басқа үміткерлермен қақтығысы.
Бәсекенің түрлері: 1. Жүргізу әдісіне қарай (бағалық- бағаны төмендету арқылы, бағасыз бәсеке- сапасы, жарнама, сервис көрсету арқылы); 2. Ниет тәсілдері бойынша (адал және ниетсіз бәсеке).
Бәсекенің классикалық түрін еркін, жетілген, бағалық деп атау баршаға белгілі нәрсе. Мұнда баға құрылымының еркін механизмі экономиканы жүргізудің өте тиімді тәсілі ретінде бағаланады. А.Смит бәсекенің еркін (классикалық) теориясының негізін қалаған. Бәсекенің классикалық түрі нарықтық экономикасы бар елдерде XVIII-ші ғасырда XIX-шы ғасырдың соңғы ширегіне дейін байқалды. Демек, бәсеке өнеркәсібі дамыған елдер экономикасында монополиялық бірлестіктердің (картель, синдикат, концерн) тууына дейін болған.
Классикалық (еркін) бәсекенің орнына еркін емес, жетілмеген бағалық емес монополиялық бәсеке келді. Бәсекелестік күрестің нақты өзгеруі монополиялық бәсеке теориясында айқын көрінді. Оның негізін қалаушы американ экономисі Чемберлин Эдвард Гастингс (1899-1967 ж.ж.) болды.
Осы монополиялық бәсекенің негізгі ережесін жасады және бәсеке күресінің бір түрін ерекше байқады: «өнімді дифференциациялау» үшін, ол былай деп жазған:Жіктелумен бірге монополия пайда болады және «жіктелудің ұлғаюына қарай монополия элементтері көбірек бола бастайды» барлығында, қайда болса да белгілі дәрежеде жіктелу кездеседі.Әрбір сатушы өз меншігіндегі өнімге абсолюттік монополияға ие, бірақ оған қарамай кейбір кезде жетілмеген ауыстырушылар тарапынан бәсекеге ұшырайды. Сондықтан өз-өзімен бәсекелестік күрес тәсілі ретінде монополиялар өнімді жіктеуге ұмтылады.
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін, батыстың экономикалық ойы, қазіргі жағдайда ірі компаниялар барын айта отырып, олардың тауарды өткізу нарығына өзара бөлісуін көрсетті. «Көптеген ірі корпорациялар олигиполиялық нарық құрылымында әрекет етеді,» - деп 1975 жылы американ экономистері Роберт Хейлбронер (1919 ж.) мен Лестер Туроу (1938 ж.) жазды.
«Олар нарықты бөледі және бір-бірімен жарнама, өнім жіктеуді, қызмет жасауды ұсыну т.б. арқылы бәсекелестікке түседі». Американ экономисі Пол Самуэльсон былай деген: «Басты қауіп монополияда жатыр немесе жетілмеген бәсекеде. Жетілген бәсеке көптеген өндірушілердің іске тартып, бірде бір фирманың тауар бағасына әсер етуі болмауын қадағалайды».
Жетілмеген бәсеке бағаға қайдағы бір бәсәкелес әсер еткенде пайда болады. Шындығына келгенде барлық иегерлер «еркін емес бәсекелестікке тартылған».
Бәсекені оның тәсіліне қарай былай білеміз: бағалық және баға еместік немесе өнімнің сапалық (тұтыну құны) негізіндегі бәсеке.
Біртекті өнімдер түрінің нарықтың өзінде әртүрлі бағаларды көрсетуі бағалық бәсекелестіктің мән-жайын түсіндіреді.Сатушы өзінің өніміне бағаны түсіре отырып, тауарына барынша назар аудартады және түптеп келгенде нарықта нәтижеге қол жеткізеді. Бағалық бәсекенің негізгі тәсілі өндіріс шығындарын және өткерілетін тауарлар бағасын төмендету болып табылады.
Баға еместік бәсеке ең алдымен өнім сапасын жақсартуды көздейді. Баға еместік бәсекенің басты қаруы – жарнама, маркетинг факторларын және басқаларын қолдану болмақ.
Қазіргі нарықтар өнім түрлерімен ғана бөлініп қоймайды және бәсеке сипатымен де бөлінеді: жетілген бәсеке нарығы, монополиялық бәсеке нарығы, олигополиялық бәсеке нарығы, таза монополия нарығы. Енді осыларға толығырақ тоқталайық..