Ф 03-18 Мергенбаева А. Т., Жуманова Г. М., Оразалиева Э. А


Тақырып бойынша қосымша сұрақтары



бет40/89
Дата10.10.2022
өлшемі0,7 Mb.
#42120
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   89
Байланысты:
ЭТН дәріс қаз

Тақырып бойынша қосымша сұрақтары:

  1. Кәсіпкерлік туралы көзқарастар эволюциясы. Кәсіпкерліктің даму жағдайлары.

  2. Акционерлік қоғам және оның түрлері.

  3. Серіктестік және оның түрлері.

  4. Фирманың жіктелуі және оның экономикадағы рөлі.

  5. Акция және оның түрлері.

  6. Ірі кәсіпкерліктің ерекшеліктері.

  7. Облигация дегеніміз не?

  8. Фирманың жіктелуі және оның экономикадағы рөлі

  9. Қазақстанда кәсіпкерліктің дамуы



Негізгі ұғымдар: кәсіпкер, кәсіпкерлік, фирма, серіктестік, акционерлік қоғам, корпарация, холдин, акция т.б


2 тарау Нарықтық экономикадағы жеке ұдайы өндіріс. Нарықтық жағдайда ұлттық экономиканың ұдайы өндірісі
Тақырып 8. Өндіріс, фирманың шығындары мен табысы

8.1 Фирманың шығындарының жіктелуі және құрылымы.


8.2 Өндіріс шығындары және пайда: бухгалтерлік және экономикалық тәсілдер.
8.3 Фирманың пайданы жоғарылату шарты.



    1. Фирманың шығындарының жіктелуі және құрылымы

Тауар өндірісінде өндіріс факторларын (еңбек, жер, капитал, кәсіпкерлік қабілет) сатып алуға шығатын шығындарды талдау қажеттілігі туындайды.
Шығындардың құрылымы:

  1. Қоғамдық шығындар – тауар құнын жасайтын еңбек шығындары.

  2. Өндіріс шығындары – қоғамдық шығындар мен төленбеген қосымша еңбек шығындарының арасындағы айырмашылықты көрсететін шығыңдар.

  3. Айналым шығындары – тауарды өткізу (сату) процесімен байланысты шығындар.

Шығындарды есепке алу тәсілдері бойынша:
Айқын шығындар басқа жатқан алынған ресурстар үшін ақшалай төлем (шикізат, материалдарға, жалдамалы еңбеккерлердің жалақысына және т.б. кеткен ақшалай шығындар).
Айқын емес шығындар кәсіпорын иесінің өз меншігіндегі сатып алынбайтын өндіріс факторларларын пайдаланғандағы шығындар.

Өндіріс шығынының түрлері мен түсінігі



Шығындар

Анықтамалары

Мысал

Тұрақты

Бұл өндіріс көлеміне байланысты емес шығындар

1000 ақша бірлігі

Өзгермелі

Бұл өндіріс көлеміне байланысты шығындар

1400 ақша бірлігі, бір күнде 5 өнім шығарылды

Жалпы

Тұрақты шығын мен өзгермелі шығынның қосындысы

1000+1400=2400 ақша бірлігі

Орташа

Әрбір өнім бірлігіне кеткен шығындар

2400/5=480 ақша бірлігі

Шекті

Әр жаңа өнім өндірілгенде жалпы шығынның өсуі

5 өнім- 2400, 6 өнім- 3000, мұнда қосымша 600 ақша бірлігі



Тұрақты шығындарға жататындар: кәсіпорынның қызмет жасауын қамтамасыз ету шығындары, қарыз пайыздарын төлеу, салық, аммортизациялық аударым, қорғау ақысы, қамсыздандыру шығыны, өндіріс тоқтаған кездегі құрал-жабдықтарға қызмет жасау шығындары, басқару аппаратының жалақысы т.б. Тұрақты шығындарды кәсіпорын ұзақ мерзім кезеңінде дамуды да бақылай алады. Олар қысқа мерзім кезеңінде де өнім шығару көлеміне байланысты өзгермейді.
Өзгермелі шығындар шығарылған өнім көлеміне байланысты өзгеріп отырады. Өзгермелі шығынға жататындар: шикізат, материалдар, жұмысшылардың жалақысы, энергия, тасымалдау шығыны, т.б. Кәсіпорын өнім өндіруді көбейту үшін, алдымен сол өнім өсіміне қанша өзгермелі шығын жұмсалатынын есептей білуі қажет. Сол үшін шығындарды өлшеуге (есептеуге) ерекше тәсілдермен ерекше өлшеу белгілерін зерттеп дайындау қажет.
Тұрақты және өзгермелі шығындардың қосындысы жалпы өндіріс шығынын құрайды. Оның көлемі өзгермелі шығынның өзгеруіне байланысты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   89




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет