Ф 03-18 Мергенбаева А. Т., Жуманова Г. М., Оразалиева Э. А


Еңбекақының мәні және нысандары. Еңбек нарығы, оның мәні мен ерекшеліктері



бет43/89
Дата10.10.2022
өлшемі0,7 Mb.
#42120
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   89
Байланысты:
ЭТН дәріс қаз

9.2 Еңбекақының мәні және нысандары. Еңбек нарығы, оның мәні мен ерекшеліктері
“Жалақы” түсінігінің мазмұны экономикалық категория ретінде уақытқа байланысты өзгеріп отырады. Қоғам дамуының кезеңдеріне сәйкес жалақының бірнеше анықтамасы бар.
ХVІІІ ғасырдағы белгілі ағылшын экономисті А. Смит: "Жалақы – жұмыскердің жалданушыға еңбек үшін төлейтін ақысы", - деп қарастырған. Оның ойынша нарықтағы тауар ретінде өнім өндіру бойынша процесс ұзақтығы жатса, ал жалақы – ол еңбектің бағасы.
Экономикалық ғылымдардың классигі Д. Рикардоның айтуы бойынша еңбек кез-келген тауар ретінде табиғи және нарықтық құнға ие. Табиғи құнға ол жұмыскер мен оның жанұясының өмір сүру құнын, ал нарықтық құныға сұраныс пен ұсыныс әсерінен ауытқитын жалақыны санаған.
К. Маркс басқа көзқарасты ұсынған. Оның концепциясы бойынша жалақы - “жұмыс күшінің” тауар құнының ақшалай көрінісі. Ол еңбектің тауар ретінде бола алмайтынын және оның құны болмайтын ережені көздеді.
К. Маркс теориясы бойынша жұмысшы барлық еңбек үшін ақы алмайды, тек қажетті еңбек үшін алады. Жалақының экономикалық табиғатының мазмұны - сол табыс есебінен жұмыс күшінің ұдайы өндіріс процесін қамтамасыз ететін материалдық және рухани қажеттіліктер қанағаттандырылады.
Жалақы дегеніміз- жұмысшы күшінің құнының оның бағасының өзгерген түрі.



7.3.сурет- Жалақыны анықтайтын негізгі факторлар.

Жалақыны екі незгізгі формаға бөлуге болады:



  • мерзімдік жалақы - еңбектердің нақты атқарған жұмыс уақытының шамасына байланысты төленеді;

  • кесімдік жалақы - еңбеккердің қажетті сапада өндірген өнімінің мөлшеріне байланысты төленеді.

Осы көрсетілген жалақының формалары өз кезегінде бірнеше жүйеден құралады.
Еңбек ақыны мемлекеттік реттеу 2 жолмен жүзеге асады: тікелей және жанама.
Тікелей реттеу – шаруашылық субъектілері үшін міндетті сандық параметрлері бекіту (төменгі жалақы мөлшері, тарифтік белдеулер, коэффициенттер, салық салу мөлшерлері).
Жанама реттеу еңбек ақы ұсыныстары, жеке салалардағы жалақы деңгейі туралы ақпарат, халық шаруашылығы бойынша мәліметтер негізінде жүзеге асады.
Мемлекеттік реттеудің қажеттігі келесі жағдайлармен сипатталады:

    • Қазақстандағы жұмыс күшінің төменгі бағасы (басқа дамыған елдер деңгейімен салыстырғанда);

    • ең төменгі жалақының төменгі деңгейі;

    • экономиканың салалары бойынша жалақы мөлшерін дифференциациясы негізделмеуі;

    • жалақыны келісімді реттеудің тиімді механизмінің жоқтығы;

    • жұмыс күшіне сұраныс пен ұсыныстың мәдениетті нарығының жоқтығы;

    • еңбек ақыны реформалаудың дамыған заңдық базасының жетіспеуі.

Қазақстандағы мемлекеттік реттеу бағыттарына қамтылады:

    • жалақы мәселесіне құқықтық және әлеуметтік қорғауды құру;

    • зейнетақы, жәрдем ақы, шәкірт ақы есептеу үшін айлық есепті көрсеткішті бекіту;

    • түрлі меншіктегі кәсіпорындар мен ұйымдарда еңбек ақыны реформалаудың заңдық және әдістемелік негізін құру;

    • жұмыскерлердің жалақысына салық салудың тиімді жүйесін құру;

    • жұмыскерлер үшін тиімсіз құнсыздану процесін жұмыс артуға бағытталған шараларды өңдеу;

    • шетелдік жұмыс күшін әкелуді реттеу бойынша шараларды өңдеу;

    • жалақыны өз мерзімінде төлемегені үшін жұмыс беруші жауапкершілігін бекіту.

Жалақыны ұйымдастыру дегеніміз оны құрау, оны төлеу мөлшері мен еңбек арасындағы байланысты қамтамасыз ету, сонымен қатар құраушы элементтердің жиынтығы.
Мемлекеттік реттеу принциптері :

    • заңдық және нормативті актілерді құру негізінде жалақының тұтыну қабілетінің төмендеуін мемлекет тарапынан тоқтату;

    • жалақының ынталндырушы қызметін мемлекеттік әсер етуді күшейту;

    • макроэкономикалық процестерге әсер ету;

    • еңбек ақының төменгі мөлшерін бекіту.

Кәсіпорындағы еңбек ақы төлеуді ұйымдастыру негізгі үш өзара байланысты және өзара тәуелді элементтермен анықталады:

    • тарифті немесе тарифсіз жүйелермен;

    • еңбекті техникалық мөлшерлеумен;

    • еңбек ақы төлеу түрлері және жүйесімен.

Негізгі емес элементке сый-ақы төлеу жүйесі жатады.
Тарифті жүйе – түрлі нормативті мәліметтер жиынтығы, оның көмегімен кәсіпке байланысты, еңбек жағдайына, географиялық орналасуына байланысты жұмыскерлерге жалақы деңгейі бекітіледі.
Тарифті жүйе еңбекті сапалы бағалауға және жұмысшылар жалақысын ұйымдастырудың негізі болып табылады. Ол келесі нормативтерді қамтиды:

    • тарифті мөлшерлер, сағатына немесе күнге төленетін еңбек ақы мөлшерін және қызметін жалақылар схемасын анықтайды;

    • тарифті торлама, түрлі жұмыс және жұмысшылар (кәсіп) разрядтары арасындағы ақы төлеу қатынасын көрсетеді;

    • тарифті – кәсіптік анықтама, оның көмегімен тарифтік торламаға сәйкес жұмыс пен жұмысшылардың разрядтарын анықтауға болады;

    • аудандық коэффициенттер және түрлі қосымша ақылар мен төлемдер.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   89




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет