12.3 Жұмыссыздықтың әлеуметтік-экономикалық салдары. Оукен заңы. Филлипс қисығы Жұмыссыздықтың экономикалық және әлеуметтік салдары:
1. ЖҰӨ-нің көлемі қоғамның өзінің бар потенциалды мүмкіншілігін пайдаланғандағы көлемімен салыстырғанда төмендеуіне єкеліп соғады.
2. Халықтың әр түрлі топтарының арасында жұмыссыздық шығыны бірдей бөлінбеуіне соқтырады.
3. Жұмысшылар мамандығын төмендетіп (ескіреді), тіпті айырылып та қалады.
Жалпы жұмыссыздық мәселелерін шешуде экономикаға мемлекеттің араласуы қажет. Мемлекет жұмыссыздықты реттеуді негізінен төрт бағытта жүргізеді.
1. Жұмыссыздарды жұмыспен қамту, оларға мамандығын жоғалтпау үшін еңбек биржасы арқылы кєсіби дайындықтардан жєне қайта дайындаудан өткізуге көмек көрсету.
2. Әрбір әлеуметтік топтардың (әйелдер, зейнеткерлер, жастар) ерекшеліктерін толық есептеу үшін икемді еңбек нарығын қалыптастырып, оны осы жұмыстарды жүргізу үшін ынталандыру.
3. Еңбек қатынасын құқықтық қамтамасыз ету.
4. Жұмыссыздық зардабын шеккен адамдарды әлеуметтік қорғау.
Оукен заңы бұл ЖҰӨ-нің өсуі мен жұмыссыздық нормасы арасындағы байланысты анықтайды.
Оукен заңының негізгі ережелері:
Әр жыл сайын нақты ЖҰӨ-нің өсуі 2,7% деңгейе жұмыссыздықтың нақты деңгейінде ұстайды;
Әр 2 % өндірістің нақты өнімі өзінің табиғи деңгейін 2% өсіреді, жұмыссыздық деңгейін табиғи деңгейіне салыстырғанда1 % қысқартады;
Әр нақты ЖҰӨ 2 % қысқаруы табиғи деңгейден төмен болуы жұмыссыздық деңгейін 1% көбейтеді.
Бағаның өсу қарқыны
жұмыссыздық деңгейі
13-сурет. Филлипс қисығы
Жұмыссыздық пен инфляцияның өсу қарқыны арасында тұрақты өзара байланыс болады. Экономикалық теорияда бұл құбылыс Филлипс қисық сызығы деп аталады (ағылшын экономисі А.Филлипстің атымен аталған және жұмыссыздықты қысқарту салдарынан болатын бағаның жедел өсуінің «заңдылығын» ол алғаш рет 1958 жылы график түрінде бейнелеген болатын). Филлипс қисық сызығы экономикадағы жұмыссыздық пен инфляция деңгейінің өзара өзгеруін көрсетеді.
Мұның мағынасы: Жоғары жұмыссыздық жағдайында инфляция төмен болатынын білдіреді және керісінше, жұмыссыздықтың азаюы жиынтық сұранысты арттырады, бағаның өсуіне итермелейді. Басқаша айтқанда, төмен жалақы жағдайында жұмыссыздық өседі, керісінше жалақы өскен сайын жұмыссыздық азаяды.
Еңбек нарығындағы сұраныс көлемін анықтайтын фирма болса, ұсыныс көлемін анықтаушы жұмыс күшін ұсынушы экономикалық субъект - адам. Еңбек нарығында жалақының ынталандырушы ролі бар. Бұл мынада көрінеді: жұмыс күшін ұсынушы экономикалық субъект фирмадағы барлық іс - әрекеттерді максималды түрде жалақы алуға бағыттайды еңбек күшінің сағатын кей жағдайда арттырады, алмастыру эффектісінде де осыны байқаймыз. Ал кәсіпорын еңбек өнімділігі жоғары жұмысшының жұмыс күшін пайдаланып пайданы максималдандыруға тырысады.
Еңбек нарығындағы ұсыныс пен сұрнысты негізінен жалақы мөлшерін анықтауға тоқталады. Жүмыс беруші кәсіпорынның ұсынатын жалақы мөлшері мен жұмыс күшінің қажет ететін жалақы мөлшерін топтастырып анализ жасау арқылы тепе- тең жалақы мөлшері анықталады.
Жалпы алғанда еңбек нарығы басқа ресурстар нарығынан өзгеше, бүдан да терең зерттеуді қажет ететін нарық.
Қазақстан Республикасындағы еңбек нарығы жағдайындағы
Мәселелер қарап, қорытынды жасай аламын:
1. халықтың жұмыс бастылықтың зерттеуі және қалыптасатын еңбек нарығының мониторингі Қазақстанның өту экономикасындағы негізінен негативтік тенденцияларды табады;
2. халықаралық стандарттарға қарағанда, жұмыссыздықтың табиғи дэрежесі фрикциондық және құрылымдық жұмыссыздықтың қорытындысы болады. Республикалық және аймақтық еңбек нарығындағы жұмыссыздықтың табиғи дэрежесі негізінде өнімнің түсуімен сипатталады.
3. еңбек нарығы жағдайының күшеюі жұмыс күшіне озып бара жатқан сұраныс, жұмысшылар нақты босатылу қарқынның өсуі және жасырын жұмыссыздықтың едәуір өсуі, осының бәрі де еңбек ресурстарын пайдаланбағандықтан.
4. Материалдық өндірісте жұмыс бастылықтың деңгейі түсіп, халыққа қызмет көрсететін саласында жұмыс істейтіндердің саны көбейді, жұмысшыларды экономика секторларына қайта бөлу.
5. Материалдық өнім саласында жұмысшылардың саны мүлде төмендеуі еңбек өндіргіштігінің өсуімен толтырылмайды. Толық емес жұмыс бастылықты және жасырын жұмыссыздықтың едэуір масштабтары аз нэтижелі еңбегімен өнеркэсіпте соңғы көрсеткіштерде көрінеді. Республиканың Ұлттық жалпы өнімнің қысқаруы, Қазақстан халқының материалдық тұрмы дәрежесінің төмендеуі. Еңбек нарығындағы жағдай талдау еліміздің әлеуметтік - экономикалық саясатымыздың ең маңызды бағытының біреуі боп саналады.