Мемлекеттіңқаржысы - ақша қаражатынан тұрады. Ол қаражат тұрғындардың әлеуметтік кепілдігін қамтамасыз етуде, заңдылық пен құқықты сақтауға, қорғаныс иен қоғамдық шаруашылықты басқаруға жұмсалады. Мемлекеттік қаржы құрамына: мемлекеттік бюджет, банктік және мемлекеттік несие, экономиканы тұрақтандыру қоры, зейнеткерлік, тұрғындарды жұмыспен қамту қоры, әлеуметтік және медициналық сақтандыру қоры, валюталық қор, мемлекеттік коғамдық ұйымдардың қаржысы, мемлекеттік салалық министрлік пен ведомствоның қорлары енеді.
Кәсіпорынныңқаржысын(мемлекеттік, мемлекеттік емес) меншіктегі және заемдағы қаржылар, ғылым мен техника қорының ақшалай қаражаты, әлеуметтік-мәдени даму мен материалдық ынталандыру қоры, амортизациялық қор, резервті және сақтандыру қоры енеді.
Халықтың(уй шаруашылығының) қаржысы - шаруашылық, еңбек қызметгерінің (жалақы, акция дивиденті, пай жарнасы мен банк салымының проценті т.б.) негізінде, коммерциялық және халықтық банктегі сақталған қаржылардың зейнеткерлік қорды мемлекеттің іске қосуының нәтижесінде ақшалай қаражатты құрайды.
Сонымен, қаржы – қоғамдағы ақша құралдарының қорларын қалыптастыру мен пайдаланудағы жалпы экономикалық қатынастардың жиынтығы.
Қаржының атқаратын қызметтері: 1) Шоғырландыру - мемлекеттің экономикалық қызметін жүргізу үшін, оның материалдық негізін жасау; қаржы шоғырлану қызметін салық, займдар, ақша эмиссиялары арқылы жүргізеді. Ерекше жағдайда, дағдарыстан шығу кезінде үлттық байлықтыда пайдаланады (алтын қорының басты, өнер мүліктерін сату т. б.)
2) Бөлу - қаржы арқылы ЖҰӨ және ЖҰТ-ты әлеуметтік топтардын, қоғамдық өндіріс салаларының, материалдық және материалдық емес салалардың арасында бөледі жене кайта бөледі.
3) Реттеуші - қаражат бұл қызметін қоғамдық өндірісте микро және макроэкономикалық прапорцияны реттеудің негізгі құралы ретінде қолданғанда атқарады. Сондықтан қаражат саясаты мемлекеттің экономикалық саясатының негізгі бөлігіне айналады.
4) Бақылау- ақша, қаржының пайда болуын, бөлінуін және нормаларға сәйкес реттей отырып оның қозғалысын бақылайды.
Қаржы жүйесінің негізгі буыны болып мемлекеттік бюджет табылады. Ол елдің ерекшелігін, оның әлеуметтік-экономикалық құрылысын, мемлекеттік құрылымын білдіреді. Оның басты мақсаты- қаржы құралдарының көмегімен экономикалық тиімді дамуы және жалпы мемлекеттік міндеттерді шешу үшін жағдай жасау.