Ф-0Б-001/035 Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі



бет7/8
Дата06.12.2022
өлшемі133,5 Kb.
#55383
1   2   3   4   5   6   7   8
Қорытынды
ХХғ. Басында педагог кадрлар дайындауға көңіл бөліне бастады. 1911 жылы Мәскеуде екі жылдық педагогикалық институт ашылып, оған жоғарғы білімді мамандар тартылды. Оның тыңдаушыларының әдістемелік дайындығына көп көңіл бөлінді: бірінші курста әдістемеге аптасына төрт сағат, екінші курста үш сағат уақыт бөлінді.
Бұл кезеңде патшалық Ресей бодандығы қазақ облыстарында тарих пәні және оны оқытудың әдістемесі жалпы қоғамдық пәндер мен педагогиканың құрамында дамыды. Кейіннен, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, Қ.Сәтбаев, Ә.Ермеков сияқты педагог-ағартушылар жекелеген пәндер бойынша оқу құралдарын жазып, жарыққа шығарды. Ал тарих пәні олар сияқты жүйеленіп, дербес пәнге айнала қойған жоқ.
1917 жылы қазан айында Кеңестердің Бүкілресейлік ІІ съезінде В.И.Лениннің ұсынуымен А.В.Луначарский басқаратын Халық ағарту Комиссариаты құрылды.
Мұғалімдер оқытуда буржуазиялық әдебиеттерді пайдаланады деген қауіппен А.В.Луначарский және оның орынбасары М.Н.Покровский қалыптасқан жүйелі тарихи білім берудің пайдалы жақтарын теріске шығаруға тырысты.
Азаматтық тарихты оқытудың орнына әлеуметтану, еңбек тарихын оқыту ұсынылды. Осылайша тарихи білім беру саласында революциялық қайта құрулар басталды.
Сонымен қорытындылай келе, оқыту нәтижелері мына деңгеймен өлшенеді: 1) 5-11 сыныптардағы бір сабақта, бір тақырыптағы бірнеше сабақта немесе бөлімдегі, тараудағы, курстағы, бүкілкурстағы алған тарихи білім; 2) ғылыми көзқарастың қалыптасуы; 3) тарихты оқыту процесінде оқушыларды тәрбиелеу; 4) оқушылардың танымдық мүмкіндіктерін дамыту.
Осылайша оқыту нәтижелері алға қойған мақсаттың орындалғанын немесе тек сөз жүзінде қалғандығын танытады.
Соңғы жылдары білім сапасы тест көмегімен бағалануда. Оның есесіне оқушылардың алған білімдерінің практикалық қызметте қолдану қабілетін бағалайтын тапсырмалар аз қолданылуда. Тарих сабақтарында мұндайтапсырмалар қарапайым дереккөздері және құжаттарды зерттейтін зертханалық сабақтар жүргізумен тікелей байланысты. Оқушылар сабақтан бос уақытында мұражай мен мұрағаттағы жұмыстары негізінде баяндама, реферат, ғылыми мақала дайындауды да тарихи білімін бағалаудың өлшемі болуы тиіс.
Сонымен әңгімелеу және бейнелеу тәсілдері басты тарихи фактілерді оқып-үйренуде әріталдау жасауда жиі қолданылады. Сабаққа дайындалу кезінде мұғалім оқу материалдарының мазмұндалу тәсілін анықтайды. Таңдай отырып мұғалім алға қойылған мақсат, міндетін, оқушылардың сабаққа дайындық барысы мен құрамын ескереді. Сондай-ақ тәсіл таңдаудың деректердің мазмұны мен оқытудың көрнекі құралдары да ескерілуі тиіс. Сабақ барысында мазмұндаудың ең бір тиімді тәсілдерінің бірі әңгімелеу және бейнелелеу тәсілдері болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет