Ф-0Б-001/035 Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі


І. Тарау. Тарихты оқыту әдістемесінің қалыптасуы мен дамуы



бет3/8
Дата06.12.2022
өлшемі133,5 Kb.
#55383
1   2   3   4   5   6   7   8
І. Тарау. Тарихты оқыту әдістемесінің қалыптасуы мен дамуы.
Тарихты оқыту әдістемесінің қоғамдық орны мен ролі, ХХғ. басындағы мектептердегі тарихи білім беру барысы
Тарихты оқыту әдістемесі өзге ғылымдармен, әсіресе оқытудың мазмұнын талдап жасайтын базалық тарих ғылымымен тығыз байланысты.
Таңдап алу оқушылардың танымдық мүмкіндігін ескере отырып жүргізіледі. Оларды анықтауда психология ғылымының жетістіктеріне сүйенеміз. Бұл ғылым оқушылар танымы мен танымдық әрекетінің ерекшеліктерін ашуға көмектеседі. Оның үстіне тарихты оқыту процесіне талдау жасағанда бірқатар психологиялық және педагогикалық зерттеу тәсілдері де қолданылады. әдістеме пәні оқытудың бір саласы ретінде педагогикамен де тығыз байланысты. Педагогика – оқыту, ғылыми зерттеу әдістемесі мен тәрбие мақсатын айқындайды. Осы әдістер мен мақсаттарды негізге алып, әдістеме оқу процесіне де, ғылыми зерттеуге де нақты тарихи мазмұн береді. /1/
Ғылыми зерттеу әдістері деп зерттеудің педагогикалық бақылауды және қалыптастырушы эксперименттің (эксперименттік сабақ) мақсаты, міндеттері мен болжамын анықтауды айтамыз. Латын тіліндегі «экспериментум» сөзі тәжірибе, сынақ дегенді білдіреді. Мұндай тәжірибелер белгілі бір оқытудың факторы және жағдайының әрекеті нәтижесінде пайда болады.
Педагогикалық бақылау – оқу процесіне ықпал жасамай, тарихты оқыту практикасын зерттеу дегенді білдіреді.Зерттеуші тарих сабақтарына қатысып, оны талдайды, оқушыларға сұрақ қою мен тесті өткізіп, мұғалімдердің ашық сабақтарының хабарламаларын тексеріп, пән бірлестіктерінің озат тәжірибені жинақтаған материалдарымен танысады.
Қалыптастырушы эксперимент тәжірибе жасаушының оқу процесіне белсене араласуын қарастырады. Мұндай эксперименттің міндетті құрамы – дәлелге негізделген, бірақ міндетті түрде тексеруді қажет ететін болжанған нәтиже, болжалболмақ. Болжал мына сұлба бойынша қалыптасады: оң нәтижеге қол жеткізуге бола ма, егер: а) мазмұнды, материалды баяндаудың жаңа тәсілін қолданса, б) таным әрекетін басқаша ұйымдастырса. Болжал іс жүзінде тиісті жағдайлар мен әдістер арқылы тексеріледі.
Эксперимент жасаушы ең алдымен зерттеудің мақсаты мен міндеттеріне сай әдістемелік талдама жасайды, содан кейін оның тиімділігін оқыту барысында тексереді. /2/
Әдістеменің маңызы мектептегі тарих пәнінің мұғалімі, студент үшін:
- белгілі бір жастағы оқушылардың тарих пәні бойынша білім мен дағды деңгейін анықтауға;
- сынып, курс, бөлім және тақырып бойынша оқытудың мақсатын нақтылауға;
- оқу процесінің әртүрлі кезеңдеріндегі жұмыс тиімділігін анықтап, оқыту міндетін нақтылауға;
- оқыту мазмұнын қолданылатын әдістер және тісілдермен ұштастыруға;
- тест, қисынды тапсырмалар және тірек сигналдарды қолданып, конспект дайындауға;
- оқытудың барынша тиімді әдістері, түрлері мен құралдарын қолдануға;
- оқыту нәтижелерін алдын ала болжап, педагогикалық әрекетке түзету енгізіп отыруға мүмкіндік беруімен бағаланады.
ХХ ғасыр басында педагогтар тарихи білім беру ісінде оқыту әдістемесіне көңіл бөле бастады. Олар сабақтың құрылымын оқушылардың дербес танымдық әрекетін ынталандырып, олардың бойында білімге деген қажеттілікті қалыптастыруға бағыттауға тырысты. Олардың кейбірі бұл жолды көрнекілікпен оқытудан, екіншілері оқушылардың реферат пен баяндама дайындау жұмысынан, үшіншілері – тарихи дереккөздерін пайдаланудан іздеді. Ал, кейбір әдіскерлер тіпті еңбекпен оқыту әдістемесін дәріптеді./3/
Тарихты оқыту барысында оқушылардың санасында нақты бейне қалыптастыруға ұмтылыс байқалды. Ол үшін карталар мен картиналар, суретті оқу кітаптары пайдаланылды. Саяхаттық жұмыс оқыту процесінің ажырамас бөлігіне айналды, тарих сабағына өлкетану материалдары кеңінен тартылды. Осындай жұмыстар арқылы оқушылардың бойында дербес жұмыс істей алу дағдысын қалыптастыруға көп көңіл бөлінді.
Осы кезеңде сұрақ және жоспар әдісі кең тарады. Оларды мұғалім құрастырып, оқушыларға үй жұмысы ретінде беретін еді. Үйде де, сыныпта да оқулықпен жұмыс істеуге баса көңіл бөлінді. Оқушыларды мәтінді дұрыс оқуға, оқығаны бойынша жоспар құруға дағдыландырды./4/
Оқыту процесіне жаңадан іс жүзіндегі зертханалық және драмалау әдістері енгізіле бастады. Іс жүзіндегі әдістің мәні тарихи дереккөздері негізінде жұмыс істеу. Көрнекті тарихшы, әдіскерлер И.А.Рожов, М.Н.Покровскийлер оқушылардың қызығушылығы мен игеруге оңайлығына сәйкес оқып, үйренетін құжаттарды таңдап алды. Олар тарих курсын жүйелі оқытып, тарих оқулығының өзін шетқақпай жасады.
Зертханалық әдіс оқушылардың тарихи құжаттармен, иллюстрациялық материалдармен және ғылыми көпшілік мақалалармен дербес жұмыс жасауға үйрету жүйесін қамтиды. Мұғалім оқушыларды тарихи зерттеудің зертханасына жетелеп енгізгендей болады, ал оқушылар ғалым-тарихшыларға бұрыннан белгілі қарапайым жаңалықтарды өзі үшін алғаш ретінде ашады./5/
Белгілі әдіскер А.Ф.Гартвич әдеттегі сабақты оқушылардың рефераттарын оқу және оларды талдауға арналған әңгіме өткізумен алмастырады. Бұл жерде мұғалімнің рөлі оқушылардың дербес жұмысына жетекшілік жасаумен айқындалады. Бұл әдістің ең басты мәні – оқушыларды дербес жұмыс жүргізуге үйрету. Сонымен бірге ол оқытудың драмалау әдісін ұсынады.
Рефераттау жүйесі әдіскерлер Б.А.Влахопулов пен Н.П.Покотилоның ұсынған жаңалығы болды. Реферат дайындауды олар оқушылардың бойына дербес жұмыс істей алу дағдыларын дарытатын негізгі тәсіл деп білді. Мәселенің тарихнамасымен танысқан оқушының реферат жүйесіндегі әрекеті бірнеше кезеңді қамтиды.
Бірінші кезеңде оқушы – ұсынған мақала, брошюра немесе шағын кітапты оқып шығады, конспектілейді.
Екінші кезең бірнеше күрделі кітаптың мазмұнын баяндауға арналады. Оқушы кітап мазмұнымен мұқият танысып, рефераттың жоспарын түзеді, одан әрі сөзімен кітап мазмұнын баяндайды.
Үшінші кезеңде бір тақырыпқа арналған бірнеше шағын кітап бойынша реферат дайындалады, ең бастысы – оқушы материалды мазмұндаудың өзіндік жоспарын жасай алуы тиіс.
Келесі кезеңде әртүрлі көзқарастағы бірнеше еңбектің мазмұны ортақ тұжырымға келтірілуі тиіс.
Соңғы, ең күрделі кезеңде сынып оқушылары құжаттармен жұмыс істеп, дереккөздерінің «шикі» материалдарын таңдай алуытиіс. Рефераттау жүйесінің кезеңдерге бөлінуі жоғары сынып оқушыларының өз ойларын мазмұндауды байланыстыра және сабақтастыра жүргізілуіне көмектесіп, арнайы тарихи білімдермен бірге жалпы пәндер бойынша да білімдерін тереңдетуге мүмкіндік береді./6/


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет