Ф 11-03 Жуманова Г. М., Мергенбаева А. Т.,Оспан Б.І. 1943 «КӘсіпкерлік» ПӘнінен дәріс жинағЫ



бет117/152
Дата05.05.2023
өлшемі1,31 Mb.
#90256
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   152
Байланысты:
Ô 11-03 Æóìàíîâà Ã. Ì., Ìåðãåíáàåâà À. Ò.,Îñïàí Á.². 1943 «Ê?ñ³ï

10.5. Тәуекелдерді басқару әдістері.
Тәуекелділікті анықтаудың үшінші бағытында тәуекелділік шаруашылық қызметінің нәтижесінің анықталмаған жағдайы ретінде қарастырылады. Мұнда тәуекелділіктің келесі ерекшеліктері қарастырылады:
- теңсіздік;
- иерархиялық;
-кешенділік.
Процесстердің бірқалыпты жағдайда болмауына байланысты теориялар тәуекелділіктің пайда болуы мен қалыптасуына зерттеулерді терең жүргізуге мүмкіндік берді. Қалыпты жағдайда тәуекелділік ауытқу ретінде қарастырылса, бір қалыпты емес жағдайда оның себептерін толық анықтауға болады. Мұнда кәсіпкерлік тәуекелділік кәсіпкердің күткен нәтижесінің сәйкес келмеуі, ауытқуы, мақсатына жетпеуі ретінде қарастырылады. Мақсатқа жету барысында өте көп шешім қабылдауға тура келеді, бірақ соның ішінде аз шығынмен, көп қайтарыммен болатын шешімді дәл табу мүмкін емес, сондықтан ол тәуекелділік жағдайды дамытады. Шешім қабылдауда варианттардың көп болуы, теңсіздік жағдайды болдырады.
Тәуекелділікті басқару барысында оларды кездейсоқ және иерархиялық деп бөледі. Бірінші жағдайда ағымдық жағдайлармен анықталса, ал екінші жағдайда ол билік органдарымен байланысты. Себебі, кәсіпкер белгілі бір макроортада іс-әрекет етеді және сыртқы орта жағдайларын міндетті түрде ескеруі қажет. Мысалы, өз стратегиясын құру барысында үкіметтің саясатын, инфляция деңгейін, еңбек нарығындағы жағдайларды ескеру қажет болады.
Тәуекелділікті кешенді зерттеу арқылы олардың жеке әсерін емес, барлық жағдайдағы әсерін қарастыруға болады. Мысалы, бағалы қағаздарды сатып алу барысында біреуін көп мөлшерде алса, онда тәуекелділік деңгейі жоғары болады, ал егер портфельде бірнеше бағалы қағаз болса, онда тәуекелділік деңгейі біршама төмендейді және шығын аз болады.
Кәсіпкерлік қызмет барысында көптеген шешімдер тәуекелділік жағдайда қабылданады. Бірақ, менеджер, егер жоғары пайда болмаса, көбінесе тәуекелділікке бармайды. Бірақ тәуекелділік жағдайда да одан қашуға болмайды, тек оны дер кезінде анықтап, оған дұрыс баға бере білу қажет. Тәуекелділікті басқару ол тәуекелділік жағдайды басқару болып табылады және сол арқылы кәсіпорынның тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету болып табылады.
Басқару және тәуекелділік экономикалық жүйенің бір-бірмен байланысқан элементтері болып табылады. Көбінесе кәспкерлер өз ішкі сезіміне, тәжірибесіне сүйеніп, тәуекелділікті дер кезінде анықтап, оны алдын алып отырады, бірақ ол әрқашан орындала бермейді, сондықтан тәуекелділікті басқарудың ғылыми әдістерін қолдану қажет. Жалпы тәуекелділікті басқару келесілерді қамтиды: тәуекелділік жағдайдағы кәсіпкерлік қызметтің мүмкін болатын нәтижесін анықтау; тәуекелділік факторларына баға беру; тәуекелділік деңгейін азайту арқылы табысты жоғарылату. Тәуекелділікті басқару стратегиясы мен тактиканы құру арқылы жүзеге асырылады. Және оларды құру барысында тәуекелділікті басқарудың келесі әдістері қолданылады:
1 әдіс – тәуекелділікті алдын алу. Бірақ ол сыртқы факорлармен байланысты пайда болатын тәуекелділікпен байланысты емес, кәсіпкер ішкі факторларды басқару арқылы тәуекелділік деңгейін азайта алады.
2 әдіс - тәуекелділікке әсер етущі факторлардың деңгейін азайту. Ол үшін кәсіпкер келесі іс-шараларды жүзеге асыруы қажетті: жоспарлау сапасын жақсарту, өндірісті тиімді ұйымдастыру және басқару; икемді технологияларды қолдану және резервтік қор құру; мемлекеттік реттеуді жақсарту; стратегияны дұрыс таңдау т.б.
3 әдіс - тәуекелділікті сақтандыру жүйесін құру.
4-әдіс – тәуекелділікті басқаруды тиімді ұйымдастыру.
Тәуекелділікті басқару барысында оған әсер етуші факторларға талдау жаасалады, ол факторлар келесілерді қамтиды:
1. қызметіне қарай тәуекелділікке әсер етуші факторлар (өндірістік, коммерциялық, инвестициялық, инновациялық, банктік);
2. басқаруға мүмкін болуымен (фирма басқара алатын немесе басқара алмайтын факторлар);
3. шығу көзіне байланысты ішеі және сыртқы деп бөлінеді. Кәсіпкер үшін сыртқы факторлар анықталмаған жағдайда болады және олармен байланысты тәуекелділікті ол басқара алмайды.
Тәуекелділікті басқарудың соңғы кезеңі оның деңгейіне баға беру болып табылады.
Нарықтық экономика ерекшеліктерін ескере отырып тәуекелділік түрлерінің базистік принциптерін анықтауға болады. Тәуекелділіктің бөліну түрлері:
1. Пайда болу себебіне байланысты:
а) субъективті тәуекелділік(кәсіпкердің жеке қасиеттеріне байланысты анықталады)
б) объективті тәуекелділік (ақпараттардың жетіспеушілігі, апаттардың болуы, нарықтағы күтпеген өзгерістер т.б.)
2. Мәселені шешу кезеңіне байланысты:
а) шешім қабылдау кезеңінде (тәуекелділк деңгейін анықтаудағы қателіктер немесе ақпараттардың жеткіліксіз болуы)
б) шешім қабылдау барысында (дұрыс шешім қабылдамау салдарынан)
3. Тәуекелділік көлеміне байланысты:
а) жергілікті, бір фирмаға қатысты тәуекелділік.
б) салалық, сала ерекшелігіне байланысты болатын тәуекелділік
в) аймақтық, субъекті орналасқан аумақты қамтиды
г) ұлттық, макроэкономикалық кәсіпкерлік қызметті қамтиды.
д) халықаралық әлемдік нарық конъюнктурасының өзгеруіне байланысты пайда болатын тәуекелділік.

  1. Әсер ету деңгейіне байланысты:

а) сыртқы – экономикалық саясаттағы, макроэкономикадағы өзгерістер, табиғи апаттар, валюталық тәуекелділік.
б) ішкі – кәсіпорынның мамандану деңгейімен анықталады.
5. Кәсіпкерлік қызмет түріне байланысты тәуекелділік:
а) қаржылық – қор нарығы, банктердің қызметімен байланысты тәуекелділік;
б) өндірістік – мәжбүрленген үзіліс жасау, негізгі қорлардың істен шығуы т.б. байланысты пайда болатын тәуекелділік.
в) коммерциялық – нарық конъюнктурасында пайда болатын күтпеген тәуекелділік.
г) инвестициялық – инвестициялық қызметпен байланысьы болатын тәуекелділік;
д) инновациялық – инновациялық анықталмаған жағдайлармен байланысты болатын тәуекелділік.
6. Мүмкін болатын нәтижесіне байланысты тәуекелділік келесі түрлерге бөлінеді:
а) таза тәуекелділік – кері немесе нөлдік нәтиже алу мүмкідігі жоғары тәуекелділік,олар: табиғи, экологиялық, саяси, транспорттық және коммерциялық тәуекелділік.
б) спекулятивті тәуекелділік – бұл оң немесе кері нәтиже алу мүмкіндігі жоғары тәуекелділік, ол қаржылық тәуекелділік болып табылады.
Таза тәуекелділікке келесілер жатады: саяси тәуекелділік, экологиялық тәуекелділік, транспорттық тәуекелділік, мүліктік тәуекелділік, өндірістік тәуекелділік. Енді осы тәуекелділік түрлеріне жеке тоқталып өтейік.
Саяси тәуекелділік деп саяси жүйенің өзгеруімен, саяси тұрақсыздық, қоғамдағы саяси күштердің өзгеруімен байланысты кәсіпкерлердің мүліктік зиян көруін айтамыз.
Саяси тәуекелділік келесілерді қамтиды:

  • әскери шаралар, революция, ішкі саяси жағдайдың өршуі, тауарларды конфискілеуді енгізу, үкіметтің өз міндеттемелерін орындамау себебінен шаруашылық қызметтің шығын болуы т.б.

  • төтенше жағдайлардың болуынан төлем мерзімдерінің уақытын ұзарту;

  • салық мөлшерінің жоғарылауы;

  • ұлттық валюта шектеулілігі т.б.

Саяси тәуекелділікке әсер етуші факторлар екіге бөлінеді: тікелей (заңдардың өзгеруі, мемлекеттік және жергілікті басқару органдарының күтпеген іс-әрекеті, салық жүйесі т.б.), жанама(саяси жағдай, елдегі экономикалық жағдай, халықаралық жағдайлар т.б.)
Саяси тәуекелділіктің салдарлары келесілер:

  • көтерілістер мен жұмысшылар ереуілі;

  • транспорт тарифтерінің өсуі;

  • энергия бағасының өсуі;

  • салық салу жүйесінің өзгерісі;

  • капиталдар қозғалысына ресми түрде рұқсат беру немесе тыйым салу;

  • өкілетті органдармен қарым-қатынасы.

Экологиялық тәуекелділік – деп қоршаған ортаның ластануымен байланысты тәуекелділікті атаймыз. Экологиялық тәуекелділік келесілерді қамтиды: қоршаған ортаға, адамдардың өмір сүруіне зиян келтіру мүмкіндігі, өндірістік объектілердің экологиялық қауіптілігі, мүмкін болатын табиғи апаттар, өндірістердің сыртқа ортаны ластауы т.б. Қоршаған ортаға зиян келтіру деңгейі ормандарды, суларды, ауаны, жер ресурстарын, биосфера мен ауыл шаруашылық өнімдеріне келтірілген зиян мен олардың жойылу деңгейі, ластануы арқылы анықталады. Үшінші адамдарға зиян келтіру деңгейін аурулардың көбеюі мен өлім деңгейінің өсуімен анықтауға болады. Бұл жағдайда кәсіпорындар қоршаған ортаны ластауға байланысты азаматтық жауапкершілікке тартылады.Қоршаған ортаны ластау салдарын жақын аралық және алыс аралық деп бөлуге болады. Бірінші жағдайда әсері бірденнен көрінсе, екінші жағдайда ол ұзақ уақыт өткеннен кейін білінеді.
Қоршаған ортаны ластау келесідейбөлінеді:

  1. Табиғи – табиғи апаттар арқылы көрінеді;

  2. Антропогендік (адамдардың қызметі нәтижесінде пайда болады), олар: биологиялық – адамның қызметіндегі кездейсоқ жағдайлар;микробиологиялық – микробтардың көбеюінен пайда болады, адамдар қызметі оларға қолайлы өршу жағдайын жасап отыр; механикалық – маханикалық әсер ету арқылы табиғаттың өздігіен ластануы; химиялық – химиялық заттардың ауаны ластауы; жылулық-өндірістердің қалдықтарының жылуы негізінде пайда болатын газ түріндегі лас заттар; радиоактивтік – ортадағы радиоактивті элементтердің қажетті деңгейден асып кетуі т.б. Негізгі зиян келтірілетін объектілер: жер, су, ауа болып табылса, олар жанама түрде адамдардың денсаулығына, жануарларға, өсімдіктерге кері әсер етеді. Экологиялық тәуекелділікті азайту үшін экологиялық маркетинг қызметін қолдану қажет және ол келесі қызметтерді қамтиды: қоршаған ортаны қорғау, қауіпті ауруларды алдын алу және олармен күрес, өндірістердің қоршаған ортаға зиянын азайту жолдарын қарастыру, экологиялық қаржыландыру көздерін анықтау, қоршаған ортаға әсер ету деңгейіне баға беру, кәсіпорындардың қызметін экологиялық сақтандыру, кәсіпорындардың есебін талдау және экологиялық таза өнімдерді өндіруге көшу т.б. Табиғи қорғауды қаржыландырудың негізгі бес көзі қарастырылады:

    1. мемлекеттік бюджеттік аударымдар;

    2. табиғатты қорғаудың мақсатты қорлары;

    3. кәсіпорынның өз қаржылары;

    4. салық салудағы жеңілдіктер;

    5. қаржыландырудың халықаралық көздері.

Транспорттық тәуекелділік – жүктерді транспорт арқылы тасымалдау барысында қалыптасатын тәуекелділік( су жолы, әуе жолы, автомобиль, темір жол т.б.). Транспорттық тәуекелділікке байланысты халықаралық саудада негізгі шарттар жасалған Ол 4 түрге бөлінеді, олар: СИФ,КАФ, ФОБ, ФАС.
СИФ келісімі ағылшын тілінің алғашқы үш сөзін білдіреді, олар: тауар құны, сақтандыру және фрахты. Бұл келісім шартта сату-сатып алу келісімі жасалады.Мұнда тәуекелділікті сатушы өз мойнына алады. Сатушы тауарларды, жүкті жөнелту портына жеткізіп береді, оны артады, жүктерді фрахтайды және жүкті сатып алушыға жеткізгенге дейін сақтандырады. Және соған сәйкес құжаттарды сатып алушыға жібереді.
КАФ келісімі ағылшын тілінен аударғанда: құны және фрахтысы дегенді білдіреді. Мұнда сатушы өнімді белгіленген орынға жеткізіп беру келісімін жасайды, ал сақтандыру міндеті сатып алушыға жүктеледі.
ФОБ келісімі – ағылшын тілінен аударғанда бортқа дейін еркін деген мағынаны білдіреді. Мұнда сатушы жүкті бортқа дейін жеткізіп береді және жүкті артады, ал тасымалдау шығындары мен сақтандыруды сатып алушы өз мойнына алады.
ФАС келісімі бойынша жүкті артудан бастап барлық тәуекелділікті сатып алушы өз мойнына алады.
Мүліктік тәуекелділік деп кәсіпкердің өзінің өндірістік және қаржылық қызметінде өз мүлкінен айрылып қалуы немесе жоғалтып алуы, бұзылуымен байланысты. Мүліктік тәуекелділікті келесі топтарға бөлсек болады, олар:
- табиғи апаттар салдарынан мүліктен айрылып қалу тәуекелділігі;
- өндірістегі авриялық жағдайдан мүліктен айрылып қалу тәуекелділігі;
- ұрылардың іс-әрекеті салдарынан мүліктен айрылып қалу тәуекелділігі;
- тасымалдау барысында мүліктердің сынып қалуына байланысты тәуекелділік.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет