Ф 11-03 Жуманова Г. М., Мергенбаева А. Т.,Оспан Б.І. 1943 «КӘсіпкерлік» ПӘнінен дәріс жинағЫ



бет120/152
Дата05.05.2023
өлшемі1,31 Mb.
#90256
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   152
Байланысты:
Ô 11-03 Æóìàíîâà Ã. Ì., Ìåðãåíáàåâà À. Ò.,Îñïàí Á.². 1943 «Ê?ñ³ï

Бағадан тыс бәсеке ең алдымен өнім сапасын жақсартуды көздейді. Бағадан тыс бәсекенің басты қаруы – жарнама, маркетинг факторларын және басқаларын қолдану болмақ.
Бәсеке өз кезегiнде салаiшiлiк, салааралық және халықаралық бәсеке болып бөлiнедi. Iшкi және салааралық бәсеке қоғамдық еңбектiң бөлiнiсiнiң заңдылықтарын дамытып, өнеркәсiптi мамандандыруға. Салалардың салаiшiлiк, өнеркәсiп орындарының санының артуына және олардың бiр-бiрiне тәуелдiлiгiн қамтамасыз етедi.
Салаiшiлiк бәсеке тауарлардың рыноктық бағасын қалыптастырады. Олардың iшiдегi техникалық жағдайы жоғары және еңбек өнiмдiлiгi артық кәсiпорындар қосымша пайда тауып отырады. Әрбiр саланың компанияларының техникалық жағдайы, еңбек өнiмдiлiгi қарқынының деңгейi, тауарлардың жеке құны әр түрлi болып отырады. Салаiшiлiк бәсеке негiзiнде кәсiпорындар шығынды азайтуға, ресурстарды тиiмдi пайдалануға, инновациялық өнiмдер шығаруға ынталы болады.
Салааралық бәсеке әр түрлi рынокта қызмет етушi шаруашылық салалардың арасында туындайды. Яғни сырттан келетiн инвестицияларды өз саласына тартуға, осы саланы жетекшi сала ретiнде алып шығуы үшiн бақталас болып табылады.
Халықаралық бәсеке әр түрлi елдер арасында орын алады. Бүгiнгi жаһандану және ғылыми-техниканың жоғары дамыған, экономикалық қатынастардың күрделене түскен жағдайда әрбiр ел өзiнiң егемендiгiн және экономикалық потенциялын сақтап қалу үшiн бәсекеге түседi.
Халықаралық бәсеке келесiдей сипатталады:

  • бiрнеше басты салаларды әлем бойынша өзiне қарату, ноу-хауды дамыту, қаржылық жағдайын жақсарту;

  • көп аспектiлiк, әр түрлi рынок құрылымы мен механизмдерiне бейiмдi болу;

  • рыноктың осы заманға сай жылдам дамуын қамтамасыз ету;

  • рыноктық бақталаста айқын басымдылық қасиеттерiнiң болуы;

Қазіргі нарықтар өнім түрлерімен ғана бөлініп қоймайды және бәсеке сипатымен де бөлінеді: жетілген бәсеке нарығы, монополиялық бәсеке нарығы, олигополиялық бәсеке нарығы, таза монополия нарығы. Енді осыларға толығырақ тоқталайық..
Жетілген бәсеке нарығы – кез келген ұқсас (бір-бірін ауыстыратын) тауарларды сатушылар мен сатып алушылардың көптеген құрамынан тұрады. Бірде бір сатып алушы мен сатушы жеке дара сұранымды, нарыққа тауардың түсуін немесе оның бағасын бақылай алмайды. Сатушы бағаны нарықтық бағадан жоғары қоюға дәрмені жетпейді, себебі сатып алушы өзіне қажетті мөлшерде тауарды нарықтық бағамен еркін ала алады.Әрбір сатушы бір ғана тауар өнімін сатады. Бұл нарыққа тез келуге болады және тез кетуге болады. Осындай рыноктың моделіне, мысалы, ауыл шаруашылығы өнімдер нарығы өте жақын – бидай, көк - өніс, жеміс – жидек және т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет