Ф 11-03 Жуманова Г. М., Мергенбаева А. Т.,Оспан Б.І. 1943 «КӘсіпкерлік» ПӘнінен дәріс жинағЫ



бет4/152
Дата05.05.2023
өлшемі1,31 Mb.
#90256
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   152
Кәсіпкерлік ойлау - XXI ғасырдың қажетті дағдысы, бұл - ойлап табушылық, армандарды құру және әлі жоқ нәрсені -армандарды іске асыру қабілеті.
Сонымен қатар бұл - өте жоғары бейімделушілік (жаңа жағдайларға бейімделу қабілеті) және ұтқырлық (болған іске жылдам әрекет ете білу) - адамның өзгермелі жағдайларға икемделе алу қабілеті, икемді болу, қалыптасқан жағдайлардда эволюциялану (дами білу), қалыпты сценарийлермен әрекет ету мүмкін емес кез келген жағдайдан пайда таба білу, өмірге мүмкіндіктер әлемі деп қарау.
"Шын мәнінде, мен ақша таба аламын деп күткен жоқпын. Тапқан табысым жалдау ақысы мен азын-аулақ азық-түлік сатып алуға жетсе, маған сол жеткілікті болатын. Бірақ ақыр соңында, мұның бәрінің құнды екеніне көзім жетті. Қателесуден қорықпау керек. Ең бастысы - әр жолы жаңа қателіктер жіберу", - деп есептейді кәсіпкерлік ойлаудың символы болған Илон Маск. Дәл осы ойлау қабілеті Маскқа төлемдердің электрондық жүйесін жасап, қаржы әлемін өзгерткен PayPal стартапын құруға, ғарыштық зымырандарды құрастыратын әлемдегі алғашқы жеке компания - SpaceX негізін қалауға, Tesla электромобилін жасауға, бүкіл қалаларды және т.б. жабдықтау үшін күн энергиясын пайдалануды үйренуге мүмкіндік берді.
Жуырда ғалымдар адамның бизнестегі табысы үшін жауап беретін арнайы "кәсіпкерлік гені" жоқ па деген сауал қойды.
Көптеген табысты кәсіпкерлерді талдай отырып, зерттеушілер адамның бизнестегі табысқа жетуіне әкелетін қасиеттердің жиынтығын анықтауға тырысады.
Мысалы, Тулса университеті кәсіпкерлік кафедрасының профессоры Роберт Хисрич кәсіпкердің келесі басым мотивтерін атап көрсетеді: тәуелсіздікке, іс-әрекет бостандығына, шығармашылық жұмысқа және капитал құруға ұмтылу. Австриялық экономист Йозеф Шумпетер үстемдікке, билікке, ықпалға, жеңіске деген жігерге, қарсыластармен және өз-өзімен күресуде табысқа, шығармашылық қуанышқа ұмтылысты атап көрсетеді. Колорад университетінің кәсіпкерлік орталығының директоры Томас Дуэнингкәсіпкерге қажетті бес негізгі дағдыны атап өтті: мүмкіндіктерді тану, жобалау, тәуекелдерді басқару, сәтсіздікті бастан кешіре білу, жоспарлауға емес, әрекеттерге бейімділік.
Көптеген кәсіпкерлердің тәжірибесін жинақтап, мынадай қорытынды жасауға болады: кез келген адам кәсіпкер бола алады. Өз ісін өмір тарихы, мінез-құлқы мен мақсаттары мүлдем әртүрлі адамдар ашады. Тек бизнесте іс жүзінде табысқа жетуді қалайтындар төрт сатылы алгоритмді ұстануға тиіс. Біріншіден, олар шын мәнінде ойына алған істі істегісі келеді. Екіншіден, жетістіктерді үлкен емес, кішкентай қадамдардан бастау. Үшіншіден, әрбір кішкентай қадамнан кейін өз идеясын зерделеу және қайта бағалау қажет. Төртіншіден, келесі қадамды жасау.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет