Ф 11-03 Жуманова Г. М., Мергенбаева А. Т.,Оспан Б.І. 1943 «КӘсіпкерлік» ПӘнінен дәріс жинағЫ


Кәсіпкерліктегі лизингтік және факторинг



бет112/152
Дата05.05.2023
өлшемі1,31 Mb.
#90256
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   152
Байланысты:
Ô 11-03 Æóìàíîâà Ã. Ì., Ìåðãåíáàåâà À. Ò.,Îñïàí Á.². 1943 «Ê?ñ³ï

9.4. Кәсіпкерліктегі лизингтік және факторинг операциялары
«Лизинг» термині алғаш рет Батыс Еуропаның «Белин»телефон компаниясы 1877 жылы тұтынушыларға телефон аппараттарын сатпай, оларды уақытша пайдалануға беру туралы қабылданған шешімі себеп болған.
«Лизинг» - ағылшын тілінен аударылғанда «Leosina» және «Leose» деген сөзінен шыққан, аударғанда «жалға беру» және «жалға алу» деген мағынаны білдіреді.
Лизинг жөніндегі қазіргі түсініктер, ең алдымен, мүлікті уақытша пайдалануға беру, берілген мүлікті сату, сатып алуды іске асыру және зайымды рәсімдеу кезінде жасалынатын мүлікті арендалық келісім – шарт сипатымен анықталады. Сонымен қатар, лизинг құрал – жабдықтар жалға беруші фирмалар үшін де, жалға алушы фирмалар үшін де, әсіресе ол өндірістік техникалық дамуының жалғыз мүмкіндігі болып табылатын орташа және шағын кәсіпорындар үшін тиімді болып табылады. Лизинг уақыты қолданылатын еңбек құралдарының қызмет атқару мерзімінің 40-90 пайызын құрайды және иемдену шкотында болмайды. Жапонияда жыл сайынғы лизингтік операциялардың өсу көлемі 30% құрайды.
Экономикалық категория ретінде лизинг машиналарды, құрал-жабдықтарды, көлік құралдарын, өндірістік сипаттағы құрылғылардың ұзақ мерзімге жалға берілу негізіндегі қатынастарды білдіреді. Лизинг қажетті құрал жабдықтарды көп ақшалай қаражат шығындарынсыз-ақ белгілі бір мерзімге жалға алуға мүмкіндік беруі. Машиналарды құрал-жабдықтар ЭЕМ-ді жалға алу өндірісі құралдарының моральдық тозуымен байланысты жоғалтуларды болдырмайды.
Лизингтік компания құрал – жабдықты сатып алып, жалға алушы фирмаға 5-8 жыл мерзімге жалға береді. Ол өз кезегінде мүлікті қолдана отырып, біртіндеп қарызын өтейді.
Дәстүрлі жалға алумен салыстырғанда лизингтік операциялардың ерекшелігі қандай? Біріншіден, мәміле нысаны лизинг беруші емес, өз есебінен құрал жабдықты иеленетін лизинг алушы таңдайды. Екіншіден, лизинг мерзімі құрал-жабдықтың физикалық тозу мерзімінен (1-20 жыл) аз және салықтық амортизация мерзіміне (3-7 жыл) жақын. Үшіншіден келісім шарттың мерзімі аяқталғаннан кейін тұтынушы жеңілдетілген ставкамен жыл мерзімін ұзарта алады немесе қалдық құнымен сатып алады. Төртіншіден, әдетте лизинг беруші қаржылық мекеме – лизингтік компания болып табылады.
Жалдық төлемдер ай сайын, әр тоқсан немесе жарты жыл сайын жүзеге асырылады.
Жалпы лизингтік саланық дамуы экономикалық дамуға бірнеше бағыттар бойынша әсер етеді. Ол шағын және орта кәсіпорындарға өз өндірісін құру мен жетілдіруге мүмкіндік бере отырып, шағын және орта бизнестің одан әрі дамуына көмектеседі. Лизинг алушы мен лизинг беруші арасындағы қатынастарды ұйымдастыру ерекшеліктеріне орай тура және жанама лизингті бөліп қарастыруға болады. Тура лизинг жайында лизинг беруші мүлікті дайындаушы және мүлік иесі болады, ал жанама лизинг жалға беру үшінші тұрақтылық арқылы жүзеге асырылғанда көрініс табады. Несие беру әдісі бойынша ол жедел және қалпына келетін лизинг болып бөлінеді. Жедел лизинг кезінде жалға беру бір мезгілде жүзеге асырылды, ал қалпына келетін лизингте келісім шарт мерзімі аяқталысымен қалпына келеді.
Лизинг объектісі болып нарықта еркін айналуға тиым салынған негізгі құралдардың жіктелуіне жататын кез-келген жылжымалы және жылжымайтын мүліктер болып табылады. Лизинг келісімге қатысушылар ретінде лизингке беруші қарастырылады. Лизинг беруші және лизингке берілетін мүлікті сатушы ретінде көрінетін жеке кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке және заңды тұлғалар табылады.
Қазіргі кезде қызмет көрсететін лизингтік компаниялардың арасында «Лизинг центр» ЖШС, «Жалын - лизинг» ЖАҚ, «Спутник» ЖШС, «Алматы - техлизинг» ЖШС, «Алмаз Интернешнл трейдинг компания» ЖАҚ, «Каз техлизинг» ОК, «Инвестлизинг» ААҚ, «Астана-инвест» ААҚ, «Агро-лизинг» ЖАҚ сияқты компанияларды ерекше атап өтуге болады.
Лизингілік компаниялардың қызметі мәміленің объектісіне деген меншік құқығына байланысты диллерлік және брокерлік болып бөлінеді. Брокерлер мәміленің шарттарын орындау үрдісінде объектіге деген меншік құқығына ие болмайды. Олардың қызметтері мәмілені жасауға қажетті жақтардың мәліметтері, мәміле бойынша кеңес беру қызметін көрсету және оның лизингілік сипатты мақұлдауы болып табылады.
Лизингілік келісім – шартқа қатысатын брокерлер, жақтардың лизингілік мәміле шарттарына келіспеген жағдайда жауапкершілікті көтереді. Дилерлер мүлікті өзіндік қаржы немесе заемдық қаржы есебінен басқа біреуге лизингке беруге сатып алады және осы объектінің меншік иесі ретінде қатысады.
Лизингілік мәміледе үш субъект қатысады. Олардың біріншісі болып мүлік иесі, яғни мүлікті лизингілік келісімнің шарттарына сәйкес пайдалануға беруші лизингберуші болып табылады. Лизингберуші жарғысында бұл қызмет түрі қарастырылған банк мекемелері; лизингілік операцияларды жүзеге асыру үшін арнайы құрылған қаржының лизингілік компаниялар, (бұл компаниялардың негізгі және нақты жалғыз ғана қызметі болып мүліктің төлемі табылады, яғни мәмілені қаржыландыру); мамандандырылған лизингілік компаниялар (бұлар мәмілені қаржылық қамтамасыз етуге қосымша қаржылық түрге, қосымша қаржылық емес түрдегі қызметтер кешені де өз мойнына алады, яғни мүлікті жөндеу және оны күтіп ұстау, тозған бөліктерін ауыстыру, оны пайдалану жөнінде консультациялар және т.б.); кәсіпкерлік сферасы жарғысында тыйым салынбаған және қаржыландыру көздері бар және лизингілік операциялар жүргізуге лицензиялар бар кезде келген фирма кәсіпорын бола алады.
Екінші қатысушы мүлікті пайдаланушы – лизингалушы, ол меншік формасына байланыссыз кез келген заңды тұлға бола алады. Мемлекеттік кәсіпорындар, кооперативті, кішігірім кәсіпорындар, акционерлік қоғам, серіктестік қоғам, серіктестік және т.б.
Лизингілік мәміленің үшінші қатысушысы – лизингберуші лизингілік мәміледе субъектілердің өзара қарым-қатынастары келесі схема бойынша құрылады : болашақ лизенгалушы, ол мүліктің белгілі бір түрін таңдап, тауар өндірушілермен келісіп өзіне қажетті қондырғына табады.
Лизингалушыға лизингілік мәмілелерді іске асыру үшін әртүрлі көп қызметтерге көрсетіледі. Лизингберушіге көрсетілген бұл қызметткерге мыналар жатады: лизинг объектісін пайдалану, жеріне жеткізу, лизингке берілген жабдықтарды монтаждау және жүктеу, оның техникалық қызмет көрсетуін және ағымды жөндеу. Сонымен қатар, мәмілелердің рәсімдеу бойынша кеңес беру қызметері: салықтың жеңілдіктерді және лизингілік мүліктердің амортизациясын жеделдету механизімін қолдану, лизингілік мәмілелердің тәуекелдерін төмендету және олармен болған жоғалтуларды өтеу және т.б. лизингілік төлемдерді есептеу үшін есептеулердің ең қарапайым және кең таралған әдісін қолдануға болады.
Лизингалушы, сонымен бірге шығындарды болдырмауға ұмтылады. Бұл шығындар жалға алынған жабдықтарды, оның моральды тозуының тездетілуіне байланысты пайдаланғанда; онда өндірілген өнімнің бағасының төмендеуінен осы жабдықтың бұзылуынан тұрып қалу мен жөндеуден болған өндірістік емес шығындардың көбеюінен болады. Сондықтан, егер жалға алынған жабдықты пайдаланудан түскен пайда оның бастапқы құнын өтемесе, ол оперативті лшизингті қалайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет