Ф 11-03 Жуманова Г. М., Мергенбаева А. Т.,Оспан Б.І. 1943 «КӘсіпкерлік» ПӘнінен дәріс жинағЫ



бет111/152
Дата05.05.2023
өлшемі1,31 Mb.
#90256
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   152
Байланысты:
Ô 11-03 Æóìàíîâà Ã. Ì., Ìåðãåíáàåâà À. Ò.,Îñïàí Á.². 1943 «Ê?ñ³ï

9.3.Кәсіпкерлік қызметті несиелеу.
Қарызға алынған капитал кәсiпорын дамуының бiршама жоғары қаржылық әлеует пен iс-әрекеттiң қаржылық табыстылығын арттырғанымен, пайдаланылған капиталдың жалпы көлемiндегi қарызға алынған капитал үлесiнiң артуымен бiте қайнасқан шығынға ұшырау тәуекелiн күшейтедi.
Нарықтық экономика жағдайында қаржы ресурстарының сыртқы көздері маңызы артып келеді. Қаржы нарығында қалыптасатын ресурстар түрлі мерзімді банк несиелері, облигациялық займдар, вексельдер түрінде болып, кәсіпорынға төлемділік және қайтарымдылық негізінде беріледі.
Қаржы нарығында тартуға мүмкін көздердің көбісі шағын кәспорындар үшін жабық, оның бірнеше себебі бар:
- акция, облигация эмиссиясын жасаудың мүмкіншілігінің аздығы;

  • банктік және коммерциялық несиелердің қымбаттығы;

- несиелік тарифтың қысқалығы;
Соңғы кезде сақтандыру төлемдері кеңінен қолданылып келеді, сақтандыру компанияларының маңызы да артуда. Ал, тоқсаныншы жылдардың басында басымдыққа ие болып келген бюджеттік несиелендіру қазіргі күні тарылып келеді.
Кәсіпкерлікті дамытуға қолдау жасау банк жүйесі мен капитал нарығының дамуына елеулі үлес косады, өйткені, олар төмендегідей кызметтерді атқаруы керек:

  • кәсіпкерлікті дамытуға берілген мемлекеттік бюджет қаржылары менхалықаралық ұйымдар: Дүниежүзілік банк, Еуропалық қайта құру және дамубанкі, түрлі инвестициялык қорлар берген несиелік ресурстарды қайта бөлу;

  • кәсіпкерлікті несиелеу процесіне қатысуға делдал-банк ретінде әрекетететін несиелік ұйымдар мен коммерциялық банктерді тарту;

Шағын кәсіпкерлікті дамытудың банкісі төмендегі негізгі мәселелердің шешім табады: ұзақмерзімді несиелер негізінде бар және жаңадан кұрылып жатқан кәсіпорындарды колдау; «Инвестор - өткізуші банк - делдал банк – соңғы несиеленуші» нарықтық жүйесін құру; жеңілдікпен несиеге беру үшін капитал нарығындағы бос арзан ақша қаражаттарын жинақтау және қайта үлестіру.
Әлемде кәсіпкерлікті дүние жүзінде несиелеу үшін бірнеше халықаралық институттар кұрылған. Дүниежүзілік банк дамушы елдердің экономикалық саясатын өзгеру және нақты жобаларды іске асыру үшін тікелей несиелендіруді іске асырады. Еуропалық қайта қүру және даму банкі Орта және Шығыс Еуропа елдері нарық экономикасын құру және жеделдетіп кәсіпкерлікті дамыту үшін құрылған болатын.
Кәсіпкерлікті жобалық несиелеудің негізгі ерекшеліктерін карастырайык. Жобалық несиелеудің мәні - құрылып отырған немесе қайта кұрылып отырған кәсіпорын болашақта әкелетін пайда есебіненинвестициялық жобаларды қаржыландыру. Осы табыстар есебінен банктер ұйымдастыратын инвестицляларды қаржыландыру және қайтару іске асырылады.
Жобалық несиелеу кезде банктер беретін несиелердің негізгі кепілдеме рөлін инвестициялық жобаның өзі атқарады, демек кәсіпорын болашақта алатын табыстар болып табылады. Инвестициялық жоба - алға қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін кәсіпорынға салынған капиталдың тиімді қолданылуын қамтамасыз ететін ұйымдастырушылық-экономикалық жүйе. Жобалық несиелеу механизмін қолдану және оған қатысу туралы шешімді несиелендірушілер ұсынылған жобаның техникалық және экономикалык тиімділігін есепке ала отырып қабылдайды.
Инвестициялық жобаларды бағалау кезінде төмендегі жағдайлардың тиімділігін қамтамасыз ететін критерийлерге негізделеді:

  • техника-экономикалық негіздеме (ТЭН) және қаржылық жоспар қанағаттанарлық;

  • жобада қолданылатын өнім мен шикізаттың көздері мен құны кепілдетілген;

  • жобаға қажет жанар-жағармайлар бағасы тұрақты және тиімді;

  • жобаның тауарлары мен қызметтерін өткізу нарығы бар және нарыққа дейін тасымалдау құны ақылға сыйымды;

  • құрылыс материалдары күтілген бағадан қымбат емес;

- мердігер, қолданушы және басқарушы қызметкерлер сенімді жәнетәжірибелі, жобада қолданылатын технология тексерілген;

  • және басқа да жақтармен келісім-шарттар кұрылған,лицензиялар мен рұқсат қағаздар алынған;

  • мемлекеттендіру тәуекелі жоқ;

  • валюталық тәуекелдер сақтандырылған;

  • негізгі тапсырыс берушілер капитал үлестерін косқан;

  • жобада қосымша қамсыздандыру ретінде бағалы активтері бар;

  • жеткізілген ресурстар мен активтер сапасы талаптарға сәйкес;

  • форс-мажор тәуекелі, күтулер тәуекелі, шығыстардың өсу тәуекеліесептелінген және сақталынған;

  • жоба инвесторлар сенімін ақтайтындай көрсеткіштері болады;

  • құнсыздану мен пайыздық қойылымның нақты болжамы жасалынған.Жобалық несиелеу кезде жетістікті қамтамасыз ететін бес негізғі принципті атауға болады:

- инвестициялық жобаның өміршеңдігі;
- тәжірибелі және сенімге ие серіктердің жобаны іске асыруға катысуы;жобаның барлық тәуекелдерін есепке алу және үлестіру.
Инвестициялау (инвестициялық үрдіс) - бұл қарапайым және өндіріс қаражаттарын қалпына келтіруді ұлғайту процесі. Кәсіпорынның негізгі қоры, машиналар мен құрал-жабдықтар ескіріп, табиғи және сапалық тозуға ұшырайды, олар өндірістік процесс барысында ұдайы ауыстырылып отырады. Кәсіпорынның дамуы оның тиімділігінің ұдайы артып отыруы өндіріске жаңа үлгідегі техника мен технологияны тартуға, оны техникалық жағынан қайта жарақтану мен қайта құруды жүргізумен тікелей байланысты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет