Ф 11-03 Жуманова Г. М., Мергенбаева А. Т.,Оспан Б.І. 1943 «КӘсіпкерлік» ПӘнінен дәріс жинағЫ



бет119/152
Дата05.05.2023
өлшемі1,31 Mb.
#90256
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   152
Байланысты:
Ô 11-03 Æóìàíîâà Ã. Ì., Ìåðãåíáàåâà À. Ò.,Îñïàí Á.². 1943 «Ê?ñ³ï

Өзін өзі бақылау сұрақтары:
1.Тәуекелділікті бәсеңдету әдістері?
2.Тәуекелділіктің түрлері?
3.Тәуекелден келетін зияндар түрлері?

  1. Жіктелуі бойынша тәуекелдің аймақтары?

  2. Табиғи қорғауды қаржыландырудың негізгі көздері?

11 тақырып. Кәсіпкерлік саласындағы бәсекелестік және бәсекеге қабілеттілік.


Дәріс 11
11.1 Бәсекелестік түсінігі және оның түрлері.
11.2 Кәсіпорынның бәсекелестік артықшылығы мен бәсекеге қабілеттілігі.
11.3 Кәсіпкерлік қызметтің бәсекеге қабілеттілігіне әсер ететін факторлар.
11.4 Кәсіпкерліктегі бәсекелестерді талдау.

Дәріс мақсаты – кәсіпорынның бәсекелік артықшылығы мен бәсекеге қабілеттілігін түсіну. Кәсіпкерліктің бәсекеге қабілеттілігіне әсер ететін факторларды анықтау, кәсіпкерлік саласындағы бәсекелестерді зерттеу.




11.1 Бәсекелестік түсінігі және оның түрлері
Бәсеке дегеніміз- нарыққа қатысушылардың тауарларды өндіруде, сатуда және сатып алуда жақсы жағдайлар үшін сайысы.
Бәсекелік сайыста шаруашылық жүргізуші субъектер өз бәсекелесіне мардымсыз әрекеттер қолданады. Мұндай әрекеттерді «ниетсіз бәсеке» деп атауға болады:

  • бәсекелес туралы өтірік немесе қате мәліметтер тарату;

  • тауардың сапасы туралы және оның сипаттамасы, жасау әдісі мен жасалған орны туралы жалған ақпарат тарату;

  • бәсекелестің тауарлық белгісін, оның фирмасының атын, маркировкасын заңсыз пайдалану;

  • тауардың сапасы туралы дұрыс түсінік бермейтін жарнама жасау;

  • бәсекелестің тауарын жамандап көрсететін салыстырмалар қолдану;

  • келісім бойынша өздері ғана білуіне тиісті салаға жататын конфиденциялық ғылыми-техникалық өндірістік және басқадай информацияны таратып жіберу. Аталған шартбұзушылықпен күресу Қазақстанда мемлекеттік антимонополиялық агенттікке жүктелген.

Бәсекені оның тәсіліне қарай былай бөлеміз: бағалық және бағадан тыс немесе өнімнің сапалық (тұтыну құны) негізіндегі бәсеке.
Біртекті өнімдер түрінің нарықтың өзінде әртүрлі бағаларды көрсетуі бағалық бәсекелестіктің мән-жайын түсіндіреді.Сатушы өзінің өніміне бағаны түсіре отырып, тауарына барынша назар аудартады және түптеп келгенде нарықта нәтижеге қол жеткізеді. Бағалық бәсекенің негізгі тәсілі өндіріс шығындарын және өткерілетін тауарлар бағасын төмендету болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет