Ф 11-03 Жуманова Г. М., Мергенбаева А. Т.,Оспан Б.І. 1943 «КӘсіпкерлік» ПӘнінен дәріс жинағЫ


Бизнес-жоспардың негізгі бөлімдерінің мазмұны мен сипаттамасы



бет27/152
Дата05.05.2023
өлшемі1,31 Mb.
#90256
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   152
Байланысты:
Ô 11-03 Æóìàíîâà Ã. Ì., Ìåðãåíáàåâà À. Ò.,Îñïàí Á.². 1943 «Ê?ñ³ï

3.6. Бизнес-жоспардың негізгі бөлімдерінің мазмұны мен сипаттамасы.
Бизнес-жоспардың мазмұны бірін-бірі өзара толықтырушы іс-әрекеттер мен операциялардың кешенінен тұрады. Қазіргі кезде кәсіпкерлік тәжірибеде және ғылыми әдебиеттерде бизнес-жоспардың мазмұны мен құрылымына қатысты ғылыми негізделген нақты тәсіл жоқ. Бизнес-жоспардың құрамы, құрылымы мен көлемі оның мақсатына, кәсіпорынның мөлшеріне, қызмет түрінің өзгешелігіне байланысты анықталады. Бизнес-жоспар белгілі бір бөлімдерден тұрады, мұнда бизнестің негізгі идеясы мен мақсаты ашылып көрсетіледі. Сонымен қатар кәсіпорын мен онда өндірілетін өнімдердің өзгешелігі, нарықтық қажеттілігін қанағаттандыру мүмкіншілігі сипатталады, кәсіпорын персоналдары мен басқару жүйесі, маркетингтік, өндірістік, қаржылық жоспарлары қарастырылады.
Бизнес-жоспардың құрылымы мен мазмұны өндіріс саласының және өндіріс технологиясының сипатына тәуелді. Сіздің өніміңізді толығымен сипаттайтындай тауар немесе қызмет көрсету бизнес-жоспарын өңдеуге кірісе отырып, оның мазмұны мен құрылымы белгілі бір ережелерге бағынбайды. Бірақ солардың ішінде неғұрлым тиімдісі мынадай тарауларды қарастырады:
- фирманың мақсаты мен міндеті;
- бизнес-жоспардың көрсеткіштері мен негізгі параметрлері, жалпыланған резюме;
- тұтынушыларға ұсынылатын қызметтер, тауарлар, өнімдер сипаттамасы;
- сұраныс, сату көлемі, өтімі сияқты нарықты талдау мен бағалау;
- ұйымдастырушылық жоспар;
- өндірістік жоспар;
- маркетингтік жоспар;
- қаржылық жоспар;
- фирма қызметінің тәуекелділігін бағалау;
- келісімшарт тиімділігі мен қосымшалар.
1. Фирманың мақсаты мен міндеті. Кәсіпкерлік бизнестің басты мақсаты – пайда түсіру болып саналады. Көзделген келісімшартты жоспарлай отырып, ең алдымен пайданың қандай сомасына сенуге болады және бұл жоба қаншалықты табыс әкелуге қабілетті екенін анықтау қажет. Сонымен бірге бизнес-жоспарды құру барысында да уақыт факторын ескеру керек. Басқаша айтқанда, күтілетін пайданың мөлшерімен қатар уақыт бойынша қалай болатынына назар аударуы тиіс, яғни қажеттілікті қанағаттандыруға тым кеш қалмауы керек. Басты мақсатпен қатар бизнес-жоспарды құраушылардың қатарында басқа да мақсат пен міндеттер болуы тиіс, мысалы арнайы мақсат пен міндеттер; кәсіпкер беделін жоғарылату; кәсіпкерліктің ерекше міндеттері; қайырымдылық және т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет