Ф 11-03 Жуманова Г. М., Мергенбаева А. Т.,Оспан Б.І. 1943 «КӘсіпкерлік» ПӘнінен дәріс жинағЫ


SMM басқа жарнама түрлерінің алдында қандай артықшылықтары



бет60/152
Дата05.05.2023
өлшемі1,31 Mb.
#90256
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   152
Байланысты:
Ô 11-03 Æóìàíîâà Ã. Ì., Ìåðãåíáàåâà À. Ò.,Îñïàí Á.². 1943 «Ê?ñ³ï

SMM басқа жарнама түрлерінің алдында қандай артықшылықтары бар екенін қарастырайық.

  • Барлық әлеуметтік белсенді адамдар әлеуметтік желілерде көп уақытын өткізеді. Ал кез келген заманауи бизнестің клиенттері – әлеуметтік белсенді адамдар.

  • Төмен баға (SMM-менеджерді өзі жүргізу немесе жалдау мүмкіндігі). Теледидар, радио, билборд және т. б. жарнама орнының құнын салыстырсақ, бұл - айқын артықшылық .

  • Күн сайын жаңа посттар жазу мүмкіндігі. Егер бизнесмен теледидарға жарнама берсе, ол белгілі бір уақыт ішінде өзгертілмей беріледі. Әлеуметтік желілерде қоғамдағы кез келген оқиғаларға дереу жауап беруге болады.

  • Мақсатты аудитория кеңірек қамтылады. Сіз теледидардағы жарнамаңызды көрермендердің қарайтынына сенімді бола алмайсыз. Әлеуметтік желілерде сіз пайдаланушылардың жасы, жынысы, тұрғылықты жері және тіпті қызығушылықтарын көрсете отырып, жарнаманы сұрыптай аласыз! Осылайша, сіздің нақты өз клиенттеріңізге шығу мүмкіндігіңіз артады.

  • Клиенттермен кері байланыс. Сіздің жарнама қызықты болды ма, ақпарат пайда әкелді ме, сізге нені жақсарту керек? Егер сіз пайдаланушылардан кері байланыс ала алмасаңыз, бұл сұрақтарға жауап беру қиын. Әлеуметтік желілер пайдаланушылармен онлайн режимінде қарым-қатынас жасауға көмектеседі - сіздің өнімдеріңіз бен қызметтеріңізге олардың реакциясын біліп қана қоймай, сонымен қатар сұрақтарға жауап беруге, мәселелерді шешуге болады және т. б.

Оған қоса, әлеуметтік желілер клиенттер мен компаниялар арасындағы шекараны жояды. Шағын бизнес субъектілерінің көпшілігі бүгінде әлеуметтік желілерді пайдаланушыларды тартудың негізгі арнасы ретінде қарастырады.
Көрнекілік үшін, бүгінгі сабақта біз OQICO компаниясының бизнес-кейсін қарастырамыз және олардың үлгісі бойынша әлеуметтік желілердегі жұмыстар бойынша тәсілдерді көрсетеміз.


Нұр-Сұлтан қаласының ағылшын тілі және IELTS OQICO дайындық мектебін Наргис пен Динара деген серіктестер құрды, олар алдында өз бетінше жұмыс істеген. Бірлескен бизнес ашуға бел байлап, қыздар өздерінің оқыту тәсілдерін біріктіріп, сынақтар мен қателер әдісімен ағылшын тілін нөлден бастап еркін меңгеруге дейінгі немесе IELTS тапсыруға дейінгі өз әдістемелерін жасады. Мектеп Cambridge немесе Oxford баспаларынан шыққан стандартты жинақтарды пайдаланбауымен ерекшеленеді: оқыту материалдары мен әдістері әр топтың немесе студенттің қажеттілігіне қарай жеке-жеке іріктеледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет