Мобильді қосымшалар Пайдаланушылар мобильді құрылғыларды пайдалануды, яғни клиенттермен сөйлесуді, мерзімді түрде пайдалы ақпараттық таратылымдарды мессенджерлер арқылы әлдеқайда тиімді етуді қалайды. Бүгінде пайдаланушы компьютерге немесе ноутбукке қарағанда, смартфонмен жиі қарым-қатынас жасайды.
Осы маркетинг құралы жұмыс істеуі үшін арнаны құрып, белгілі бір салада сарапшының имиджін жасай отырып, қызығушылығы бойынша жазылушылар санын жинау қажет.
Мессенджерлердің артықшылықтары: - бұл бәсекеге қабілетті, дамып келе жатқан арна;
- шығын жұмсауды талап етпейді – мұндай сервистерде қарым-қатынас жасау тегін;
- мақсатты аудиториямен тығыз және тікелей байланыс.
Мессенджерлердің кемшіліктері: - пайдаланушылар теріс реакция жасауы және таратуларды спам деп қабылдауы мүмкін;
- ниеттес аудиториямен қарым-қатынас жасау әдістерінің өзектілігі.
Ал енді біз Интернет-маркетингтің ерекшеліктерін қарастырамыз. Бұл ретте, алға бастыру әдістерінің әрқайсысының өз өзгешеліктері болатынын және бизнестің әртүрлі түрлері үшін тиімділігі де әрқалай болатынын ескеру қажет.
Талдау мүмкіндігі
Онлайн арналардың жақсы жағы - олардың әсерін талдауға болады. Офлайнда бұл қиын – көшедегі билбордтағы баннерді қанша адам көргенін, газетті қанша адам оқығанын және т. б. түсіну қиын.
Онлайн арналар конверсияны қадағалауға мүмкіндік береді.
Интернет-маркетингтегі конверсия- сайтта қандай да бір мақсаттық әрекеттерді орындаған (жарнама берушілердің, сатушылардың, контент жасаушылардың жасырын немесе тікелей нұсқауы — сатып алу, тіркеу, жазылу, сайттың белгілі бір бетіне бару, жарнамалық сілтеме бойынша өту) сайтқа кірушілердің санының пайызбен көрсетілген сайтқа кірушілердің жалпы санына ара қатынасы. Мысалы: сізде қандай да бір өнімді сататын интернет-дүкен бар. Мысалы, тәулігіне оған 500 бірегей қараушылар кіреді. Осы тәулік ішінде дүкенде 7 түрлі сатып алу жасалады. Бұл жағдайда келушілер мен сатып алушылардың конверсия пайызы (7 сатып алу/500 келушілер)*100 =1,4% тең.
Табысты конверсияны сатушылар, жарнама берушілер немесе контентті жеткізушілер әртүрлі түсіндіреді. Мысалы, сатушы үшін табысты конверсия тиісті жарнамалық баннерге басу арқылы өнімге қызыққан тұтынушының сатып алу операциясын білдіреді. Контентті жеткізуші үшін табысты конверсия келушілерді сайтта тіркеу, пошталық таратуға жазылу, бағдарламалық қамтамасыз етуді жүктеу немесе келушілерден күтілетін басқа да әрекеттер болуы мүмкін.
Сондай-ақ, онлайн-коммуникациялар CTR қадағалауға мүмкіндік береді.
CTR (ағылш. click-through rate — "қарау көрсеткіші") - интернет маркетингтегі метрика. CTR баннерді немесе жарнамалық хабарландыруды қарау санының көрсетілімдер санына қатынасы ретінде анықталады, пайызбен өлшенеді.
CTR есептеу формуласы:
CTR = (қарау саны / көрсету саны) * 100
Мысалы: жарнамалық блок 10 рет көрсетілді және ол 2 рет қаралды. Демек, оның CTR-20 %.
Көбінесе CTR жарнама блогының немесе жарнама алаңының сапа өлшемі деп санайды.