Ф 11-19 Турекулова Ж. Е ф 11-19



бет54/64
Дата29.12.2023
өлшемі479,93 Kb.
#144770
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   64
Модернизация мақсаты – белгілі бір жетістік пен табысқа жету. Мұнда нарық пен азаматтық қоғам қағидаларына негізделген әлемдік экономика стандарттарына жету міндеті қойылады.

Модернизация теориясының классиктері: О. Конт, К. Маркс, М. Вебер, Г. Зиммел, Ф. Теннис, Э. Дюркгейм, Т. Парсонс болып табылады. Бұл аталған ғалымдардың ұсынған модернизацияның классикалық теориялары мен еңбектері мыналар:

О. Конт, «адамзат дамуындағы үш кезең» идеясы;

К. Маркс, «тарихи материализм» теориясы ;

М. Вебер, «рационализация» (ұтымды ету) теориясы;

Г. Зиммел, «абстракция» теориясы;

Ф. Теннис, «қауымдастық» және «қоғам» туралы теориялар;

Э. Дюркгейм, «механикалықтан органикалық ынтымақтастыққа өту» теориясы;

Т. Парсонстың «әлеуметтік жіктеу рөлін талқылау» идеясы.
Модернизациялау үдерісін зерттеп, сипаттауға қажетті саяси дамудың әртүрлі тұжырымдамалары бар. Олар:


«модернизация»;

«даму»;

«артқа қалу»;

«тәуелділік».
Демократиялық модернизациялану процесін американдық зерттеуші К. Менгес сатыларға бөліп көрсетті;


Біріншісі, дағдарыс пен бұрынғы режимнің моральды-саяси төзуі;

Екіншісі, әр түрлі коалициялардың жеңісі немесе жартылай жеңісі;

Үшінші, бұрынғы режіммен қалған кейбір жетекшілер мен ұйымдардың билікке қайта оралуы.
Демократиялық мордернизацияның өзіндік, қазақстандық жолын Н.Ә. Назарбаев ұсынды: «Халықтың көпшілігі қолдаған қазақстандық жол – сызбаны көз жұма көшіре салу емес, өзіндік жолды іздеуге ұмтылу. Мұнда біз басшылыққа алатын басты қағида – қан мен хаосқа толы демократия бізге керек емес. Біздің демократиямыздың негізі – саяси, әлеуметтік және халықаралық тұрақтылық».




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет