sБақылау сұрақтары: 1. Әлеуметтік страификация ұғымына анықтама беріңіз
2. К. Маркстің таптық теориясының мәнін ашып көрсетіңіз
3.М. Вебердің стратификация теориясын түсіндіріңіз
4. Қазақстан саясатында теңсіздік бар ма?
5. Теңсіздіктің себептері неде деп ойлайсыз?
¨ Ұсынылатын әдебиеттер: 1.Социология. Основы общей теории: учебник / Под ред. Г.В. Осипов, Л.Н. Москвичев. - 2-е изд., испр. и доп. - М.: Норма, 2015. - 912 с.
2.Дж. Ритцер, Дж. Степницки. Әлеуметтану теориясы. – Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2018. – 856 бет.
3. Майерс, Д.Г. Әлеуметтік психология. - Social psychology. /Д.Г. Майерс, Ж.М. Туенж; Жауапты шығарушы А.Б.Айтпаева, Б.Орынбетова.- 12-басылым.- Алматы: «Ұлттық аударма бюросы», 2018.- 648 б. 4. Бринкерхоф, Д. Әлеументтану негіздері. – Essentials of socioloy. /Д. Бринкерхоф, Р. Уейтс, С. Ортега.- Алматы: «Ұлттық аударма бюросы», 2018.- 464 б.
5. Аронсон, Э. Көпке ұмтылған жалғыз: Әлеуметтік психологияға кіріспе. /Эллиот Аронсон; «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының редакциялық алқасы: Тәжин М.М.- 11-басылым.- Алматы: «Ұлттық аударма бюросы», 2018.- 408 б. Әлеуметтену_және_бірегейлік__Дәріс_5__Қарастырылатын_мәселелер'>Тақырып 5 Әлеуметтену және бірегейлік
Дәріс 5 Қарастырылатын мәселелер 1. Әлеуметтену және бірегейлік теориялары (Т.Парсонс, Г.Х.Мид).
2. Әлеуметтену кезеңдері.
3. Гендерлік әлеуметтену. Гендерлік тәртіп.
4. Бірегейлік және тұлға. Рөлдер және мәртебелер
Әлеуметтену – индивидтің нақты қоғамға, әлеуметтік топқа тән қүндылықтарды, нормаларды, мінез-құлық үлгілерін игеріп, тұлғаға айналу процесі. Әлеуметтену бастапқы (балалық шақ, бозбалалық кезең, жастық шақ) және екінші (егде жас) болып бөлінеді.
Әлеуметтену процесінің екінші маңызды ерекшелігі – бұл жеке адамның әдейі (мысалы, тәрбие институттары арқылы) не әдейі емес, жасырын (латентті) әлеуметтенуі. Бірінші жағдайда адам қиындықтармен қақтығыса отырып, белгілі бір әлеуметтік рөльге тікелей енеді. Екінші жағдайда әлеуметтік құндылықтар жүйесінің нақты қызметі жеке адамның қалыптасуына әдейі болмаса да шешуші әсер беретіні меңзеледі.
Үшіншіден, әлеуметтену процесі – бұл жеке адамның өз индивидуальдығын, өзінді дара нақты келбетін табуы екенін айрықша атап көрсету керек. Ендеше, әлеуметтену процесі пассивті бейімделуден бөлек, жеке адамның әлеуметтік жағдайларға көнуінің, оның белгілі бір стандартты айырмашылықтарға ие болуының емес, сыртқы (әлеуметтік) және ішкі (биогенетикалық және рухани) факторлар ықпалымен және жеке адамның өзіндік белсенділігі қызметінің нәтижесі.
Әлеуметтенудің механизмдерінің мағынасын ашып көрсететін болсақ, онда олар төмендегідей ерекшеліктермен сипатталады.