Ф 11-19 Турекулова Ж. Е ф 11-19



бет31/64
Дата29.12.2023
өлшемі479,93 Kb.
#144770
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   64
Байланысты:
Ф 11-19 Турекулова Ж. Е-emirsaba.org

Саясаттану сөзі гректің «политика» (саясат) және «логос» (ілім) деген сөздерінен шыққан, саясат туралы ғылым деген мағынаны білдіреді. Ал саясат сөзінің өзі көне грек ұғымдарына негізделген politike – «мемлекетті басқару өнері немесе мемлекеттік істі жүргізу» деген сөзінен алынған. Алғашқы кезде саясат ұғымының дәлме-дәл аудармасы мемлекеттік істі жүргізу болған болса, қазіргі кезде саясат ұғымының ауқымы кең, күрделі зерттеу мәселесі бар ғылым саласы. Саясаттану қоғамдық ғылымдар жүйесінде өз орны мен ролі, өзіндік атқаратын қызметі бар ғылым болып табылады.

Саясаттану – саясат туралы, қоғамның өміршеңдігін, қоғам мен мемлекет арасындағы өзара әрекетті қамтамасыз ететін билік қатынастарымен, қоғамның мемлекеттік ұйымдасуымен, саяси институттар, принциптер мен нормалармен тығыз байланыста болатын адамдар өмірінің саяси саласы туралы ғылым.
Саясаттану рухани, материалдық, тәжірибелік, сонымен қатар саясаттың қоғам өмірінің басқа да салаларымен өзара әрекетін қамтитын саяси өмірдің барлық қырларын зерттейді.
Көпшіліктің санасында «саясат» термині негізі екі мағынада қолданылады. Бірінші мығынада белгілі бір саяси үрдісті басқару болса, мысалы «саяси экономика», «білім саласындағы саясат», яғни мемлекет тарапынан қолдау мен бақылау қажет керек екендігін көрсететін ұғым. Осындай қолдау мен бақылаулар мемлекеттің мүмкіндіктерімен үйлесе отырып, міндеттер мен мақсаттарды айқындауға, оларды жетілдірудегі мүмкіндіктерді белгілейді. «Саясаттың» көпшіліктің санасындағы екінші мағынасы – белгілі бағытталған саяси іс-әрекеттердің адамның өзінің мақсаттарды алға қою бейімділігі мен оларға жетудегі мүмкіндіктері, оны жүзеге асыру кезіндегі шығындары мен нәтижелері болып есептеледі. Бұл ұғымда саясат «стратегия» ұғымымен ұштасады. Мұндай «саясат» терминінің мағыналары - мақсатты айқындау, оны үкіметпен бірлесе отырып жүзеге асыру сияқты түсініктермен байланысты.
Саясаттанудың қалыптасу эволюциясы саяси – ғылыми әдебиеттерде 3 кезеңге бөлінген: философиялық кезең, эмпирикалық көзқарастарды сынау кезеңі және қазіргі түсініктегі саясаттанудың дербес ғылым ретіндегі қалыптасу кезеңі.

Философиялық кезең шамамен Аристотель заманынан бастап, Америкадағы азамат соғысына дейінгі кезең ( 1861-1865).

Сол азамат соғысынан бастап екінші дүниежүзілік соғысы аралығын қамтиды.

Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі уақыттан бүгінге дейінгі мерзім.
Бүгінгі күні саясаттану – қазіргі заманғы қоғамның саяси мәселелерін зерттейтін, болашақтағы саяси оқиғалардың үлгісін әзірлейтін және қоғамның саяси жүйесінің жұмысына объективті сараптамалық баға беретін ғылыми пән. Саясаттану пәні қоғамның саяси саласын, оның даму заңдылықтарын, қазіргі саяси өмірді ұйымдастыруды, басқаруды, оның құрылысы мен жұмыс істеуін зерттейді. Ол адамзаттың демократиялық қоғамдағы құқығы, еркіндігі мен міндеттері, жеке адамның саяси-құқықтық жағдайы, оның саяси өмірге қатынасу тәсілдері, саяси өзгерістердің түрлері, саяси мәдениетті қалыптастырудың мазмұны мен жолдары, қазіргі замандағы сан түрлі саяси идеялық қөзқарастар, жаңаша саяси ойлаудың мәні, қазіргі дүниежүзілік дамудың қозғаушы қүштері туралы түсінік береді. Ол бұрынғы және қазіргі саяси жүйелерді, адамның санасындағы, көзқарасындағы, мақсат мүддесіндегі және мінез-құлық, іс-әрекетіндегі саяси өзгерістерді қарастырады. Ол, бір жағынан, жиналған деректерді қорытады, екінші жағынан, құбылыстардың өзара ұқсастығы бойынша болашаққа болжам жасайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет