Ф 11-19 Турекулова Ж. Е


Тақырып 1 Әлеуметтік әлемді түсінудегі әлеуметтану



бет2/64
Дата25.11.2023
өлшемі0,63 Mb.
#127081
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   64
Байланысты:
Yvrhqzyy5Vh5pVje81dEnAjRJKojUU59sOVMoTaX

Тақырып 1 Әлеуметтік әлемді түсінудегі әлеуметтану


Дәріс 1
Қарастырылатын мәселелер
1. Әлеуметтануға кіріспе. Индивид және қоғам.
2. Әлеуметтік орта мен әлеуметтік мінез-құлық.
3. Әлеуметтік қарым-қатынастар мен әлеуметтік институттар.
4. Әлеуметтену және бірегейлік

1. Әлеуметтануға кіріспе. Индивид және қоғам. Қоғамның әрбір мүшесі үшін әлеуметтік білімдерді меңгеру маңызды болып табылады. Соңғы жылдары әлеуметтану ғылымы дербес ғылыми пән ретінде басқа ғылымдардың арасынан орнын тапты. Әлеуметтану адамзаттың тарихи тәжірибесін, әлеметтік әлемнің маңызды қырларын қарастырады. Әлеуметтануды зерттей отыра, адамзат қоғамының құрылымын ұғынамыз. Питер Бергердің «Әлеуметтануға шақыру»1 еңбегінде, ғалым әлеуметтану ғылымын әлеуметтік әлемге ашылатын терезе ретінде қарастырады. Ғалымның пікірінше, әлеуметтік институттарға талдау жасай отыра, әлеуметтік тәжірибені меңгереміз. Өзімізді қоршаған қоғам, біздің сезімімізді, көзқарастарымызды, тағдырымызды айқындайтынын ұғынамыз. Яғни, әлеуметтану ғылымын зерттеу, қоғамның заңдылықтарын түсініп, өзіміздің мінез-құлқымыз және іс-әрекеттеріміздің себеп-салдарын айқындау үшін қажет.


«Әлеуметтану» термині екі сөзден құралған: латынның socіetas - қоғам және гректің logos - сөз, түсінік, ілім деген сөздерінен. Демек, этимологиялық тұрғыдан алғанда әлеуметтану «қоғам туралы ғылым» немесе «қоғам туралы ілім» дегенді білдіреді.
Әлеуметтанудың негізін қалаушы О.Конт әлеуметтану пәнін жалпыға ортақ келісім негізін құрайтын тұтас алынған қоғам деп түсінді. Бұл келісім өз кезегінде адамзат тарихының және адамның өз табиғатының бірлігіне сүйенеді. О.Конт оң әлеуметтанушылық білімді табиғи-физикалық процестерге ұқсатып құрды. Әлеуметтануды әлеуметтік физика деп түсіну, оның пәндік саласын әлеуметтік статикаға және әлеуметтік динамика бөлу осыдан келіп шыққан.
Ағылшын философы әрі ғалымы Г.Спенсер әлеуметтануды әлеуметтік институттардың табиғи эволюциясы нәтижесінде ондағы жіктелу тұтасумен ұштасатын әлеуметтік организм ретіндегі қоғам туралы ғылым деп білді.
Неміс кәсіби әлеуметтануының атасы Ф.Теннис әлеуметтанудың өзі жасаған тұжырымдамасы шеңберінде теориялық және қолданбалы әлеуметтанумен қатар салыстырмалы оқу пәні ретінде эмпирикалық әлеуметтануды бөліп қарайды. Ол индуктивтік әдіске сүйенеді және жалпы ұстанымдар ретінде теориялық әлеуметтану ұғымдарын пайдаланады. Ф.Теннистің ойынша, әлеуметтану пәнін әлеуметтіліктің, қоғамдастықтың барлық түрлері және олардың негізін адамдардың өзара әрекеті құрайды.
Француз әлеуметтану мектебінің негізін қалаушы Э.Дюркгейм үшін дербес және ерекшеленген ғылым ретіндегі әлеуметтанудың пәні әлеуметтік фактілерді зерделеу болды, оларды «заттар ретінде», қоғамдық тұтастықты нығайтатын наным, ұжымдық сана жүйесіне қатысты функционалдылық көзқарасы тұрғысынан түсіндірілуге тиіс нәрсе ретінде қарастыру қажет.
Неміс әлеуметтанушысы М.Вебердің көзқарасы бойынша, әлеуметтану пәнін анықтау әлеуметтік мінез-құлықты түсінумен тығыз байланысты. М.Вебер үшін әлеуметтану пәні дегеніміз әлеуметтік іс-әрекеттердің мән-мағынасының, әлеуметтік қарым-қатынастар мәнінің және олардың әрекет субъектісіне арналған құрылымдарының тұтас жиынтығы. Бұл позитивтік-баяндаушы емес, түсінікті әлеуметтану болуға тиіс.
Әлеуметтану пәні туралы американ әлеуметтанушысы П.Сорокиннің түсініктері қызықты. Ол барлық ғылымдарды үш топқа - объективті нақты өмірдің органикалық бөлігін зерделеумен шұғылданатын ғылымдарға, органикалық емес бөлігі және «органика үстілік» немесе әлеуметтік мәдени бөлігін зерделейтін ғылымдарға бөледі. Объективті шынайылықтағы органикалықтан тыс феномендер саласын адамның ментальдік, ойлау қызметінде көрініс табатын әлеуметтік феномендер құрайды. Бұл салаға тіл, ғылым мен техника, дін, философия, өнер, құқық, этика, адамдардың әдет-ғұрыптары мен мінез-құлықтары жатады. Әлеуметтану ғылымдардың үшінші тобына кіреді және органикалықтан тыс феномендер үшін ортақ нәрселерді зерделейді. Сонымен әлеуметтану барлық категориядағы әлеуметтік феномендер, сондай-ақ оларды біріктіретін қарым-қатынастар мен өзара байланыстар туралы жалпы ғылым болып табылады.
Американ әлеуметтануының классигі Т.Парсонс әлеуметтануды мінез-құлықтардың өзара іс-әрекеттері мен атқаратын рөлдерінен - құндылықтардың жалпы иерархиясына бағытталған өзара іс-қимылдардан тұратын, мәдени үлгілер, ережелер мен мәртебелердің институциялануына негізделетін құрылымдарға сүйенетін, әлеуметтік жүйелерді зерделейтін ғылым деп біледі.
Символикалық интеракционизмнің негізін қалаушы Дж. Г.Мид әлеуметтану жануарлардың мінез-құлқынан принципті түрде өзгеше болатын адам мінез-құлқының механизмін түсінуге тырысуы тиіс деп есептейді. Әлеуметтік өзара әрекет механизмін оның барлық деңгейлері мен мән-мағынасы бойынша барабар түсіну.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет