Ф 11-19 Турекулова Ж. Е


Тақырып 5 Әлеуметтену және бірегейлік



бет23/98
Дата21.04.2022
өлшемі1,17 Mb.
#31837
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   98
Тақырып 5 Әлеуметтену және бірегейлік

Дәріс 5

Қарастырылатын мәселелер

1. Әлеуметтену және бірегейлік теориялары (Т.Парсонс, Г.Х.Мид).

2. Әлеуметтену кезеңдері.

3. Гендерлік әлеуметтену. Гендерлік тәртіп.

4. Бірегейлік және тұлға. Рөлдер және мәртебелер

Әлеуметтену – индивидтің нақты қоғамға, әлеуметтік топқа тән қүндылықтарды, нормаларды, мінез-құлық үлгілерін игеріп, тұлғаға айналу процесі. Әлеуметтену бастапқы (балалық шақ, бозбалалық кезең, жастық шақ) және екінші (егде жас) болып бөлінеді.

Әлеуметтену процесінің екінші маңызды ерекшелігі – бұл жеке адамның әдейі (мысалы, тәрбие институттары арқылы) не әдейі емес, жасырын (латентті) әлеуметтенуі. Бірінші жағдайда адам қиындықтармен қақтығыса отырып, белгілі бір әлеуметтік рөльге тікелей енеді. Екінші жағдайда әлеуметтік құндылықтар жүйесінің нақты қызметі жеке адамның қалыптасуына әдейі болмаса да шешуші әсер беретіні меңзеледі.

Үшіншіден, әлеуметтену процесі – бұл жеке адамның өз индивидуальдығын, өзінді дара нақты келбетін табуы екенін айрықша атап көрсету керек. Ендеше, әлеуметтену процесі пассивті бейімделуден бөлек, жеке адамның әлеуметтік жағдайларға көнуінің, оның белгілі бір стандартты айырмашылықтарға ие болуының емес, сыртқы (әлеуметтік) және ішкі (биогенетикалық және рухани) факторлар ықпалымен және жеке адамның өзіндік белсенділігі қызметінің нәтижесі.

Әлеуметтенудің механизмдерінің мағынасын ашып көрсететін болсақ, онда олар төмендегідей ерекшеліктермен сипатталады.



Еліктеу – индивидтің өзі еліктеп отырған объектінің ерекшеліктері мен мінез-құлық үлгілерін айнытпай салуы.

Теңдестіру – теңдестіріп отырған топтың құндылықтарын саналы түрде қабылдау;



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   98




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет