Ф 11-19 Турекулова Ж. Е


Халықаралық қатынас дегеніміз



бет94/98
Дата21.04.2022
өлшемі1,17 Mb.
#31837
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   98
Байланысты:
Әлеуметтану-саясаттану дәріс жинақтары(1)

3. Халықаралық қатынас дегеніміз - әлемдік қауымдастықтықтың негізгі субъектілерінің арасындағы саяси, экономикалық, әлеуметтік, дипломатиялық, құқықтық, әскери және гуманитарлық байланыстар мен қатынастардың жүйеленген жиынтығы. Әлемдік қауымдастықтың субъектілеріне халықтар, мемлекеттер, қоғамдық күштер, қозғалыстар мен ұйымдар жатады.

Осы заманғы халықаралық қатынастардың ерекшеліктері мыналар:

Біріншіден, ол бүкіл әлемдік сипатқа ие, яғни аймақтық ауқыммен немесе нақты бір салалармен шектелмейді;

Екіншіден , оған кешендік, жүйелік сипат тән.

Осы заманғы халықаралық қатынастардың, соған орай халықаралық саясаттың негізгі принциптері мыналар болып табылады:



Демократияландыру – мемлекеттердің ішкі саясатында және өзара қарым – қатынастарда демократия принциптерін басшылыққа алу;

Демилитарландыру – халықаралық қауіпсіздік жүйесін құру, елдер мен халықтар арасындағы өзара сенім мен сыйласым орнатып, қарусыздану процесін пәрменді жүргізу;

Деидеологияландыру – халықаралық қарым – қатынастарды реттеуге идеологиялық тіресуден, қасаңдықтан бас тартып, жалпы адамзат мүддесін жоғары ұстау;

Гуманиландыру – халықаралық қатынастарға ізгілік, адамгершілік, имандылық сипат беру, адамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету, саясат адамға қызмет ететінін, адамның бостандығы мен құқығы ең жоғары құндылық екенін үнемі басшылыққа алу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   98




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет