Ф. Диханбаева, Г. Кузембаева, К. Кузембаев, А. Матибаева азық-ТҮлік тауарларын тану және сараптау



бет48/379
Дата08.03.2022
өлшемі2,68 Mb.
#27258
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   379
Майлар жемістермен көкөністерде өте аз мөлшерде (0,1-0,5%) болады. Ол жаңғақ ядроларында (45-65%), сүйекті өрікте (20-50%) көп болады.

Фитонциттер бактерицидтік қасиетке ие, токсинді ұшқыш заттарды бөліп, микрофлораның тіршілігін жояды. Пияз, сарымсақ, түбіртамыр фитонциттері активті болып табылады.


3.2. Көкөністер


Өсімдіктің қай бөлігі тамаққа қолданылуына байланысты көкөністер екі топқа бөлінеді: вегетативті және генеративті.

Вегетативті көкөністердің жапырақтары, тамырлары, сабақтары, түйнектері тамаққа қолданылады. Бұл топқа:


  • түйнекжемістілер (картоп, топинамбур, батат);

  • тамыржемістер (қызылша, сәбіз, тұрып, шалғам, шалқан, тарна, ботташық, балдыркөк, ақжелкен);

  • орамжапырақ көкөністері (ақ қауданды, қызыл қауданды, савой, брюссель, кольраби, гүлді);

  • пияз көкөністері (басты пияз, порей пиязы, шалот пиязы, батун пиязы, сарымсақ);

  • салат-шпинатты көкөністер (салат, шпинат, қымыздық және т.б.);

  • татымды көкөністер (аскөк, балдыркөк, ақжелкен, чабер, эстрагон, түбіртамыр, райхан, т.б.)

  • десертті көкөністер (спаржа, рауғаш, артишок, т.б.) жатады.

Генеративті көкөністерде тамаққа тұқымдары, жемістері, гүлдері қолданылады. Оларға:

  • асқабақты (қияр, кәді, асқабақ, патиссондар, қарбыз, қауын);

  • томатты (қызанақ, баклажан, бұрыш);

  • бұршақты (асбұршақ, үрмебұршақ, атбас бұршақ);  астық көкөністері (жүгері) жатады.

Жетілу мерзіміне байланысты көкөністер ерте, орташа, кеш пісетін болып бөлінеді. Қолданылуына қарай көкөністер асханалық (тамаққа қолдану үшін), техникалық (крахмал, қант және басқа өнімдерді алу үшін) және әмбебап болып бөлінеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   379




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет