Ф. Диханбаева, Г. Кузембаева, К. Кузембаев, А. Матибаева азық-ТҮлік тауарларын тану және сараптау



бет70/379
Дата08.03.2022
өлшемі2,68 Mb.
#27258
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   379
Байланысты:
Азық түлік тауарларын тану және сараптау

Патиссон – асқабақ тұқымдас бір жылдық шөптесін өсімдік. Жылы, жарық, ылғалды жерде жақсы өседі. Тамаққа 3-5 күндік түйнектері қолданады. Көкөністердің түсі әдетте ақ, сонымен қатар сары және қызыл сары түсті де болады. Оның құрамында 6-6,5% құрғақ зат, соның ішінде 4,1% қант, 1,3% жасұнық, 20-30 мг% С дәрумені бар. Патиссонды пісірілген, қуырылған түрде, сонымен қатар маринадтау үшін қолданады.

Қарбыз – жемісі қызыл, қызғылт, күрең қызыл, ақ, сарғыш, массасы 0,6-16 кг асқабақ тұқымдасына жататын бір немесе көпжылдық өсімдік туысы. Қарбыз жоғары қант мөлшерімен (11%) ерекшеленеді, оның ішінде фруктоза үлесі үлкен. Мал азықтық қарбыздың массасы 10-15 кг, ал құрамындағы қанттың мөлшері 2–3% болады.

Қарбыз асханалық және цукаттық болып бөлінеді. Асханалық қарбыз балғын түрде десертті өнім ретінде, бал, шарап жасау үшін, ал кішкентайларын тұздау үшін қолданылады. Асханалық сұрыпты қарбыздар қант мөлшері, жеміс пішіні, түсі және қабығының суреті, тұқымдарының өлшемі және түсі, жұмсағының консистенциясы, жетілу мерзімі бойынша ажыратылады. Цукаттық қарбыздардың қабығы қалың болады, жеуге онша жарамсыз, тек цукат жасау үшін қолданылады.

Стандартты жемістер балғын, жетілген, бүтін және аурулармен зақымданбаған болу керек. Жемістердің пішіні мен қабығының түсі шаруашылық-ботаникалық сұрыпқа сәйкес болу керек. Жұмсағы жетілген, бірақ аса пісіп кетпеген болу керек. Тұқымдарының түсі сұрыбына сәйкес болу керек. Жемістердің өлшемі ең үлкен көлденең диаметрі бойынша анықталады және ерте пісетін сұрыптар үшін – 13 см, ал кеш пісетін сұрыптары үшін – 17 см кем болмау керек. Мыжылған, жарылған немесе езілген, піспеген, аса пісіп кеткен, зиянкестермен зақымданған, шіріген, аурулармен зақымданған қарбыздарды сауда орындарына жіберу рұқсат етілмейді.

Қауын – түріне байланысты массасы 200 г-нан 16 кг дейін асқабақ тұқымдасына жататын бір жылдық шөптесін өсімдік. Қауын бағалы емдік тағам, құрамында 16-18% қант, 0,6% ароматты және минералды заттар, С (20 мг%), В1 (0,05 мг%), РР (0,4 мг%), каротин (0,7–2 мг%) дәрумендері, пектин заттары бар.

Қарбызға қарағанда қауындар сақтау кезінде жетілу қабілеті бар. Сондықтан алыс жерлерге тасымалдау және сақтау үшін оларды онша піспеген күйінде жинайды.

Қауын сұрыптарын пішіні бойынша:шар тәрізді, цилиндр тәрізді, ұзынша келген; өлшемі бойынша: майда, орташа, ірі; бетінің құрылымы бойынша: тегіс қабықты, торлы, бұдырлы деп ажыратады. Қауынның кең тараған сұрыптары: Колхозница, Комсомолка, Гуляби, Зимовка, т.б.

Қауындардың піскенін түсінің өзгеруі, жұмсағының консистенциясы, ароматтың түзілуі, тұқымдардың бөлінуі бойынша анықтайды.

Қауынды тіліп, кептіріп қақ жасайды, қауын құрт қайнатады, тосап, қайнатпа, мармеладқа қосады.

Стандартты қауындар балғын, жетілген, бүтін және аурулармен зақымданбаған болу керек. Жемістердің пішіні мен қабығының түсі шаруашылық-ботаникалық сұрыпқа сәйкес болу керек. Жемістердің өлшемі ең үлкен көлденең диаметрі бойынша анықталады және ерте пісетін және майда сұрыптар үшін – 10 см, ал орташа және кеш пісетін сұрыптары үшін – 15 смден кем болмау керек. Жарылған немесе езілген, зиянкестермен зақымданған, шіріген, аурулармен зақымданған қауындарды сауда орындарына жіберу рұқсат етілмейді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   379




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет