1. Әлемдік жаһандану және оның қазақ мәдениетіне тигізген әсері
2. Қазақстанның мәдени саясаты
Жаһанданудың қазақ мәдениетіне тигізген әсері
Жаһандану,немесе Глобализация (ағылш. Global — «әлемдік», «дүниежүзілік», «жалпы») — жаңа жалпыәлемдік саяси, экономикалық, мәдени және ақпараттық тұтастық құрылуының үрдісі. Терминді ғылыми айналымға алғаш рет 1983 жылы енгізген америкалық экономист Теодор Левитт.
Жаһанданудың қазақ мәдениетіне тигізген әсері
Жаһанданудың жаңа сатысының түрлі аспектілерін 20 ғасырдың ортасынан бастап Уолт Ростоу, Дэниел Белл, Питер Дракер, Джон Нейсбитт, Лестер Туроу зерделеді. Олар ғылымға “интеллектуалдық индустриялар, экономикас”, “ақпараттық қоғам”, “техникалық революция”, “ақпараттық жарылыс”, “ғаламдық ауыл” деген ұғымдарды енгізді.
Жаһанданудың қазақ мәдениетіне тигізген әсері
Мәдени,жаһандану— дәстүрлердің, діндердің, мәдениеттер мен идеологиялардың “ұқсастануының” кешендік үрдісі. Адамзаттық мәдени құндылықтар ортақтығының күшею үрдісі “менталдық” жаһанданудың бір көрінісі болып табылады. Мәдени жаһандану саласында бүгінгі күннің өзінде біртұтас жалпыадамзаттық мәдениеттің нышандары — жаңа нысандармен (желілік мәдениет, кибермәдениет) ұштасқан ежелгі мәдени дәстүрлердің (классикалық, еуропалық, америкалық, шығыстық, мұсылмандық және үнділік) синтезі көріне бастады. Бұл жағдай әрбір ұлттық, халықтың өзіне тән ділі мен мәдениетін сақтап қалуы жолында орасан зор күш-жігер жұмсауын талап етеді;
Жаһанданудың қазақ мәдениетіне тигізген әсері
Жаһандану дәуірінің басталуы қазақ және Қазақстанның басқа да халықтарының дәстүрлі мәдениетінің, тілдік және мәдени бірегейлігі мен өзіндік ерекшелігін сақтап қалу мәселесі аса өзекті болып отыр. Мәселе қазақ мәдениетін батыс мәдениетіне қатысты бәсекеге қабілетті етіп жаңғырту және дамыту. Атап айтар болсақ
ұлттық құндылықтарды сақтап қалу, тіл мәдениетіне басымдық беру, ұлттық сананы дамытудағы рухани жаңғыру жобасын дәиекті түрде үздіксіз жүргізу.
Жаһандану және ұлттық мәдениет
Жаһандану дамыған мемлекеттердің барлық салада саяси, мәдени, экономикалық, әлеуметтік үстемдік етуі.Қандай да бір ұлттың басқа ұлт мәдениетіне еліктеуі, бірте-бірте өз мәдениетінен алшақтауға, тіпті жиіркенішпен қарауына әкелуі мүмкін. Бұл ұлттық болмыстың жоғалуына әкеледі. Әлемдік деңгейдегі ғылымға, философияға үлес қосу үшін «өзіндік қырың мен менің» маңызды. Философия мәдениетке негізделіп, ұлттық болмысты сомдағанда ғана ұлттық философия бола алады
«Езілген ұлттардың менін, болмысын ұмыттыру, оларды тарих бетінен жойып жіберудің астыртын жүргізген әдісі мен ойыны»
Мухаммад Икбал
Жаһанданудың қауіптілігі
Әртүрлі мәдениеттердің құндылықтарын дамыту мен таратуға негізделген ақпарат тең емес жағдайда жүреді. Батыс мәдениеті мен тілдерінің қысымы саны аз халықтардың мәдениеттерінің жойылу қаупін тудырады.
Тұрақты және қатаң экономикалық бәсекелестік мемлекеттердің әлемдік теңсіздігін күшейтеді. Әлемнің Солтүстік пен оңтүстікке айқын экономикалық, әлеуметтік бөлінуі әлемнің көптеген елдері мен халықтарында прогрестің дамуын шектейді.
Адамзат игіліктерінің әлем өңірлері арасында әділетсіз бөлінуі халықтар арасында объективті наразылық туғызады. Бұл қақтығыстар этникалық, әлеуметтік, экономикалық негізде артып, арты терроризмге, қарулы қақтығыстардың өсуіне әкеледі.