Ф. Диханбаева, Г. Кузембаева, К. Кузембаев, А. Матибаева азық-ТҮлік тауарларын тану және сараптау



бет222/379
Дата08.03.2022
өлшемі2,68 Mb.
#27258
1   ...   218   219   220   221   222   223   224   225   ...   379
Байланысты:
Азық түлік тауарларын тану және сараптау

Май ақаулары. Сапалы емес шикізатты қолдану, дұрыс өңдемеу және сақтаудың қолайсыз жағдайлары майда ақаулар тудырады.

Ащы дәм сиырлар кейбір шөпті (жусан, жабайы пияз, люцерн және т.б.) жегенде, сонымен қатар майда шіріткіш микрофлора дамығанда және ақуызды заттары ыдырағанда түзіледі. Тұздалған майда бұл ақау магнийдің хлорлы тұздары жоғары тұзбен тұздағанда пайда болады.

Жем татымы сары майда шикізаттан түзіледі, сонымен қатар сиырлар өзіндік дәмдік және ароматты заттары бар өсімдіктермен азықтанғанда пайда болады.

Олеинді дәм (балғын емес өсімдік майының татымы) құрамындағы майдың кейбір сүт қышқылды бактериялар мен ашытқы әсерінен өзгеруінен пайда болады. Ол ауа және жарық қатысында сары майды сақтағанда пайда болуы мүмкін.

Ашыған дәм майдың ферменттер және ауа оттегісі әсерінен тотығу нәтижесінде түзіледі. Тотығу кезінде альдегидтер, қышқылдар, оксиқышқылдар, эфирлер, спирттер, төмен молекулалы май қышқылдары, түзіледі де, майға ашыған дәм береді.

Шіріген дәм – сапасыз шикізатты қолданғаннан май ақуызының ыдырауы нәтижесінде түзіледі.

Балық дәмі – майды балық өнімдерімен бірге сақтағанда; рационында балық ұны жемге берілген малдан алынған майда пайда болады.

Көгерген дәм – май бетінде және тығыз оралмаған өнімде зең дамуы нәтижесінде түзіледі.

Металл дәм – дұры емес қалайыланбаған ыдыстар мен аппаратураны қолданған кезде май плазмасында темір мен мыс тұздарының еруі нәтижесінде түзіледі.

Штафф немесе майдың беттік тотығуы анаэробты микрофлора дамуы мен тотығу үдерісі нәтижесінде пайда болады. Майдың беттік қабады қою сары түске, жағымсыз дәм мен иіске ие болады.

Май бетінің сарғаюы май бетінің ауа және микроағзалар әсерінен түрінің өзгеруі кезінде түзілетін ақау. Майдың беткі қабаты жағымсыз дәмге ие болады және түсі қоюланады.

Үгілмелі консистенция майды аса суытылған кілегейден өндіргенде пайда болады. Сонымен қатар бұл ақау құрамында жоғары температурада еритін майлар бар немесе ақуыз пен көмірсу көп, ал майы аз азықтармен азықтандырған малдан алынған сүтті қолданудан пайда болу мүмкін.

Жұмсақ әлсіз консистенция жеткілікті мөлшерде жетілмеген кілегейден алынған майда майды жоғары температурада шайқау нәтижесінде түзіледі.



Біртексіз бояу бір жәшікке тартылған майды салғанда немесе майды біртексіз тұздағанда түзіледі.

Дұрыс емес немесе анық емес маркіленген майды, ішінен зақымданған, бөтен қоспасы бар сары майды; ашыған, балық немесе көгерген дәмді, сонымен қатар мұнай өнімдері мен химикаттар татымды қорытылған майды, бөтен дәм мен иісті, өнім түріне тән емес, қосылған толтырғыш дәмі мен иісі білінбейтін толтырғышы бар сары майды саудаға жібермейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   218   219   220   221   222   223   224   225   ...   379




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет