Тұздалған балық сапасын анықтау.
Тұздалған балық сапасын әрекеттегі стандарттарға сәйкес сыртқы түрі, консистенциясы, дәмі мен иісі, бөлшектенуі, ас тұзының мөлшері, ал кейбір балықтар үшін май мөлшері бойынша анықталады.
Тұздалған балық сынамасын алып, балық түрін, тұздау әдісін, стандарт нөмірін, өлшемдік тобын анықтау керек; ас тұзын аргентометриялық әдіспен анықтау керек.
Жұмысты орындау реті: Майдаланған балық турамасынан 35 г өлшендісін 0,001 г дәлдікпен химиялық стаканда өлшеп алып, 100 мл дистилденген су құяды да, периодты түрде резина ұшы бар шыны таяқшамен араластырып, 25–30 минут тұрғызады. Тұрғызған соң стакан құрамын қағаз сүзгі арқылы сүзіп алып., 10 мл сүзіндіні 0,5 мл хром қышқылды калий қатысында азот қышқылды күміс ерітіндісімен кірпіш-қызыл түске енгенше титрлейді.
Хлорлы натрий мөлшерін пайыз есебімен мына формуламен есептейді: NaCl мөлшерін мына формуламен анықтайды:
V1 K 0,005845100100
X ,%,
V2 m
мұндағы V1 –титрлеуге кеткен 0,1н AgNO3 ерітіндісінің көлемі, мл;
V2 – титрлеуге алынған сүзінді мөлшері
K – AgNO3 ерітіндісінің түзету коэффициенті (0,1 н ерітінді үшін қалыптылық коэффициенті);
0,005845 – 0,1н AgNO3 ерітіндісінің 1 мл сәйкес хлорлы натрий мөлшері; m-балық өлшендісі, г;
Достарыңызбен бөлісу: |