Ф. Фребель әдістемесі


Балабақшада тәрбиелеу методикасы



бет2/4
Дата11.03.2022
өлшемі466,16 Kb.
#27591
1   2   3   4
Балабақшада тәрбиелеу методикасы. Фребель жазғандай, «балаларды бақшада ұжымдық іс-әрекеттерге белсенді түрде тарту қажет, олардың денесін дамыту, сезіну арқылы жаттығу жасату, адамдар және табиғатпен таныстыру; ойын және көтеріңкі көңіл күймен оларды мектепке дайындау қажет».

Фребельді балабақша ашу идеясын көптеген жылдар бойы толғандырған. Бірдей жастағы балалардың ойнай отырып, оқуды үйрену қарым-қатынастары кішкентай адамдардың рухани өмірлеріне үлкен әсерін тигізеді.

Фребельдің ойынша балабақша төрт мекемеден тұруы керек:

➣ ерте жастағы тәрбиеленушілерге арналған мекеме;

➣ балалардың «бақшалық» оқуы және дайындығына арналған мекеме;

➣балалардың пайдалы ойындарын тарататын мекеме

➣ата-ана мен тәрбиешілер, тәрбиешілер мен тәрбиеленушілерді байланыстыратын мерзімдік баспалар.

Тәрбиелеудің маңызды факторы ретінде Фребель тіл деп санайды. Оның айтуынша, ойын әңгіме немесе ән қатыстырылуы арқылы жүргізілуі керек.

Фребельдің кезінде оның балабақшалары бағаланбаса да, XIX ғасырдың аяғында көптеген мемлекеттерде мектепке дейінгі тәрбиелеу жүйесінде олар маңызды рөл атқара бастады. Бұны қарапайым түрде түсіндіруге болады: балалардың бірге ойнауы қызықты екендігін барлығы көріп, бірақ мән бермеген кезде, Фребель олардан бұрын байқаған. Ешкім жалғыз ойнағысы келмейді, сондықтан әрқайсысы ортақ ережеге бағынуы қажет.

XIX ғасырдың бас кезінде мектепке дейінгі тәрбие деген ұғым жоқ болса да, мектептер болды ғой. Ал мектептерде топтарға жинақталған балалар болды. Ал бұл балаларға да ұстаздарға қиындық тудырды. Яғни, педагогтардың басқаруымен оларды топтарға бөліп мектепке дайындау керек болды. Фребель балабақшадағы тәрбиенің басты принциптерін анықтады: балаға кедергі келтірмеу керек, керісінше оған табиғат не берді, соны дамытуына көмектесу керек. Бүгінгі күні бұндай ойлар бізге керемет болса, XIX ғасырдың басында оларды революция ретінде қабылдады. Сонымен Фребель тәрбиені екіжақты процес ретінде қарастырады, яғни оқушы және оқытушы жағынан. «Нағыз педагог әрдайым шәкіртіне бірдей кезеңде білім беріп, қабылдап және біріктіріп, бөле білу қажет, шыдамдылық танытып, қатал да бола отырып, жұмсақ та болу керек»,- дейді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет