Педагогиканың аксиологиялық негіздері
Мақсаты: педагогиканың аксиологиялық әдіснамасы жайында түсінік қалыптастыру.
Тірек ұғымдар: аксиология, аксиологиялық әдіснама, құндылық.
Жоспар.
1. Педагогиканың жаңа әдіснамасы
2. Аксиологиялық әдіснамаға сипаттама.
3. Педагогикалық құндылықтар жайындағы ұғым.
1. Білім берудің дамуы білім беру философиясының дамуы мен оның педагогикалық теория мен практикаға енгізілуіне тікелей бағынышты. Қазіргі европалық мектеп пен білім беру Я.А.Коменский, И.Г. Песталоцци, Ф.Фребель, И.Г.Гербарт, Ф.А. Дистервег, Дж. Дьюи және т.б. классиктер түйіндеген философиялық және педагогикалық идеялардың әсерінен қалыптасқан. Олардың идеялары ХІХ-ХХғғ. Дамыған білім берудің классикалық моделі негізінде жатыр.
ХХғ. І-ші жартысында Қазақстан, сол кездегі Кеңес Одағы педагогикасында бүгінгі күні өз мәні мен маңызын жойып алған иеялар негіз ретінде танылды. Олар қазір сынға алынған. Осы идеялар ішінде білімді адам идеялының түсіндірмесі де бар. Білімді – бұл білімді білетін және қолдана алатын адам. Білімділік парадигма білім берудің мазмұнын ғылым негіздері жайындағы білім дегенге саяды. Оқу пәндерін құру тәсілі бұнда білімді біртіндеп жинақтау. Оқытудың басты формасы – сынып сабақ жүйесі.
1960-шы жылдан бастап отандық мәдениетке (басқа адамның пікірін түсінуі, есепке алу қажеттілігі,тұлғаны, оның құқын құрметтеу) диолог, ынтымақтастық, біріккен іс-әрекет енгізілді. Осыған байланысты классикалық білім беру жүйесі қоғам мен өндіріс талаптарына сәйкес келмей қалды. Жаңа педагогика мен білім беру процесін қайта құру үшін философиялық педагогикалық идеяларға қажеттілік туындайды.
Қазіргі педагогика ғылымының басты бағыты – оның көзқарас негіздеріне бағытталуы, тұлға құндылығына қайта оралуы. Педагогика мен практиканың адамға, оны дамытуға, гуманистік дәстүрді қайта жаңғыртуға бағытталуы - өмірлік мақсат ретінде танылады. Бұл мақсатқа қол жеткізу үшін педагогиканың әдіснамасы болып табылатын білім берудің гуманистік философиясын дайындау қажет.
Осыған сәйкес, педагогиканың әдіснамасы – бұл білім беру философиясының гуманистік мәнін белгілейтін педагогикалық таным мен ақиқат шындықты өзгерту жайындағы теориялық қағидалардың жиынтығы.
2. Адам әрдайым болып жатқан құбылыстарды дүниетанымды бағалауға (саяси, құлықтық, эстетикалық және т.б.), міндет қоюға, шешімін іздеп, табуға, оны жүзеге асыруға мәжбүр. Адамның қоршаған ортаға (қоғамға, табиғатқа,өзіне) көз-қарасы екі жақты белгіленеді: практикалық және теориялық. Практикалық және теориялық көзқарастардың байланысын аксиологиялық (грек. Axia - құндылық және logos - ғылым), немесе құндылықты тұрғы жүзеге асырады, ол, бір жағынан құбылыстарды зерттесе, екінші жағынан қоғамды гуманизациялау (ізгілендіру) міндетін атқарады.
Аксиологиялық тұрғының мәні аксиологиялық принциптер жүйесі арқылы көрсетіледі:
- Біртұтас гуманистік құндылықтар жүйесінде олардың мәдени және этникалық ерекшеліктерін сақтай отырып, философиялық көз-қарастардың теңдігі;
- Дәстүр мен шығармашылықтың бірмәнділігі принципі, өткен ғылым мен тәжірибені зерттеу мен қолдану және рухани баюдың мүмкіншілігінің қажеттілігін тану принципі.
- Адамдардың экзистенциалдық теңдігі, принципі, құндылықтар жайындағы жарыссөздерден әлеуметтік мәдени прагматизмге көшу принципі.
Осы әдіснамаға сәйкес, педагогиканың гуманистік мәнін анықтау міндеті қойылады.
3. Педагогикалық аксиологияның мәні педагогикалық қызметтің спецификасымен, оның әлеуметтік ролі мен тұлғаны қаруландырушы мүмкіншіліктерімен анықталады. Педагогикалық құндылықтар – педагогикалық қызметтің ерекшеліктері. Олар ғоғамдағы әлеуметтік, саяси, экономикалық қарым-қатынастар негізінде қалыптасады.
Педагогикалық қатынастар – педагогикалық қызметті реттеуші және танымдық – іс-әрекеттік жүйе ретінде танылатын нормалар. Олар тарихи тұрғыдан қалыптасып, педагогикалық ғылымда қоғамдық сананың формасы ретіндегі спецификалық бейнелер мен түсініктер түрінде есепке алынады. Педагогикалық құндылықтарды меңгеру педагогикалық қызметте жүзеге асырылады. Қатынастардың қалыптасуы педагогтың тұлғалық- кәсіби дамуының көрсеткіші болып саналады.
Өмір жағдайларының өзгеруіне, қоғам мен тұлға қажеттіліктерінің дамуына байланысты педагогикалық қатынастар да өзгереді. Педагогикалық қатынастардың көптігі олардың жіктеу және реттеу қажеттілігін тудырады. Олар өмір сүру деңгейіне сәйкес тұлғалық, топтық және әлеуметтік-педагогикалық қатынастарға ажыратылады.
Аксиологиялық «Мен» құндылықты бағдарлар жүйесі ретінде оның ішкі дүниесін құрайтын когнетивті және эмоционалды-еріктік компоненттерден тұрады.
Онда әлеуметтік–педагогикалық қатынастармен қатар кәсіби топтық қатынастар жинақталған. Олар педагогикалық қатынастар жүйесінің негізі болып табылады. Бұл жүйеге:
- тұлғаның әлеуметтік және кәсіби ортада өзінің орнын бекітумен байланысты қатынастар (педагог еңбегінің қоғамдық маңызы, педагогикалық қызметтің абыройы, ортаның педагог мамандығын құрметтеуі және т.б.);
- қарым-қатынас қажеттілігін өтейтін және оның аумағын кеңейтетін қатынастар (балалармен, әріптестермен, басшылармен қарым-қатынас орнатуы, балаларға махаббаты мен сүйіспеншілігі, рухани қатынастармен алмасуы және т.б.);
- шығармашылық даралығын дамытуға бағыттайтын қатынастар (кәсіби-шығармашылық қабілеттерін дамыту мүмкіншілігі, әлеуметтік мәдениетке енуі, сүйікті ісімен айналысуы, өзін-өзі әрдайым жетілдіруі және т.б.);
- өзін-өзі жүзеге асыруға мүмкіндік беретін қатынастар (педагог еңбегінің шығармашылық, өзгермелі сипаты, педагогикалық мамандықтың романтикасы мен қызықтығы, балаларға көмек беру мүмкіндігі және т.б.);
- прагматикалық қажеттіліктері қанағаттандыруға мүмкіндік беретін қатынастар (мемлекеттік қызметке ие болу,еңбек ақысы,демалыс күндерінің ұзақтығы, қызметте өсу және т.б.).
Педагогикалық құндылықтар гуманистік табиғаты мен мәнімен ерекшеленеді.
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар
1. Неліктен педагогиканың жаңа әдіснамасын жасау қажеттілігі туындайды?
2. Білім берудің гуманистік философиясының мәні неде?
3. Педагогикалық құбылыстарды зерттеуде аксиологиялық тұрғыны қолданудың спецификасы қандай?
4. Аксиологиялық принциптерді атаңыз, оларды педагогикада қолдануды көрсетіңіз.
5. Педагогикалық құндылықтар деген не?
6. «Педагогикалық құндылықтардың жіктелуі» атты үлгі дайындап, оған сипаттама беріңіз.
7. Жоғары оқу орнының студенті өзінің әдіснамалық мәдениетін қалай жетілдіруіне болады?
Әдебиеттер.
1. Гинецинский В.И. Основы теоретической педагогики. - СПб, 1992.
2. Исаев И.Ф.,Ситникова М.И. Творческая самореализация учителя: Культурологический подход. - Белгород.,1999.
Достарыңызбен бөлісу: |