Ф. Фребель әдістемесі



бет1/4
Дата11.03.2022
өлшемі466,16 Kb.
#27591
  1   2   3   4
Байланысты:
Фребель әдістемесі


Ф.Фребель әдістемесі

Баланың ерте дамуы және оқыту. Фридрих Фребельдің тәрбиелеу методикасындағы негізгі принциптерді қарастырайық.

Ф. Фребелдің негізгі принциптері -  «Балалар үшін өмір». Фридрих Фребельдің тәрбиелеу мектебіне 250 жыл болса да оны бүкіл әлемде құрмет тұтып, есте сақтайды. Немістің ұлы педагогы қоғамдық жүйеде мектепке дейінгі балаларды оқытуда (Kindergarten) балабақша ашқан. Бүгінгі күні біз қолданып жүрген ұғымды осы кісі енгізген.

Өз заманының алғашқы тәрбиешісі Фребель- балалардың ойын кезінде толық дамуына мүмкіндік бар екендігін түсінді. Өзінің бала-бақшасын ойындар мен ойыншықтардың барлық түрлерімен жабдықтай отырып ол кубик, доп сияқты ойыншықтарды балаларға тарту ретінде беріп отырды. Одан басқа, балалар тәрбиешілердің айтқан әңгімелерін тыңдап, ойындар ойнаған.

Педагог қағаздарды бүктеу арқылы геометрияның қарапайым түрлерін түсіндіре бастады. Ол ең бірінші геометрия негіздерін ұстау арқылы сезініп, содан кейін түсіну керектігін ескертеді. Фребель сондай-ақ кубиктік қораптан құралған басқатырғының (головоломка) авторы. Осындай ағаштан құралған конструктор балаға геометриялық денелерді таныстыру және бұны ойын кезінде құрастыру арқылы ойын дамытатындығын айтады.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет