Ф. Фребель әдістемесі



бет3/4
Дата11.03.2022
өлшемі466,16 Kb.
#27591
1   2   3   4
Байланысты:
Фребель әдістемесі

Фребельдің алты сыйы

Баланы ерте жастан дамыту үшін Фребель алты «сый» ұсынды. Бірінші «сыйы» ол – доп. Доптар онша үлкен емес, жұмсақ, әр түрлі түстермен боялған – қызыл, алқызыл, сары, жасыл, көк, күлгін түсті, яғни кемпірқосақтың түстері және ақ түсті жүннен жасалған болуы керек. Әрбір доп-шар жіпте болуы шарт. Анасы балаға әр түрлі түсті көрсете отырып, оның түстерді ажырата алуын үйретеді. Сонымен қатар, шарды айналдыра отырып, баласына кеңістіктегі көріністер -«жоғары-төмен», «оңға-солға», «алдыға-артқа» деген сөздерді де таныстырады. Шарды алақанына қойып және тығып қою арқылы «доп бар- доп жоқ» деген сөздермен болымды және болымсыз сөздерді үйретеді.

Екінші «сыйы» кішкентай ғана ағаштан жасалған шарлар, кубик және цилиндир. Бұлардың көмегімен бала заттардың әртүрлі формаларымен танысады. Кубик өзінің формасымен және тұрақтылығымен шарға қарама-қарсы болып келеді. Фребельдің қарастыруынша, шар- қозғалыс символы, ал кубик – тыныштық пен «көп бейнеліліктің бірлігі». Цилиндр шардың да, кубиктің де қасиеттерін біріктіреді: егер оны бір нәрсеге қадап қойса, ол – тұрақты, егер оны жатқызып қойса, ол – қозғалмалы.

Үшінші «сыйы» - куб, яғни, сегіз кубикке бөлінген, егер жартыға бөлсе, онда оның әр жартысы –төрт бөліктен тұрады. Фребельдің айтуынша, осы «сыйлардың» арқасында бала ойнай отырып, оны құрастыра отырып, миын дамытады.



Төртінші «сыйы» - сегіз тақтайшаларға бөлінген кубиктер, әр тақтайшаның көлемі кубиктің бетіне дәл келеді, ал қалыңдығы – осы беттің төрттен біріне тең болады.

Бесінші «сыйы» - жиырма жеті кішкентай кубиктерге бөлінген кубиктер, олардың тоғызы одан да кішкене бөліктерге бөлінген.

Алтыншы «сыйы» - ол да жиырма жетіге бөлінген кубиктер, олардың көпшілігі тақтайшаларға, диагоналы бойынша бөлінеді. Фребель балаларға әртүрлі іс- әрекеттер мен оқып-үйрену түрлерін ұсынады – құрылыс материалдары, қозғалмалы ойындар, сурет салу, ермексазбен жұмыс жасау, қағаздардан тоқу, қағаздардан қималар жасау, тігу, металл дөңгелектерді, таяқшаларды орнымен қою, моншақтар, қағаздар мен таяқтарды құру және т.б. Қазіргі кезде осы аталған әдістемелер балабақшаларда кеңінен қолданылуда.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет