Философия - дүниеге көзқарастың ғылыми-теориялық түрі: нақты ұғымдарға, категорияларға сүйене отырып, логикалық ой тұжырымдайды
Гегель:“философия - сыни рефлексия”
Г.В.Ф.Гегель (1770–1831) неміс философы
Бертран Рассел: сыни ойлаудың 10 парыз-уағызы
1. Көзім әбден жетті деп ешнәрсеге абсолютті сенімділікпен қарамаңыз 2. Дәлелдерді жасырып, алға басамын деп үміттенбеңіз, өйткені дәлелдер міндетті түрде қалқып шығады 3. Ешқашан ойлау үдерісіне кедергі жасамаңыз—және сонда ғана табысқа жете аласыз 4. Оппозицияға соқтығып қалсаңыз, …оны өз беделіңізге сілтеме жасамай, дәлелдер арқылы жеңіп шығуға ұмтылыңыз. Өйткені беделге (билікке) тәуелді болған жеңіс шын емес және иллюзия (жалған елес) 5. Басқа адамдардың беделіне бас иіп олардың айтқанына сиынбаңыз, өйткені әрқашанда қарама-қарсы пікірді айтатын тағы да беделді адамдар табылады . Бертран Рассел (1872-1970)
6. Сіз жаман деп санаған пікірді басып тастау үшін билікті пайдаланбаңыз, әйтпесе бұл пікір сізді басып тастайды 7. Эксцентрикалық (әдеттің шегінен шығып кеткен, оғаш) пікірді айтуға қорықпаңыз: қазіргі кезде көпшілік қабылдаған пікір бұрынғы кезде эксцентрикалық болған 8. Енжар келісімнен гөрі ақылды келіспеушіліктен ляззат алуды іздеңіз. Өйткені ақылға лайықты баға берсеңіз, ол енжар келісімнен гөрі терең келісімге жеткізеді 9. Ақиқатты айту ыңғайсыз болса да, міншіл ақиқатшыл, намыскер шыншыл болыңыз, өйткені одан да гөрі ыңғайсыз болады, егер ақиқатты жасыруға талпыныс етсеңіз. 10. «Ақмақтар үшін жұмақта» тұратын басқа адамдардың бақытына қызғанбаңыз, өйткені тек қана ақмақ адам олардың өмірін бақытты деп есептейді