Ф-об-001/033 Қазақстан Республикасының Білімі және ғылым министрлігі


Спортшыларды дайындаудың келешектік жоспары (командалық және жеке)



бет10/18
Дата25.04.2023
өлшемі298,5 Kb.
#86735
түріДиплом
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   18
Байланысты:
дене мадени аркылы болашак мамандтарбиелеу

Спортшыларды дайындаудың келешектік жоспары (командалық және жеке). Ол спортшылардың дайындық деңгейі, жасына байланысты әртүрлі мерзімдерге жасалынады. Кіші жастағы спортшылар үшін 2-3 жылға топтық кешенді жоспар жасау мақсатқа лайықты болады. Жоғары дәрежелі спортшылар үшін топтық және жеке жоспарлар 4 жылдан 8 жылға дейін жасалады.
Кешенді жоспарға негізгі көрсеткіштер ғана ендірілуі тиіс (артық бөлшектеусіз), яғни оларға сүйеніп жылдық жоспарды дұрыс құруға болады.
Спортшыны дайындаудың келешектік жоспарының негізгі мазмұнына келесі тараулар кіреді: 1/ шұғылданушылардың қысқаша мінездемесі (спортшының, команданың); 2/ көпжылдық дайындықтың мазмұны, әр жылдарға басты міндеттері; 3/ көпжылдық циклдың құрылымы және оның макроциклдарының мерзімдері; 4/ көпжылдық циклдың әр жылына жасалған жаттығу процесінің негізгі бағыттылығы; 5/ әр жылдарға нәтижесі жоспарланатын жеке күнтізбенің басты және негізгі жарыстары; 6/ әр жылға бақылау сынақтарының спорттық-әдістік көрсеткіштері; 7/ дайындық жылына қарай жаттығу күндерінің, сабақтарының, жарыс өтілетін күндері мен демалыстарының жалпы саны; 8/ жаттығу жүктемелерінің жалпы және спецификалық параметрлері; 9/ ішіне диспансерлік бақылау енетін кешенді бақылаудың жүйесі мен мерзімдері. Төменде мысал ретінде, спорт мектептері үшін спорттық жаттығудың көпжылдық жоспарының үлгісі келтірілген.
Спорттық жаттығудың топтық кешенді жоспары
Спорттық ұжым ___________________________________________
Жаттықтырушы ___________________________________________

  1. Шұғылданушылар тобына қысқаша сипаттама. Жасы, спорттық дәрежесі, алдыңғы жылғы спорттық жетістіктер дәрежесі, дене, әдістік, тәсілдік және жігерлілік дайындығы деңгейі. Шұғылданушылардың дайындалғандық дәрежесіндегі негізгі кемшіліктер. Жаттықтырушы мен дәрігердің шешімі бойынша дене дамуы деңгейі мен денсаулық жағдайы және басқа мәліметтері_________________________________________________

Көпжылдық жаттығудың мақсаты және негізгі міндеттері.



Көпжылдық жаттығудың мақсаты

Көпжылдық жаттығудың міндеттері

ІІІ. Дене дайындығы

Жаттығудың міндеттері

Негізгі жаттығу құралдары

ІV. Спорттық-әдістік дайындық

Жаттығудың міндеттері

Негізгі жаттығу құралдары

V. Спорттық-тәсілдік дайындық

Жаттығудың міндеттері

Негізгі жаттығу құралдары

VІ. Психикалық дайындық

Жаттығудың міндеттері

Негізгі жаттығу құралдары

VІІ. Көпжылдық жаттығу сатылары және негізгі жарыстар.

Жаттығу сатылары

Негізгі жарыстар

VІІІ. Жаттығу жүктемелерін көпжылдық жаттығу сатыларына бөлу.

Жаттығу жүктемелерінің параметрлері

Жаттығу сатылары

ІХ. Жаттығу сабақтарын, жарыстарды және демалыс күндерін бөлу.

Жаттығу көрсеткіштері

Жаттығу сатылары

Жарыстар саны
Жарысқа кететін күндер саны
Жаттығу сабақтарының саны
Жаттығу күндерінің саны
Демалыс күндерінің саны




Х. Жаттығу сатылары бойынша бақылау нормасы

Бақылау нормалары

Сатылары бойынша бақылау нормалары

ХІ. Педагогикалық және дәрігерлік бақылау_______________________________
ХІІ. Сабақ өтілетін орын, спорт қондырғылары және құрал-жабдықтары _____________________________________________________________________



Ағымдағы жоспарлау құжаттарына спорттық жаттығудың жылдық циклының жоспар-кестесі, команданы дайындаудың жылдық жоспары және әрбір спортшыны дайындаудың жылдық дербес жоспары жатады.


Спорттық жаттығудың жылдық циклының жоспар кестесі оқу жаттығу жасайтын жылға атқарылатын жұмыстың мазмұнын анықтайтын, ұйымдастыру әдістемелік құжаты, сонымен бірге жаттығудың жылдық циклы барысындағы оқу материалын кезеңдермен және айларға мақсатқа ылайықты әдістемелік жүйелілікпен бөліп өткізу болып табылады. Жылдық дайындық жоспары (командалық және жеке) келесі тараулардан тұрады: шұғылданушылар тобының қысқаша сипаттамасы, жаттығудың негізгі міндеттері мен құралдары, оларды белгіленген уақыты бойынша шамалап бөлу, көлемі мен қарқындылығына қарай жаттығу жүктемелерін шамалап бөлу, жарысты, жаттығу сабақтарын және демалысты, бақылау нормаларын, спорттық-әдістік көрсеткіштерді (спорттық нәтижелер), педагогикалық және дәрігерлік бақылауды бөлу.
Жұмыс жоспары белгілі бір оқу-жаттығу циклына немесе күнтізбелік мерзімге (мысалы, бір айға) сабақтың нақтылы мазмұнын анықтау болып табылады. Бұл құжатта спорттық жаттығудың жылдық циклының бағдарламасы мен жоспар-кестесінің талаптарына сәйкес оқытып, үйрету әдістемесі және спорттық жетілдіру жоспарланады. Мұнда әрбір жаттығу сабағының ілімдік және практикалық материалдары әдістемелік жүйелілікпен мазмұндалады.
Жаттығу сабағының жоспар-конспектісі жұмыс жоспарының негізінде құрылады. Бұл құжатта сабақтың әрбір бөліміндегі құралдарын, міндеттері мен мазмұнын жаттығуларды мөлшерлейді және әдістемелік нұсқауларды егжей-тегжейлі саралайды.
Жекелеген жарыстарға дайындық жоспары (командалық және жеке) барынша жоғары жұмыс қабілеттілігіне жету және өз күшіне барынша сенімділік сезімін қалыптастыру (осы жаттығу кезеңінде) үшін алда тұрған жарыс бағдарламасы үйлесімді үлгіленуі тиіс.
Барлық жаттығу жоспарлары түріне қарамастан (командалық және жеке жылға және жедел) өзіне мыналарды ендіруі тиіс :
1/ жоспардың кімге есептелгеніне қарай мәліметтер (спортшы туралы дербес мәлімет команданың жалпы сипаттамасы);
2/ мақсатты міндеттер (соған байланысты жоспар құрылатын кезеңнің басты мақсаттары ; жекелеген сатылары үшін аралық мақсаттар; әрқилы дайындық түрлеріне жататын жеке мақсаттар);
3/ жаттығу және жарыстық жүктемені және спортшылар жағдайын сипаттайтын және сандық өлшемге бағынатын көрсеткіштер;
4/ жаттығу және тәрбиелік-әдістемелік ұсыныстар;
5/ жарыстың, бақылау тестінің, спорттық-медициналық тексерулердің мерзімі.
Бақылаудағы көрсеткіштердің іс жүзіндегі өзгерістерін жоспарланғанымен кезеңдерде салыстыра отырып жаттығудың әдістері мен құралдарын қолданудағы ауытқуды өз уақытында байқап, шара қолдануға болады.
Спортшылардың өзіндік жарыстық қызметі жарыстарда іске асырылады. Жарыс – адам мүмкіндіктерін және этикалық өзара қарым-қатынастарын білудің қозғаушы күштері, сонымен бірге адамдар арасындағы немесе адамдар топтарымен қарым-қатынас түрі.
Жарыстық қызметтің соңғы нәтижесі спорттағы көрсеткіштердің сапалық деңгейімен немесе сонымен сипатталатын спорттық жетістікке жету болып табылады.
Спорттық жетістік – бұл спорттық шерберліктің және спортшының қабілетінің нақтылы нәтижеде көріну көрсеткіші.
Спорттық және жарыстық қызмет, әртүрлі деңгейдегі жарыстарды ұйымдастыру және өткізуге, спорттық қозғалысқа органикалық кіреді, өйткені спорттық қоғалыстың барлық бағытында жалпы көпшіліктік қарапайым спорт және жоғары жетістіктер спорты тұр. Осыдан келіп спорттық қозғалысбұл жалпыкөпшілік, бұқаралық спорт және жоғары нәтижелер спорты аясындағы спорттық тәжірибе, әлеуметтік ағым.
"Спорт" ұғымымен қатар "дене мәдениеті" немесе олардың үйлестігі "дене тәрбиесі және спорт" ұғымдары жиі пайдаланылады. Спорт дене мәдениетінің ажырамайтын бөлігі, ірі компоненті болып табылады. Дене мәдениетінің әлеуметтік қызметінің бүтіндей қатары спортқа да тарайды. Алайда спорт түрлерінің барлығы дене мәдениетіне жата бермейді. Бұл дене мәдениеті ұғымын (термині) қоғам және жеке тұлға мәдениетінің органикалық бөлігі, адамның өмір тәжірибесіне дене дайындығы, өзінің жағдайын жақсарту (оптимизациялау) және дамыту қозғаушы күші ретінде қозғалыс белсенділігін үйлесімді пайдалану деп түсіну дұрыс. Шахмат, дойбы, бридж, моделдік-конструкторлық сияқты спорт түрлері спорттық жетістіктерге дайындықтың басты құралы ретінде дене жаттығуларын пайдаланумен тікелей байланысты емес.
Спорт дене мәдениетінің құрамдас бөлігінің бірі болғанымен, ол оның аясынан шығып, белгілі дербестікте болады.
Біздің елімізде және бүкіл әлемде спорттық қозғалыс тәртіп бойынша жалпы көпшілік спорт тәжірибесін (практикасын) қамтиды. Балалар, жас жеткеншектер, жасөспірімдер және ересектердің миллиондаған саны спортпен шұғылданып, өзінің денсаулығын нығайтады, адамдармен сұқпаттасып қуанышқа бөленеді, таңдаған спорт мамандығында өзін жетілдіреді, өзінің дененің шарықтаған шегін (кондиция), жалпы төзімділігін арттырады және өз мүмкіндігіне сәйкес спорттық нәтижелерге жетеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет