Ф-об-012/060 Қ. А. Ясауи атындағы халықаралық Қазақ typik


Оқытушылар туралы мәліметтер



бет2/15
Дата31.01.2023
өлшемі58,32 Kb.
#63962
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
Топографиялық анатомия қаз 5 сағат

Оқытушылар туралы мәліметтер:

Омаралиев Мустафа Исрафилұлы – медицина ғылымдарының кандидаты, доцент.
Өнертабыстық ғылыми қызығушылығы Спленоперфузия в нарушении окислительного метаболизма при хирургической инфекции.
Ғылыми және әдістемелік еңбектері: 50- тан астам жарияланымдар, оның 3 оқу құрал, 15 – оқу әдістемелік құрал.
Шегебаев Мұрат Асылбекұлы - аға оқытушы.
Басым ғылыми қызығушылықтары - Кентау қаласы бойынша өлім-жітім статистикасы.
Байтұрсынов Жандос Исабекұлы – оқытушы, Басым ғылыми қызығушылықтары: Түркістан тұрғындары арасында қант диабеті
1.2. Байланыс ақпараты: ЮКО. Түркістан қаласы, Б. Саттарханов көшесі, № 2 медициналық корпус, медицина факультеті, адам морфология және физиологиясы кафедрасы (каб. П-3). тел (ішкі.1283).
1.3. Пәннің саясаты: Университеттің оқу үдерісін ұйымдастыру және емтихан регламентінің 7 бабына сәйкес студенттердің сабаққа қатысуы міндетті. Студенттің сабаққа келмеген күндері, әрбір семестр бойынша жеке есептегенде жалпы оқу бағдарламасындағы сағат мөлшерінің 10% аспауы тиіс. Денсаулығы бойынша сабаққа келмеген күндері осы пайыздық шектеу ішіне кірмейді. Денсаулығы туралы анықтамасы университет клиникасына немесе АИ–да үш күнде тіркеліп, сабаққа деканаттан өтеуге рұқсат қағазымен келуі тиіс. Себепті жіберген сабақтарын блокқа дейін өтеуі қажет. Студент сабаққа қатыспаған кезде өтілген тақырыптарды және пән оқытушысы тарапынан берілген тапсырмаларды өз бетінше орындауы қажет. Сабаққа келмеген студенттер үшін өтілген сабақ қайталанбайды.
Студент семестр соңындағы немесе оқу жылы соңындағы емтиханға кіруі үшін, денсаулығына байланысты сабақтан қалған күндерін есептемегенде, пән бойынша аудиториялық сабақтардың ең кемі 90%-на қатысуы қажет. Сабақтарға қатыспауына немесе өтпелі балл жинай алмауына байланысты емтиханға жіберілмейтіні туралы, сессия басталмас бұрын пән оқытушысы тарапынан студентке хабарланады. Сессия басталмас бұрын кафедра меңгерушісінің ұсынысы негізінде ол студент деканат тарапынан емтиханға жіберілмейді.

2.Бағдарлама
2.1.Кіріспе

Топографиялық анатомия - қолданбалы ғылым, ол белгілі бір салаларда мүшелердің, тамырлардың, нервтердің және басқа да анатомиялық түзілімдердің (синтопия, скелетопия) өзара орналасуын, сыртқы қабаттарға (теріге) мүшелердің проекциясын, (голотопия) қарастырады. Басқа маңызды ағзалар мен жүйелердің жас және жеке анатомиялық өзгергіштігін зерттеу болып табылады. Топографиялық анатомияны зерттеудің негізгі әдісі – қабат қабат препаратау.
Оперативтік хирургия - бұл оталары, олардың заңдары мен орындау техникасы туралы ілім.
Оперативтік хирургия және топографиялық анатомия қандай да бір операцияны жасау техникасына үйретіп қана қоймай, сонымен қатар оның өндірісін анатомиялық және физиологиялық тұрғыдан өте маңызды деп ұғыну керек. Әйтпесе, ол "физиологиялық ойлауды және анатомиялық операция жасауды" үйретеді . Сондықтан адам анатомиясы, қалыпты және патологиялық физиология, патологиялық анатомия сияқты пәндер жедел хирургия мен топографиялық анатомияны зерделеудің алдында. Хирургиялық құралдарды дұрыс пайдалануға (пинцет, скальпель, инеұстағыштың және т.б. дұрыс ұстау), кесіп ажыратқан тіндерді қабаттап тігу ережелеріне назар аударады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет