Қарым-қатынас/мінез-құлық (аффективті) домені: Құндылықтарды үлестіру: - пәнінен студенттер әр сабаққа керекті көрнекіліктерді, схемаларды және графиктерді өз түсініктерімен құрастырып, келешекте болашақ дәрігер үшін құндылығын үйлестіре біледі.
Б6.
Өмір бойы білім алушы:
Білім (когнитивті) домені: Қолданады:
- жұмсақ тіндерді қабаттап ажырайды
- жаңуарларда қарапайым тәсілдерді мен оталарды жасайды
Қарым-қатынас/мінез-құлық (аффективті) домені: Құндылықтарды үлестіру: - әр сабаққа керекті көрнекіліктерді, схемаларды және графиктерді өз түсініктерімен құрастырып, келешекте болашақ дәрігер үшін құндылығын үйлестіре біледі.
2.5.Пәннің пререквизиттері мен постреквизиттері Пререквизиттер -адам анатомиясы (тірек-қимыл аппараты, спланхнология, иммундық жүйе органдары, эндокриндік бездер, жүрек-тамыр жүйесі, неврология, эстезиология); патологиялық анатомия; қалыпты физиология; патофизиология; ішкі аурулар пропедевтикасы, сәулелік диагностика; жалпы хирургия.
Постреквизиты: - нейрохирургия; отоларингология; офтальмология; акушерия және гинекология; факультеттік терапия, кәсіби аурулар; госпиталдық терапия, эндокринология; факультет хирургиясы, урология; госпиталдық хирургия, балалар хирургиясы; стоматология; онкология, сәулелік терапия; травматология, ортопедия.
2.6 Пәннің қысқаша мазмұны:Топографиялық анатомияның негізгі ұғымдары: аумағы және оның шекаралары, анатомиялық түзілімдердің сыртқы бетіне проекциясы, голотопия, скелетотопия, ағзалардың синтопиясы, фасциалды қынап, тамыр-жүйке түзілімдері, шел май кеңістіктер, коллатеральды қан айналымы. Оперативті хирургия және оның міндеттері. Хирургиялық операциялар туралы ұғым. Хирургиялық операциялардың жіктелуі. Қарапайым хирургиялық әрекеттер, хирургиялық тәсілдер, операция кезеңдері. Хирургиялық аспаптар және оның жіктелуі топографиялық анатомия және аяқ-қолдың жедел хирургиясы. Бастың топографиялық анатомиясы және оперативтік хирургиясы. Топографиялық анатомия және мойынның оперативтік хирургиясы. Топографиялық анатомия және дене қуыстарының және олардың анатомиялық түзілімдерінің оперативтік хирургиясы.