Ф ♦Рауан* Алматы 1997 Редакторы Үлықман Әбілдаұлы Шыңғыс Айтматов, Мұхтар Шах а нов



Pdf көрінісі
бет12/24
Дата21.02.2017
өлшемі22,66 Mb.
#4638
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   24
Шаханов.
 
Бірде 
ақсақал 
қаламгеріміз 
Ғабиден 
Мұстафин  екеуміз  Ғабит  Мүсіреповтың  үйіне  бара  жат- 
тық.  Тапа  тал  түсте  есіктің  алдында  қазақтың  жап-жас 
жігіті  мен  қызы  сүйісіп  тұрды.  Бізді  көріп,  қымсынар  де- 
сек,  жоқ,  емініп өліп  барады.  Сонда Ғабең:
—  Қазаннан  қақпақ  кетсе,  иттен  ұят  кетеді,  —  деп
налып,  төмен  қарады.
Татардың  ұлы  ақыны,  иманы  салауат  болғыр  Мұса 
Жалилдің  керемет  өлеңі  бар.  Бір  бойжеткен  күні  бойы 
қыдырып,  түнде  үйіне  келсе,  қақпа  кілттеулі  екен. 
Қақпадан  секіріп  түскен  кезде  абайсызда  көйлегінің 
етегін  жалбыратып  жыртып  алады,  Ертесіне  байқамаған 
қалпы  жұмысқа  кете  береді.  Оны  көрген  ауылдың  өзге 
қыздары:  "Ойбай,  осындай  мода  шыққан  екен.  Біз  одан 
қаламыз  ба?"  —  деп,  барлығы  етектерін  жалбыратып 
алыпты...
Шіке,  менің  пайымдауымша,  адам  баласының  5—8 
проценті  ғана  (иллаһи  қателесейін)  өз  ақылы,  өз  идея- 
сымен  өмір  сүреді  де,  қалғаны  анадан  ананы,  мынадан 
мынаны  көріп,  бойына  шақ  келе  ме,  ж оқ  па,  бәрібір, 
еліктеумен  тірлік  кешеді.  Өз  ұлтының  немесе  мемле- 
кетінің  орнықты  мәдениетін  жинақтап,  өз  бойына  сіңіре 
алмағандар  қашанда  көзсіз  еліктеу  мен  солықтаудың  ал- 
ғашқы  құрбандығына айналады.
Айтматов.
  Мұха,  жалаң  ұлттық  идеологияға  байла- 
нып  қалудың  да  қаупі  зор.  ¥лттық  мәдениетті  жалпы 
адамзаттық  өркениеттен  нәр  алдыру,  соған  қанаттас  ету 
күн  тәртібінен  бір  сәт  те  түспеуі  тиіс.  Демек,  әр  қилы

ұғым  мен  көзқарастардың  өзі  бір  арнаға  тоғыспай, 
солқылдап  тұрған  қазіргі  мезгілде  елдің  рухани,  мәдени 
байлығын  жинақтаған  парасат  иелерін,  ірі  ғалымдар  мен 
заңгерлерді  қатыстыра  отырып,  мынау  дұрыс,  мына 
бағыт  зиянды  дейтіндей,  культурологиялық,  тіпті  мемле- 
кетгік тұжырымдама түзу қажет сияқты.
ТАБУ  деген  —  бұл  жақсы  мен  жаманның,  пайдалы 
мен  зияндының  арасындағы  шекара.  Көзсіз  еліктеу  мен 
солықтау,  өзішкін тәрк  етіп,  өзгенің жылтырағына жармасу
—  қазіргідей  өтпелі  кезеңге  тән  құбылыс.  Бұл  кезең  Ав­
стралия  мен  Германияда  да,  Бельгия  мен  көшесін  шам- 
пуньмен  жуатын  Лкжсембургте  де  өткен.  Кейіннен 
ұлттық  мәдениет  пен  өнерге  бет  бұрған.  Мәселен,  жа- 
лаңаш  жаңалық,  сексуальдық  революция  дейтін  қауіпті 
толқындар  бұл  мемлекеттерде  саябырсыды  да,  осы  топан 
қазір бізді басуда.
Мысалы,  Люксембург  көшелерінен  үлкен  әріптермен 
жазылған:  "Біз  қалай  болсақ,  солай  болып  қалғымыз  ке- 
леді"  деген  сөздерді  көрер  едіңіз.  Мұның  өзіндік  мәнісі 
бар.  Еуропадағы  осы  кішкентай  ел  Франция,  Германия, 
Голландия  сынды  өркениетті,  азулы  мемлекеттермен  көр- 
шілес  жатыр.  Бұл  —  осы  мемлекеттердің  эр  түрлі 
ықпалына  түсіп  кетпеу  үшін,  елдің  тілін,  мәдениеті  мен 
өдебиетін, 
музыка 
мен 
сәулет 
өнерін 
көздің 
қарашығындай 
сақтайық, 
шыққан 
тегімізді, 
кім 
екенімізді,  қайда  кетіп  бара  жатқанымызды  ұмытпайық 
деген әр адамға арналған ескерту белгі.
Шаханов.
  Әрбір  ел  экономика  саласында  дамыды  ма, 
құлдырады  ма,  мәдениеті  өркендеді  ме,  кенже  тартып, 
тоқырады  ма,  саясатта  соғысқа  килікті  ме,  тату-тәтті, 
бейбіт  өмір  кешті  ме  —  бөрі  де  мемлекет  басшысына
тікелей  байланысты.
Мөселен,  соңғы  үш  ғасырға  жуық  мерзім  ішінде 
қырық  бір  Президент  билеген  Американы  алайық:  со- 
лардың  ішінде  Вашингтон  мен  Рузвельттің  не  себептен 
шоқтығы  биік?  Өйткені  бірі  шұбырынды  жұрт  басын 
біріктіріп,  жаңа  құрлықта  жас  мемлекет  түзгенімен, 
екіншісі  ел  экономикасын  көтеріп,  дүние  жүзіне  апат 
әкелген 
фашизмді 
талқандауда 
орнықты 
шешім 
қабылдағанымен  құрметке  бөленді.
Ұлыбритания  билеушілерінің  арасында  елдің  ішкі, 
сыртқы  саясатында  жүйріктігімен, 
мемлекеттің  өл- 
ауқатын  нығайтуда  іскерлігімен  мөшһүр  болған  Черчилль 
жөне  "темір  леди"  атанған  Маргарет  Тэтчердің  есімдері 
алдымен  аталады.

Ал 
коммунизм 
дертіне 
шалдыққан 
Қытаидағы 
"мәдени  революцияның"  жетекшісі  Мао  Цзедунның 
түбіне  жеке  басқа  табыну  жолындағы  қателіктері 
жетті.
Атақты  Ататүрік  болса  бүкіл  түркі  әлемінің  басын 
қосуда  жан  қиярлықпен  тер  төккен  парасатты  тұлға 
ретінде тарихқа  енді.  Ал пейіште  нүры  шалқығыр  Тұрғыт
Озал ше? 
У
Түркия  мемлекеті  аграрлық  ел  болып,  қарызға  бел- 
шесінен  батып  отырғанда,  жаңа  реформа  жүргізіп,  елін 
экономикалық мешеуліктен  құтқарып  қалған  ж оқ па?
Мемлекет 
тұтқасын 
ұстаған 
адамның 
жасаған 
жақсылығы  да,  жаманаты  да  желге  ұшып  кетпейді,  ел 
тарихында  қалады.- 
'''  ;
Айтматов.
  Сен  қазіргі  тандағы  ең  көкөйкесті  әрі  өткір 
проблеманы  —  тарихтағы  жеке  тұлғаның  рөлі  жайлы 
мәселені  көтеріп отырсың.
Шаханов.
  Осы  сұхбатқа  кірісер  алдында  Никколо 
Макиавеллидің  "Тақсыр"  атты  кітапшасын  парақтап 
шықтым.  Бұл  кітап  төрт  жүз  жыл  бойы  көптеген  елдің 
императорлары  мен  корольдерінің,  герцодтері  мен  пат- 
шаларының  қолынан  түспеген  философиялық  трактат- 
тардан  тұрады.  Мұнда  айтылған  өсиет,  ой-пікірлерді  тіпті 
қанқұйлы  Сталиннің  өзі  жиі  оқып  отырыпты  деседі. 
Бірақ  бұл  философиялық  қаруды  кім  қай  мақсатқа  пай- 
даланады?  Мәселе осында.
"Мемлекет  басшысы,  — деп  жазады  кітап  авторы,  — 
елді  екі  түрлі  тәсілмен  басқарады.  Бірі  — қабылдаған  заң 
жолымен,  екіншісі  —  күш  қолдану  арқылы.  Алғашқысы
— адамға,  кейінгісі  — айуанға тән.  Елде  тәртіп  орнатайын 
десе,  басшы  осы  екі  тәсілді  де  тең  ұстағаны  абзал. 
Түсінігі  молдарға  заңды  құрметтеуді  үйрет,  көнбегендерге, 
амал жоқ,  күш  қолдан.
Өз 
бойыңа 
арыстан 
мен 
түлкінің 
мінезін 
қалыптастыр.  Арыстан  —  айбатты,  түлкі  —  айлакер. 
Мүның  бірін  сыртқы,  екіншісін  ішкі  жауыңа  пайдалан. 
Қорқыт  та,  алдай  біл,  алда  да,  қорқыта  біл.  Сонда  елдің 
тізгінін нық үстайсың".
Айтматов.
  Иә,  әр  ғасырдың,  әр  қоғамдық  құрылыс- 
тың  өзіндік  мемлекет  басшылары,  билік  құпиялары 
болған  ғой.  Бірақ,  ең  бастысы  —  жоғары  лауазым  иесі 
қарамағындағы  елдің  қапысыз  құрметіне  бөленгісі  келсе, 
бойынан  қайырымдылық,  адалдық,  адамгершілік,  жан 
тазалығы  және  өз-өзіне  сенімділік  мен  мұндалап,  көзге 
ұрып тұруы  шарт. 
г

Шаханов.
  Басшының  бойынан  өзіңіз  көргіңіз  келетін 
бес  қасиетті  санап  бердіңіз.  Ал  "Тақсыр"  атты  кітапшада, 
бұған  керісінше,  билеушіні  орға  жығатын  бес  бірдей 
сүйкімсіз  мінезді  атап  көрсетеді.  Олар: 
түрақсыздық, 
жеңіл  ойлыльщ,  дөрекілік,  сезімсіздік
  және 
дүрыс  шешім 
қабылдай  алмаушылык,.
  Осының  бірін  көрсетіп  алсаң 
бітті,  бағынышты  адамдарың сені алдауға,' ақымақ қылуға 
даяр тұрады деп түйіндейді.
Айтматов.
  Шығыс  философтарының  көне  жазбала- 
рынан  оқығаным  бар  еді.  Жалпы,  мемлекет  басшылары 
ақыл,  парасатына қарай үш топқа бөлінеді екен.
Біріншісі — құдайдың  өзі туа  бітті  ақыл дарытқандар. 
Мұндай  басшылар  ұзақ  мерзім  билік  құрады  және  еліне
көп жақсылық әкеледі.
Екіншісі — өзгенің  істегенін  көріп,  әрекет  жасайтын- 
дар.  Бұлар  көбінесе  қу  болып  келеді.  Қоғамға  өзгеріс 
әкелетіндей  жаңалық  жасай  алмайды.  Тек  ескіні  ғана 
нығымдап  ұстауға бейім түрады.
Үттгінттгіг і
—өзі білмейтін және өзгеден тәлім алмайтьшдар. 
Бүлар  мемлекет  басына  кездейсоқ  келеді,  әрі  қолындағы 
бүіін бар  билікген ертең айырылып  қалады.  Олар кез  келген 
істі  айқаймен,  дауды соғыспен  шешуге  құмар.  Түбінде  елі  — 
қырғынға,  байлығы — тонауға ұшырайды.
Шаханов.
  Қандай дәл анықтама!
Айтматов.
  Билік  гіен  халықтың  арасына  жік  түссе, 
қайтып  жарасуы  қиын.  Германияны  алайық.  Өткен  ға- 
сырларда  музыка,  әдебиет,  ғылым,  көркемөнер,  сөулет 
саласында дүниеге  қаншама ұлы тұлғаларды  берді.
Ал Гитлер  мемлекет басына  келіп,  дүниежүзілік соғыс 
ашып  еді,  елді  тірнектеп  жинаған  рухани  бар  байлығы- 
нан  айырды.  Турасын  айтсақ,  басшы  ретінде  еңбекқор 
неміс  халқына құт болмады,  жұт болды.
Шаханов.
  Наршахи  деген  ақылман:  "Халқың  қара  нан 
жесе,  сен  де  қара  нан  же.  Бал  жесе,  бал  же.  Халқың  қара 
нан  жеп,  өзің  бал жеп  отырсаң,  сенімнен  айырыласың.  Адал- 
дығыңа нұқсан келеді. Биліктен ажырайсың", — деп жазыпты.
Айтматов.
  Өнеге  сөз!  Мөн  білетін  биліктің  екі  тар- 
мағы  бар.  Бірі  — халқьша  қызмет  ететін,  екіншісі  —  өзі-
не  жөне  туған-туысқандарына,  тұқым-жүрағатына  ғана 
кө-леңкесі  түсетін  билік.  Алғашқысы  —  жауапкершілікті 
терең  сезінуден,  адалдықтан,  кейінгісі  ішкі  эгоизм  мен
парықсыздықтан туындайды.
Сөз  жоқ,  билік  бар  жерде  так, таласы да  қоса  жүреді. 
Бірақ  қайткен  күнде  де  жалпының  мүддесін  жалқының 
құлқыны  мен  қызықшылығы  басып  кетпеуі  керек.

Шаханов.
  Кімнен  алғанымды  қайдам,  шамасы  ескі
дәуір  ақылмандарының  бірі  болса  керек,  қойын  дәптеріме
бұдан  көп жыл бұрын  мынадай  бір жазу түсіріппін:
"Билік  иесі  айналасына  жағымпаздарды  жинаса,  күні
қараң.  Өйткені  жағымпаздар  басшыны  мақтамай  тұра
алмайды.  Ал  мақтау  сөз  у  төрізді,  тұла  бойыңды  түтел
билеп  алады.  Алды-артыңды  болжаудан  қалдырады.  Өзің
де  соған  әбден  үйреніп,  бауыр  басып  алған  соң,  күн
сайын  мақтау тілеп тұрасың. 
*
Мұның  соңы  жеке  басқа  табынуға  әкеліп  соғады.  Өз-
өзіңе  алтыннан  ескерткіш  қоясың.  Бір  жағымпаз  ес-
керткіштің  төбесіне  күн  тимесін  деп,  қолшатыр  көтеріп
тұрады.  Сен  оған  да  риза  болып,  қазынадан  ділдә  бер- 
гізесің. 
яе
Халқыңды  ұмытасың.  Қаптап  жүрген  қайыршы, 
мүсәпірді  көрмейсің.  Әйелің  мен  балаларыңа  арнап 
мәрмәрдан  Сарай  салдырасың.  Олардың  ішін  де  жағым-
паздар  жаилаиды  .
Айтматов.
  Кейде  ондайлар  басына  қапияда  қиын 
күн  туғанда,  қасынан  әлгі  жағымпаздардың  бірін  де  таба 
алмай, 
жұртқа  қарар  беті  жоқ, 
масқарашылыққа 
ұшырап,  елден  безіп  отырған  ғой.
Шаханов.
  Сізге  осындай  жағдаймен  елінен  безуге 
мәжбүр  болған  бір  түрік  сұлтаны  жайлы  орыс  тілінде 
өлең оқиын.
Айтматов.
  Құлағым  сенде.
Шаханов.
В гареме турецкого  султана 
Было  около тысячи  красавиц.
Из Хорезма,
Герата,  Парижа,
И греческого Пелопоннеса,
Даже  из города  Тараза,
Где жили  предки 
Писателя Акима  Тарази.
Красавиц  отделяли  от  мира 
Высокие  глухие  стены,
Глухие,  как  их судьбы.
Они  не видели  мужских лиц,
Кроме несчастных охранников-евнухов. 
Всюду  царил лишь  дух султана.
Когда  он  шел по гарему,
Сверкая  золотистым халатом,
Слегка  опьяненными,  с поволокой  глазами,

Все  замирали  в  мольбе:
"О аллах,  помоги!
О аллах,  помоги!..
Обрати  его взор на меня!".
Пускались в ход все женские  чары.
Кому-то  судьба  улыбалась  сразу,
Кому-то улыбнется года  через  четыре,  пять... 
Кому-то после  смерти  повелителя...
А в дворцовом  саду 
Играли,
Бегали,
Дрались,
Смеялись,
Плакали 
Триста детей,
Как капля на каплю 
На  султана похожих.
Сгустились тучи  -  
Султана  свергли.
. Горохом  из  разбитой  чаши 
Рассыпались  и  растерялись 
Его  былые увлечения.
И в  скитаниях по  чужбине 
Султана  от неминуемой  смерти 
Спасет  одна женщина.
Он  спросит  ее:
— Мне как будто знакомо лицо твое,
Ты  случайно не  из моих жен?
—Да,  к сожалению,  -  ответит  она,  -  
Я была  одной  из тысяч  забав,
Которой  вы тешили  ваше тщеславие.
Не правда ли,  странно  и грустно:
Вы,  легко покорив 
Множество государств,
Не  смогли  покорить  сердца 
Ни  одной женщины!
Ибо  чувства  не терпят распыленности, 
Разбросанности  по  частям.
Если я протянула вам руку,
Это не  от любви,
А от жалости.
Таков непреложный  закон:
Любя  одного  человека,
Можно любить весь мир,
А  хочешь  обнять всех сразу  -

Останешься ни  с  чем.
Вот  и  оставайтесь...
В  Стамбуле мы  вспомнили  султана...
Он  остался  для живущих 
Образом  распыленности.
Да,  в памяти  нуждаются 
Не только праведные  дела,
Но  и  человеческие грехи.
Айтматов.
  Иә,  әміршінің  күнөсы  ұмытылмайды.  Ол 
қашанда қалың елдің жадында жазылып  қалады.
Осы  ойға  сабақтас  Махмұд  Қашқаридағы:  "Әмірші 
жат  елден  өзіне  арнап  сарай  соқтырып  қойса,  бұл  — 
жаман  ырым.  Түбі  басына  қиын-қыстау күн  туса,  қашып 
барып,  паналаймын  дегенді  білдіреді.  Бұл  —  халқыңның 
алдында жасаған  сатқындығың.  Өйткені  қарапайым  елдің 
барар  жер,  басар  тауы  жоқ.  Сен  билеуші  болғаныңмен, 
олардан  артық  емессің.  Бір  гопырақта  тудың  екен,  енде- 
ше  бірге  өле де  біл",  — деген жылнама жолдары  кім-кімге
де тәлім  боларлық.
Шаханов.
  Хандармен  қанаттас,  билермен  сабақтас
жүрген  ойшыл одан  әрмен:  "Мемлекетгің  қазынасы  — ха- 
лықтың  табан  ақысы,  маңдай  тері.  Әмірші  қазына  кілтін 
ұстаған  адамға  аса  сақтықпен  қарағаны  абзал.  Алтын  мен 
күміс  бар  жерде  ұрлық  жүрмей  тұрмайды.  Ұрыны 
ұстасаң,  дереу  әшкере  ет.  Бүгіп  қалсаң,  өзің  де  ұрысың",
— деп өсиет қалдырған.
Айтматов.
  Ақылды  да  тәжірбиелі  мемлекет  басшы-
лары  көп  жағдайда  өзінің  ет-бауыр  туысынан  уәзір  сай- 
ламаған.  Өйткені  олар  мемлекет  ісі  мен  үй  ішілік  қарым- 
қатынасты  шатыстырып  алады.  Өзің  де  қатал  талап  ете 
алмайсың.  Мүны  көріп,  басқа  уәзірлер  де  бас-басымен
кетеді,  деп  сақтанған.
Әлемнің  жеті  кереметінің  бірін  жастанып  жатқан 
перғауындар  жайлаған  араб  өлкесі...  ¥ш ар  басы  бұлтпен 
таласқан  пирамидалардың  өр  тасы  аңыздан  қаланғандай 
ғажап.  Иә,  біздің  дәуірімізге  дейін  де  аспан  асты,  жер 
үстінде  өзінің  шексіз  билігімен  алыс-жақынға  тегіс  мәлім 
болған  әміршілер  өткен.  Солардың  ішінде  бізге  аттың 
қасқасындай  танымалы  —  осы  перғауындар,  яғни  араб 
халқының  билеуші  тап  өкілдері.  Қүл  иеленуші  заманда 
перғауындық  атақ  король,  император  сынды  ұрпақтан- 
ұрпаққа ауысып,  желісі  үзілмей,  беріліп  отырған.
Ақсүйектің  ақсүйегі  саналған  перғауындар,  негізінен, 
елдің  ішкі  және  сыртқы  саясатына  араласып,  биліктің

екі  тізпн,  бір  шылбырын  қолдан  шығармаған.  Жалпы, 
ол  ғасырларда  әміршінің  қуаты  мен  айбары  жиған 
дәулеті  және  басыбайлы  құлының  көптігімен  өлшенген 
"Жердегі  жем  аспандағы  құсты  ұятқа  қалдырады"  деген- 
дей,  қарапайым  жұртқа  әулие  тұрпатында  көрінетін  пер- 
ғауындар  осы  екі  байлықты  мол  қарпып  қалу  үшін,  өзара 
жиі  қырқысып,  түрлі  қастандықтар  ұйымдастырып, 
ел  ішіндегі  бүлікке  мұрындық  болып  отырған.  Тііггі 
олардың  ішінде  шыққан  тегін  Адам  Ата  —  Хауа  Анадан 
емес,  тікелей  құдайдан  тарататындар,  періштеден  өрбі- 
тетіндер,  күн  нұрынан  жаралғандығын  дөлелдейтіндер  де 
жоқ  емес.  Сол  себепті  бір  перғауын  қаза  тапса, 
бүкіл қара орманы  аза тұтып,  қара жамылып,  қайғырған. 
Өйткені  онымен  қоса  әйелдері,  қызметші,  күтушілері 
қоса  өлтіріліп, 
мінер  аты, 
ішер  тамағы, 
асынған 
қару-жарағы  бірге  көмілген.  Көзі  тірісінде  елдегі  идеяло- 
гияны,  саясатты,  мемлекеттің  барлық  байланысын,  эко- 
номикасын  қолға  үстап  отырған  олар  о  дүниеде  де  сол 
лауазымы,  беделімен  қызмет  атқарады  деп  есептеліп, 
өлгеннен  кейін  де  епггеңеден  тарлық  көрмеуі  қатты
қадағаланған.
Каирдың  маңында  өз  дәуірінде  араб  халқына  қатты 
ықпал  еткен  Хеопс,  Микрин,  Хефрен  пирамидалары  осы 
кезге  дейін  сақтаулы  тұр.  Жыл  сайын  әлемнің  түрлі 
түкпірінен  миллиондаған  туристер  келіп,  тамашалап,  тәу 
бтетін  бұл  ғажайып  ғимараттардың  салыну  шеберлігін 
сөзбен  айтып  жеткізу  қиын.  Техниканың  жоқ  кезінде 
мындаған  құлдың  алып  ақ  тастарды  қырандар  ұшар 
биікке  дейін  қалай  алып  шыққандығына,  әрбір  санти- 
метрден  жаңылыспай,  орны-орнына  орналастырғанына, 
ғимараттың  төрт  бұрышын  оқтай  түзу  етіп  қырлағанына 
қайран  қаласың.  Менің  таңданысымды  айтпай-ақ  түсінген 
қарт бәдеуи түйесін шөгеріп жатьш:
— 
Жаңалықтардың  бәрі  өткен  ғасырларда  ашылып 
қойған.  Біз  оны қайталаушымыз,  мырзам,—деп жымиды.
Сауатсыз  қарияның  сөзін  іпггей  мойындауға  мәжбүр 
болдым.  Уақыт  атты  ұлы  сынға  дес  бермей,  аспан  мен 
жердің  ортасында төрт тағандап  тұрып  қалған  пирамида- 
лар  қандай  жұмбақ  болса,  арабтың  біздің  дәуірімізге 
дейін  жасаған  билеушілерінің  өмірінде  де  жұмбақ  сыр- 
лар көп.
Шаханов.
  Геродоттың  айтуынша,  Хеопс  пирамидасын 
салуға  100  мың  адам  атсалысқан.  Маманданған  4  мың 
құл  20  жыл  бойы  күндіз-түні  тынбай,  қамшы  астында 
жұмыс  жасапты.

Арабтың  атақты  жиһангезі  әл-Идриси:  "Әміршінің 
әйелі  билікке  араласса,  құлдың  қатьгаының  да  аузы 
қышып  тұрады...",  —  дөп  жазыпты  Орта  Азияны  ара-
лаған сапарында. 
___
Айтматов.
  Иә,  билік  жүрген  жерде  қызғаныштың
қызыл  оты  өшпейді.  Биік  лауазымға  жетер  жол,  кейде 
тым  жақын  көрінгенімен,  аса  жауапты  әрі  қатерлі.  Ж.а- 
уаптысы  —  соңыңда  қалың  халық.  Олардың  бары  мен 
жоғы,  бағы  мен  соры  сенің  қолыңда.  Қатерлісі  —  әр 
басқан  адымыңды,  әрбір  ауыз  сөзіңлі  аңдыған  дұшпаның 
да  аз  емес.  Сондықтан  да  болар,  небір  аламан-асырды 
бастан  кешіп,  саясаттың  ойы  мен  қырын  тегіс  кезген
киелі  билердің бірі:
"Әмірші  қашанда  ел  арасынан  шыққан  айбатты  әрі
ақылды  адамдарды  жанына  жинаса,  абыройға  бөленеді. 
Олардан  сақтанып,  қорқып,  сыртқа  тепсе,  өзіне  бітіспес 
жау  әзірлейді.  Ондай  адамның  бірі  мыңға  татиды.  ЛСа- 
ныңа  ақылсыз  мыңды  ұстағаннан  гөрі,  ақылды  бірді 
ұста",  — деп,  кейінгіге ұлағат тастап  кеткен.
Шаханов.
  Қай  дөуірде  болсын,  түркі  тілдес  ха- 
лықтардың  тарихында  билердің  алар  орны  ерекше. 
Олардың кесім-шешімдерінде  ешқандай  құпия,  алдын  ала 
келісу,  ымырласу  деген  атымен  болмаған.  Тарих  бетін 
парақтасақ,  ең  үлкен  билер  кеңесі  қазіргі  Сырдария  об- 
лысындағы  (Өзбекстан)  Ангрен  өзенінің  жағасындағы 
Култөбе  басында  —  "Ханабад"  атты  Тәуке  ханның  орда- 
сында  өткен.  Мұнда  аузы  дуалы  билер  қазақтың  әдет- 
ғұрып  зандарының  жиынтығы  —  "Жеті  жарғыны" 
қабылдаған.  "Күлтөбенің  басында  күнде  жиын"  аталып 
кеткен  бұл  кеңеске  Төле  би,  К,аз  дауысты  Қазыбек  би, 
Әйтеке  би,  қырғыз  Қоқым  би,  қарақалпақ  Сасық  би, 
Едіге  билер  келіп,  ел  мен  жерді  сырт  жаудан  қорғау,  ха- 
лықтың  бірлігі  мен  ынтымағын  сақтау,  адамгершілік,  па- 
расаттылық,  ата-баба  намысын  таптатпау,  хандардың 
ұстанып  отырған  саясаты  мен  дипломатиясы  хақында 
көкейлерінде  жүрген  қадау-қадау  ойлардың  бүлағын 
ағытып,  халықтың  болашағын  көздеп,  қабырғалары
қайысқан.
Қазақ  халқының  бірлігін  бүзбай,  іргесін  сетінетпей, 
мемлекет  дәрежесіне  көтерілуіне  өсіресе  үш  жүздің  Төле, 
Қаз  дауысты  Қазыбек,  Әйтеке  сынды  төбе  билерінің 
сіңірген  еңбегі  өте  зор.  Қарапайым  халыққа  қадірі  өткен, 
жүбы жазылмаған үш би ел басына күн туған  қиыншылық 
кезде  де,  жұрт  жиналған  айт,  ас,  той  тұсында  да,  жер 
дауы,  жесір  дауы,  құн  дауы  көтерілген  жерде  де  бірге  бас

қосып,  ел  тағдырын  бірге  шешіскен.  Қара  қылды  қақ 
жарып,  әділ  кесім  айтқан  билердің  үрдіс,  дәстүрін  өшіріп, 
ізін суытып алғанымыз орны толмас өкініш болар еді.
Айтматов.
  Билік,  шешендік  өнер  қай  халықта 
да біздің дәуірімізге дейін де  ерекше өркендеген.  Ертедегі 
Римде,  Грецияда,  Египетте  көмейі  бүлкілдеген  ше- 
шендердің 
жарысы 
өтіп, 
арнайы 
дөстүрі, 
мектебі 
қалыптасқан.  Сол  кезгі  шындық,  әділ  шешім  көбіне-көп 
шешендердің  аузымен  айтылған.  Демек,  демократияның 
алғашқы  іргетасын  қалауда  олардың  атқарған  рөлі  ора- 
сан зор.
Плутархтың қалдырған  мол мұрасының  бір  бөлімі  аты 
әйгілі Демосфен  мен Цицеронға арналған.
— Екеуі  өте  ұқсас  еді, — деп  жазады  тарихшы. — Тек 
мінездері  ғана  емес,  өмірге  деген  көзқарастары,  сот  ал- 
дындағы  еркіндігі,  сөз  саптауы,  дауыс  ырғағы  — бәрі,  бәрі 
бір-бірінен 
айнымайтын. 
Өмірде 
қарапайым 
адам 
қатарынан  шығып,  бүкіл  елге  даңқы  жайылған  осындай 
екі шешенді табу тіптен де  мүмкін  емес.
Иә,  айтса  айтқандай,  Демосфен  мен  Цицерон  қазақ- 
тьщ  жұбы  жазылмаған  Төле  биі,  Қаз  дауысты  Қазыбек 
биі,  Әйтеке  биі  сынды,  ғүмыр  бойы  шындықты  ғана 
жақтап,  әділеттен  ауытқыған  билік  иелеріне  қарсы  аяусыз 
күрес ашқан.
Бар  өмірін  жапа  шеккенді  ақтауға  арнаған  Демос - 
феннің  сұңғылалығы  сондай  —  алдына  арызбен  келген 
адамның  дауыс  ырғағына  қарап,  сотта  қаралғалы  тұрған 
істің салмағын өлшеп-пішіп,  біліп  отыратын  болған.
Бірде  афинылық  шаруа  өзін  бір  өлдінің  сабап,  зәбір 
көрсеткенін  айтып,  Демосфенге  шағынады.  Әлгіге  Демос­
фен:
— Сен  ешқандай  қиянат  көрген  адам  емессің, — дейді 
әдейі.  Ашынған  афинылық шаруа:
— Қалайша  қиянат  көрген  жоқпын!  — деп,  айғайлап 
жіберіпті.
—  Міне,  мен  таяқ  жеген,  тағдырына  лағнет  айтқан 
адамның  даусын  енді  ғана  есіттім.  Сотта  *сені  қорғап 
шығамын, — деген  екен.
Шаханов.
  Орыстың  (әкесі  орыс,  шешесі  қазақ) 
атақты  шешені,  адвокат  Плевако  жайлы  соңғы  жылдары 
жиі  жазыла  бастады.  Оның  заманында  аса ділмар  да  өткір 
жан  болғандырын  мына  бір  қыэық  дерек  дөлелдей 
түседі.
Күнкөрісі  жоқ  жалғыз  басты,  бір  бейшара  кемпір 
базардан  елу  тиынның  шелегін  ұрлап  алады.  Шелектің

иесі  ұрыны  ұстап,  дереу  сотқа  тапсырады.  К,арасатын 
не  туысы,  не  ақшасы  ж оқ  адамды  кім  қорғаушы  еді, 
сот  мүшелері  кемпірге  қарсы  заң  бабтарын  өргізіп, 
бәленбай  жылға  жер  аударғалы,  үй-мүлкін  төркілегелі 
жатады. 
Мұны 
естіген 
Плевако 
күймесін 
жедел 
жектіріп,  жүріп  жатқан.  соттың  үстіне  келеді.  Қараса, 
айыпты  кемпір  бір  бұрышта  жылап  тұр  екен.  Ал  сот 
мүшелері  мен  қатысушылар  бар  көрін  тігіп,  қылмыскердің 
кінөсын мойнына қойып жатады.  Сонда Плеваконың:
— 
Біздің  елді  патшалар  мен  помещиктер  аяусыз 
тонаған,  алып  та  мейірімді  Ресей  империясы  оны  да 
кешірді.  Порт-Артурда  жапондармен  болған  шайқаста 
әңгүдік  қолбасылардың  кесірінен  тас-талқан  боп  жеңілдік, 
алып  та  мейірімді  Ресей  империясы  оны  да  кепгірді. 
Ал  қайыршы  кемпір  елу тиынның  шелегін  ұрлап  алып  еді, 
оны  кешіре  алмайды.  Оған  жүрек  жылуы,  азаматтығы 
жетпейді, — деп,  сөз  бастауы  мұң  екен,  өздершің  ағаттық 
ісіне 
сот 
мүшелерінің 
пұшайман 
болғаны 
сондай, 
ұялғаннан  жерге  кіріп  кете  жаздап,  дереу  кемпірді  ақтап
жіберген. 
_  Г  . 
.  ;  ,
Міне,  әр  заманда  талай-талай  әміршіге  бақ  сыйлаған
шешендік өнердің құдіреті қайда жатыр!
Біз  тоталитарлық  жүйенің  тұсында  ғасырдан  ғасырға 
алтын  арқауы  үзілмей,  ұрпақтан-ұрпаққа  мүра  боп  келе 
жатқан,  ұлттық  зор  парасатқа,  салт-санаға,  рухани 
тәжірибеге  терең  тамыр  жіберетін  шешендік  атты
қазынамыздан  көз  жазып  қалдық.
Қырғызстанда соңғы  жылдары Асқар  Ақаевтың  бас- 
тамасымен  жер-жерде  "Ақсақалдар  соты"  ұйымдас- 
тырылды.  Болашақта  Қазақстан  мен  Орта  Азия  респуб- 
ликаларында  Ақсақалдар  немесе  Билер  сотына  көңіл 
бүрып,  тіпті  арнайы  курс  үйымдастырып,  ата  дәстүрді 
жаңғыртса,  ұтылмасымыз  хақ.
Рас,  қазіргідей  аумалы-төкпелі  кезеңде  қылмыстық 
ахуал  қиын.  Өте  ауыр  қылмысқа  барғандар  қолымен 
істегенін  мойнымен  көтерсін,  ал  қит  етіп,  шалыс 
басқанның  бәрін  түрмеге  тоғыта  бергеннен  ұтарымыз 
бар  ма?  Кәнігі  қылмыскерлердің  ішінде  екі-үш  жыл 
отырып  шыққан  жасөспірімнің  қаны  қарайып,  өмір 
бойы  адамдық  бейнесін  жоғалтып  алып  жатқанына  жиі 
куә боп жүрміз.  Мүндайларды  өз  аулының,  өз  ортасының 
ең  беделді,  ең  шешен  қарияларынан  құралған  "Билер 
соты"  қалың  жүртты  қатыстыра  отырып,  қандай  жаза 
қолданылатынын  өздері  шешсе.  Бұл,  бір  жағынан, 
ж аза  басқан  адамды  ұятына,  намысына  тию  арқылы

төрбиелеу  болса,  екіншіден,  "Енесі  тепкен  құлынның  еті 
ауырмас" деген  халық мақалын  қуаттайды.
Конфуций  бұл жайында былай дейді:
"Ел басшысы  біреуге  жаза  қолданарда,  үнемі  ата-баба 
дәстүрін  еске  сақтай  отырып  үкім  шығарғаны  абзал. 
Сонда  оның  өділдігіне  өзгелердің  де  көзі  жетіл,  көңілі 
сеніп,  сенің өрекетіңді жан-ділімен  қолдайды".
Айтматов.
  Ж ер  бетінде  адам  баласы  не  себепті 
биліксіз,  басқарусыз  өмір  сүре  алмайды?  Бұл — алғашқы 
қауымдық  құрылыстан  бастап  қазіргі  өркениетті  заманға 
дейінгі даму сатысындағы  қоғамдық қажеттілік пе?
Тірліктің  өзі  жалқы  мен  жалпыдан,  билеуші  мен  ха- 
лықтан  түрған.  Бүл  екі  таптың  арасындағы  әр  қилы 
қарым-қатынас,  жоғарыда  өзіміз  айтқандай,  қай  дәуірде 
де тарих сахнасынан түспей келген.
Ал  Президент  дегеніміз  —  шексіз  билік  иесі.  Өз 
елінің  тұтқасы,  тәрбиешісі.  Қалған  ел  соған  қарап  бой 
түзейді,  іс  істейді,  сөз  саптайды.
Шаханов.
  Мысалы,  мен  билік  атаулыдан  мүлде  алыс 
адамның  бірімін.  Бірақ  баяғыда,  демократиялық  қозға- 
лыстардың  басында  жүргенімде,  менен  де  біреулер 
президенттің  тұлғасын  көрмек  болған. 
Сол  түста: 
"Маған  бір  колхоздың  басқармалығын  берсе,  колхозды 
екі  айда  таратып  жіберуім  мүмкін",  —  деп  жауап  бер- 
генмін.  Билік  басына  тұруға  лайық,  дарыны,  икемі, 
білім,  парасаты,  тіпті  психологиясы  сай  адамдар  сирек 
болса да,  бар.
Кейде  не  сөзінде,  не  ісінде  бәтуа  жоқ  біреулердің 
Президент  болғысы  келіп,  тыраштанғанына  жағаңды
ұстайсың.
Баяғыда  бір малшыдан:
— 
Егер  сен  король  болсаң,  не  істер  едің?  —  деп 
сұраса  керек.
Сонда  ол:  —  Егер  мен  король  болсам,  сиырды  атқа 
мініп  бағар едім, — депті.
Өйткені  ол  өзінің  жаратылысына  сай  жауап  беріп
тұр.
Алдымен  болып  алайыншы,  құдай  қолдап,  таққа 
бір  отырсам,  арғы  жағын  көре  жатармын  деген  әупірім, 
қызба 
ойдың 
күшімен 
келген 
қабілетсіз, 
санасыз, 
қаныпезер  басшылардың  кесірінен  заманында  мыңдаған, 
миллиондаған  адамдардың  опат  боп  кеткенін  тарих  әлі
ұмытқан жоқ.
Голощекиннің  тұсында  (1925—33  ж.ж.)  қазақ  даласы 
бұрын-соңды  болмаған  қаралы  күндерді бастан  кешті.

Шектен  шыққан  залым  өрі  рухани  дүниесі  тым 
сұрқай  Голощекин  республиканың  билік  тізгінін  қолға 
алысымен,  Қазақстанда  Кеңес  өкіметі  орнамаған  деген 
"жаңалық"  ашты.
Ертеңді-кеш  шоқша  сақалы  шошаңдап,  мінбеден 
түспейтін  ол  республиканы  басқарған  сегіз  жыл  ішінде 
бірде-бір  қазақ  аулын  жете  зерттеп  білмесе  де,  өзін 
бұратаналар  тұрмысының  білгірі  санап,  Қазан  төңкерісі 
қазақ  аулының  тұсынан  құйын  сынды  өте  шықты, 
қайтадан  төңкеріс  жасау  керек,  ол  үшін  қайткен  күнде 
де  құрбандық  қажет,  сондықтан  мал  басы,  адам  саны 
міндетті  түрде  кемиді,  ал  ұлт  зиялыларының  үлкен  бір 
тобы  —  тәрбиелеуге  көнбейтін  уклонистер  деген  аса 
тұрпайы тезистер  ұсынған.
Социализм  нық  орнаған  сайын,  тап  жаулары  көбейе 
береді,  деген  Сталиннің  өсиетсымағын  өзіне  сара  жол 
ғып  ұстанған  Голощекиннің  әпербақан,  ұрда-жық  саяса- 
тының  соңы  қуғын-сүргін  мен  адам  айтқысыз  аштыққа 
ұласты.
Бүкіл  бір  халықтың  басына  төнген  ажал  елдегі  бай- 
феодалды  тәркілеуден  және  мөлшерсіз  салықтан  бастал- 
ған.  Қазақстандағы  ең  бай  деп  саналған  700-ден  астам 
шаңырақ  және  50  мың  орта  шаруа  тұрпайы  тонауға 
ұшырап,  түрмелерге тоғытылды,  атылды,  біразы  көршілес 
кеңестік  республикалар  мен  Ресейдің  Төмен,  Қорған,  Ас­
трахань,  Иркутск,  Сахалин  жеріне  және  Қытай,  Иран, 
Үндістан,  Түркияға үдере  көпггі.
Тәркілеуден  еншілі  мал  мен  өлшемді  жерін  алған  ке- 
дей,  жарлылар  сол  дәулеттің  игілігін  көру  мүмкіндігінен 
айырылды.  Өйткені  есеңгіреп  қалған  елді  салықпен 
қинап,  аштыққа жол ашу үлкен  саясатқа айналды.
Мал  өсіріп  отырған  қазақтан  астық  салығы  талап 
етілген.  Ал  диқанның  мойнына  ет  салығын  ілген.  Шара- 
сыздан  малы  барлар  қолындағысын  астыққа,  астығы 
барлары  малға  айырбастап,  өздері  алақан  жайып  қалған. 
Басшылардың  арасынДа  жоспарлы  тірліктен  гөрі,  ойына 
келгенін  жасаған  бейбастақтық  кеңінен  етек  алды.  Тіпті 
салықтың түрі  сол  жылдары  күн  сайын  дерлік  өсіп,  ұзын 
саны  он алтыға дейін жеткен.
Заманында  сөйгүлік  ерттеп,  бәйге  алып,  көкпар  тар­
тып  үйренген  ер  көңіл  халықтың  рухын  түсіріп,  "шикізат" 
салығы  дегенді  ойлап  тауып,  жаппай  күл-қоқыс  пен 
күресін  ақтартып,  жылқының  жалы  мен  құйрығын,  ит 
пен  есектіңі  саршүнақ  пен  жылан,  кесірткенің  терісін, 
ескі-құсқы  шүберек,  сүйек-саяқ,  мүйіз-түяқ  жинатқан-

дардың  ісі тіігген  таңғаларлық.  'Жоспарды"  уақтылы  орын- 
дай  алмай,  сасқандардың  біразы  қолындағы  бірлі-жарым 
малын  сойып,  соның  мүйізі  мен  тұяғын  өткізуге  мәжбүр 
болған.
Ең  сұмдығы  —  елді  қан  құстырып,  жинап  алған 
әлгі  "шикізат"  салығы  деп  аталатын  ескі-құскыны  еш 
кәдеге  жаратпай,  бір  орталыққа  жинап,  өртеп  жойып 
отырған.
Сөйтіп,  1929  жылы  Қазақстанда  мал  басы  40  миллион 
құраса,  кейінгі  төрт  жылда  он  есе  кеміп,  4-ақ  миллионға 
түсті.  Ал  Голощекин  билеген  сегіз  жыл  ішінде  4  миллион 
100  мың  қазақтың  2  миллион  200  мыңы  бұрын-соңды 
құлақ  естіп,  көз  көрмеген  ғаламат  ашаршылықтан  шы- 
бындай  қырылды.
Заманында Ресей  империясының соңғы  патшасы  Екінші 
Николайды  үй  іші,  қызметкерлерімен  қоса,  Ипатьев  үйінде 
қамауда  отырған  жерінде  қанға  бөктіріп,  қырып  салуға  ат 
салысқандардың  бірі  —  Голощекин  қазақ  халқын  осындай 
орны толмас қасіретке ұпшратты.
Ал  КазЦИК-тің  (Қазақстан  Орталық  Атқару  Коми­
тет!)  басшысы  Елтай  Ерназаров  үлтымыздың  рухани  бай- 
лығынан  хабары  шамалы,  қазақ  халқының  тарихын  бы- 
лай  қойғанда,  өзі  өскен  ауылдың  арғы-бергісін  жетік  біле 
бермейтін,  қара дүрсіндеу адам болған.
Осындай  жан  дүниесі  жадағай  кісі  үкімет  билігі  ба- 
сына  қалай  шығып  кетті?  —  деген  сауал  туады.  Оның 
мәнісі  былай:
Қазақстан  астанасы  Орынбор  болып  тұрған  кезде 
республика  құрылтайы  өтіп,  КазЦИК-тің  Төрағасын  сай- 
ламақшы  болады.  Бірақ  жеме-жемге  келгенде  екі  мықты 
топ  билікке  таласып,  бір-бірін  жеңе  алмай,  титықтайды. 
Сонда бейтарап біреу тұрып:
— 
Жолдастар,  біз  болсақ  дені  кедейден  түратын 
Кеңес  өкіметін  құрдық.  Мына  Елтай  —  кедейдің  ішіндегі 
сіңірі  шыққан  кедей,  басы  таз  десеңдер,  таз,  сауатсыз 
десеңдер,  сауатсыз,  меніңше,  төрағаға  осыдан  қолайлы 
адам  жоқ,  —  деп,  елдің  ортасында  қалғып-мүлгіп 
отырған  Ерназаровты  саусақ  ұшымен  нұсқайды.  Бір- 
бірін  билік  басына  жібермеуді  мақсат  етіп,  тіресіп  отыр- 
ғандар  кім  болса  да,  мейлі,  тек  қарсы  жақтың  адамы 
өтпесе,  жарады  деген  пиғылмен  тегістей  дау^іс  беріп 
жіберіпті.
Бір  жолы  Елтай  Ерназаров  Алматыдан  шығатын 
пойызбен  Қызылордаға  асып  бара  жатса  керек.  Елтайды 
жарты 
патша 
санайтын 
Шымкенттің 
аш-жалаңаш,

тарығып 
отьфған 
ел-жұрты, 
тіпті 
ішінде 
ағайын- 
туыстары,  бұрынғы  көрші-қолаңдары  да  бар,  бұл  хабар- 
ды  естісімен,  жағдайымызды  айтайық,  жәрдем  сұрайық 
деген  оймен  жаяу-жалпыл^п,  вокзал  басына  жеткен.  Ел- 
тай  алғашқыда  өзін  тосқан  халықпен  дидарласуға  ниет 
білдірсе  де,  анталаған  елді  көріп,  ол  ойынан  айниды.  Тек 
пойыздың тамбурына ғана  шығады.
Осыны күтіп тұрған халық:
— Елтай төре,  ашпыз!
— Босып  кетуге  айналдық!
— Қырылып  жатырмыз.  Бір  шапағатыңызды  тигізіңіз!
— десіп,  шуласып қоя береді.
Сонда  басына  сусар  бөрік  киген  етжеңді  Елтай  қолын
жоғары көтеріп:
— Жолдастар, — дейді.  Қайтсе де туған  жері  емес  пе,
төренің  ықыласы  түсіп,  жарылқар  деген  оймен  халык
сілтідей тынады. 
г *  " / ? ‘М**
—  Жолдастар,  —  дейді  ол  тағы  да.  —  Жолдастар,
план,  план,  план,  —  деп,  үш  қайтара  дауыстайды  да,
есікті таре  жабады.
Жоқшылықтың  қыспағына  түсіп,  тарыққан  жерлес-
терімен,  тіпті  өзінің  ағайын-туғандарымен  жөнді  тілдесуге 
жарамаған  басшының  барша  қазаққа  жүрек  жылуы 
қайдан жетсін. 

,• і»а  *  .*>• 
.+і-.
 -*<• •
ПІіке,  осы  Елтай  Ерназаровқа  қатысты  тағы  бір 
қы зы қ  оқиға  есіме  түсіп  отыр.  Бірде  өзіңізбен  Таш- 
кенттен  қайтып  келе  жатып,  Ж аңабай  Сөлімбаев  деген 
менің  ж ақы н  інімнің  туыс  қарындасы  Ш екердің 
үйінен  шай  ішіп  аттанғанбыз.  Сол  жігіттің  әкесі  — 
Тасбау;  Тасбаудың  өкесі  —  Сөлімбай  деген  қария  96 
жасында  қайтыс  болды.  Елтай  Ерназаров  ж оқ-ж ітіктеу 
кезінде  сол  Сөлімбай  ақсақалдың  жақсылығын  өте  көп 
көріпті.
Ерназаров  КазЦИК-тің  Төрағасы  боп  сайланған  соң, 
аудан  басшысы Тасбауды  шақырып алып:
—  Елтай  ағамызға  дұғай-дұғай  сөлем  айтыңыз,  көрші 
ауданда  бір  трактор  бар,  ал  бізде  жоқ.  Ж ер  ж ырта  ал­
май,  қор  болып  отырмыз.  Туған  ауданы  ғой,  бізге  де 
бір  трактор  бергізсін,  —  деіі,  Елтай  Ерназаровқа
жұмсайды.
Тасбау бірден Төрағаның  үйіне барып түседі.
Әйелі  қуанып  қарсы  алады.  Шүйіркелесіп  біраз 
отырған  соң,  Елтай  да  қызметінен  оралыпты.  Тасбауды 
жақтырмай,  қол  ұшын  әзер  ғана  ұсыныпты.  Әйелі  қатты 
ыңғайсызданып:

—  Елтай-ау,  келіп  отырған  —  атамның  баласы  ғой, 
қалайша танымай  қалдьщ?  Осылардан  көрген  жақсылықты 
ұмытсақ,  құдайды да ұмытармыз.  Ең болмаса,  жөндеп аман- 
саулық сұраспайсың ба?  — дейді күйеуіне.
Елтай сонда:
— Иә,  шал,  аман  ба?  Ертең жұмыс  өте  қауырт  болғалы 
тұр, демалуым керек,  — деп,  ішкі бөлмеге өте шығыпты.
Ел  басқарған  мұндай  қара  дүрсін  де  қайырсыз  адам- 
дар  "Король  болсам,  малды  атқа  мініп  бағар  едім"  деп 
армандайтын  бақташыдан  несі артық.
Айтпақшы,  Елтайдың  қызметтен  түсетінін  естігендегі
біріиші сұрағы:
—  Машинам өзімде  қала ма?  — бопты.
Айтматов.
  "Мемлекет  басқару  өнері — өнер  атаулы-
ның  төресі",  —  деген  екен  Демокрит.  Кейде  бүкіл  елдің 
тағдыры  бір  басшының уысында тұрады.
Мысалы,  Бірінші Петр мешеулік пен надандық жайлаған 
Ресей  империясьша  қайта  өрлеу  дәуірін  әкелген  жоқ  па? 
Бүкіл  бір  ұлтгы 
"қайта  құрылуға" 
мәжбүр 
еткен 
"бүлдіргіш"  жеке  тұлғаның  рөлін  көрсету  үшін,  Петрдің 
өмірі  мен  іс-әрекетінен  жалпыға  аян  фактілерді  есіңе  са-. 
лайын.  Патша  басымен  голландықтарға  барып,  қарапайым 
балташы  болып,  кеме  жасаудың  құпиясын  үйреніп  қайтса, 
еріккенінен  істемеген  шығар.  "Мен  —  патшамын,  бірақ  та 
алақанымның  күсі  кеткен  күні  жоқ"  дегенді  өз  ортасында 
жиі қайталайды екен.
То  академик,  то герой,
То мореплаватель,  то  плотник,  —
Он  всеобъемлющей  душой 
На  троне вечный  был работник,  -
деп,  ұлы  Пушкин  оның  осындай  азаматтық  ерлігін  өлмес
жырына  қосқан.
Ресейдің  кең-байтақ  өлкесіне  батыстан  көз  аларту- 
шылардың  қатары  молая  түскен  шақта,  Петр  елдің  аста- 
насын  Мәскеуден  Балтық  жағалауына  көшіруге  шешім 
шығарады.  Ондағы  ойы:  астананы  қорғау  —  эр  орыс 
адамының  қасиетті  парызы,  ал  оны  жауға  бермеу  —  Ре- 
сейді  қауіп-қатерден  аман  сақтау  деген  сөз.  Сөйтіп, 
өлемдегі  әдемі  қалалардың  бірі —  Санкт-Петербург  осы- 
лайша  дүниеге  келді.  К,ала  көшелеріне  емен,  қайың,  ше- 
тен,  сөмбі,  басқа да  ағаш  түрлері  егілсін  жөне  "Кімде-кім 
еменді  рұқсатсыз  кессе,  өлім  жазасы  берілсін"  деген 
жарлықтың  иесі  де  осы  Петр  ағзам  еді.  Оның  өз

қолымен  еккен  емені  үш  жүз  жылдан  бері  ұлы  ағзамның
көзіндей  боп,  жайқалып әлі  өсіп  тұр.
Петр  қол  астындағы  елге  қатаң  тәртіп  орнатумен 
қатар,  Ресей  империясының  басқару  заңдарын  мүлде 
басқаша  құрып,  зауыттар  мен  фабриктерді,  оқу  орында- 
рын  мейлінше  молайтқан,  әрі  армияны  жасақтай  білген. 
Пайдаланып  келген  кириллица  жазуына  өзгерістер  енгізіп, 
кейбір  көзге  қораш  әріптерді  жөндеген.  Сөйтіп,  арнайы 
баспахана  жасақтап,  орыс  баспасөзі  тарихындағы  тұңғыш 
газет — "Ведомостидың" тұсауын өз  қолымен кесті.
Сонымен  бірге  Петр  орыстардың  берекесіз  өсіріп  қоя 
беретін  сақал  мен  мұртын  күзеттіріп,  етек-жеңі  шүба- 
тылған  ұзын  да  икемсіз  киімдерін  жөнге  келтіртіп, 
ықшамдаттырған.  Мұжықтардың  арасында  жиі  кезде- 
сетін  араққа  салынушылықпен  бітіспес  күрес  ашып, 
үнемі  мае  болып  жүретіндердің  мойнына  жазалау 
ретінде  әрі  жұрттан  ұялыс  тапсын  деген  ниетпен  ауыр 
темірден  арнайы  медаль құйдыртып,  ілдіртіп  қойған.
Кімде-кім  ата-анасын  сыйламаса,  мемлекет  алдында 
жазықты  боп  есептеліп,  оған  қатаң  шара  қолданылсын, 
есептің  төрт  амалын  білмесе,  үйленуге  рұқсат  ж оқ  деген 
патша жарлығы  мешеу жатқан  өлкені әлемдік өркениетке 
қазтабан  болса да жақындата түскен  еді.
Сөйтіп,  соғьГсса,  жеңілген,  еңбектенсе,  маңдай  тері 
зая  кеткен,  экономикалық  құлдырау  мен  надандықтың 
бұғауында  жатқан  халқын  жалғыз  басш ы—   ұлы  Петр 
көк өгіздей  сүйреп  жүріп,  бір  белеске  шығарған  ж оқ па?
Шаханов.
  Ұлы  Петр  іргелі  елдердің  қатарына  көтеріп 
кеткен  Ресей  империясы  Анна  Иоанновна  патшайым  бо­
лып,  билік  қүрған  1730—40 жылдары  қайтадан  құлдырап, 
елдің  тоз-тозы  шыққан.  Орыс  тарихшылары  оны  жалқау 
әрі  ақымақтау  және  ойын-тойға  ерекше  әуес  еді  деп  жа- 
зады.  Мемлекет  ісімен  жөнді  шұғылданбаған.  Ерте  күнді 
кеш  қылып,  ергежейлілердің  қойған  тамаша,  әзіл-сықақ 
сахнасын 
қызықтаумен 
бар 
уақытын 
өткізген. 
Қарамағындағы  князьдер  мен  графтарды  келеке  еткен 
көріністерге  мәз  болатыны  соншалық,  кейде  бойын 
күлкіден  билей  алмай,  құлап түсетін  көрінеді.
Анна' Иоанновна  патшалық  еткен  соңғы  жылы  Ресей- 
дегі  барлық  ұлттар  мен  ұлыстарға  жар  салып,  князь  Го­
лицын  мен  аса  көріксіз  қалмақ  қызы,  өзінің  қызметшісі 
Буженникованың  үйлену  тойын  жасайды.  Бұл  текті 
тұқымнан  өнген  князьді  өзіне  болмашы  ғана  қарсы  тіл 
қатқаны  үшін,  ойлап  тапқан  мазақтаудың  шектен 
шыққан  түрі  еді.  Қыс  айында  Нева  өзенінің  үстінде  той

салтанаты  өтетін  алып  сарай  Анна  Иоанновна  пат- 
шайымның  бұйрығымен  түгелдей  мұздан  соғылады.  Са- 
райдың  есік-терезесі,  жиһазы,  ыдыс-аяқ,  тіпті  жас 
жұбайлардың жатар төсегі де  мұздан  істелінген.
Ресейдің  түкпір-түкпірінен  жиналған  орыстар  мен  та- 
тарлар,  мордва  мен  шувапггар,  ненецтер,  т.б.  ұлттық 
киімдерін  киіп,  музыка  аспабына  қосылып,  ән  шырқап, 
би  билеп,  астананы  өзгеше  у-шуға  бөлеген.  Той  өткен 
соң,  түн  ішінде  жас  жұбайларды  мұз  төсектің  үстіне 
жатқыздыртады.  Неке  түнінің  "аса  ықыласты"  өтуін 
қадағалайтын  топ  сайлаған.  Бұл  сыннан  князь  бен 
қалмақ  қызы  сүрінбей  өтті.  Бір-бірін  мұз  төсекте  жы- 
лытқан  жүбайлардың  келер  жылы  қошқардай  қос  ұлы 
болады.  Билеушінің  өресі  төмен  боп,  ойына  келгенін 
істесе,  өз  қызығын  өзі  күйттесе,  қарапайым  елдің  жай- 
күйі қайдан оңсын.
Мынадай  бір қызық дерек бар.
1731  жылы  Ресей  империясы  мен  қазак,  елінің  батыс 
бөлігі  арасында  келісім-шарт  жасалып,  дипломатиялық 
қарым-қатынас  орнағаны  тарихтан  мәлім.  Кіші  жүз  бен 
Орта  жүз  қазақтарының  игі  жақсылары,  билері,  бектері 
мен  батырлары  бас  қосып,  құдыретті  патшайымның  ал- 
дынан  өтеміз,  сәлем  береміз  десіп,  мол  тарту-таралғымен 
Санкт-Петербургке  келіп  түскен.  Татардан  тілмәш  алған 
үлкен  делегация  мүшелері  әрқайсысы  айтар  сөзін,  көрсе- 
тер  құрметін  қайта-қайта  пысықтап,  патша  Сарайының 
табалдырығын  аттайды.  Қазақ  даласының  делегациясын 
қабылдауға  Анна  Иоанновна  алдын  ала  келісімін  де  бер­
ген  екен.  Қызметкерлері  алЫстан  айлап  жол  жүріп  жет- 
кен  қазақтардың  қабылдау  бөлмесінде  тосып  түрғанын 
тағында  алтын  мен  гауһарға  малынып,  ерігіп  отырған 
Анна  Иоанновна  патшайымға жеткізгенде,  ол:
— 
Аса  маңызды  бір  шаруам  шығып  қалды,  Голландия 
королі  сыйға  тартқан  ұрғашы  маймылым  бүгін  таң  ал­
дында  туды.  Балалары  сондай  сүйкімді.  Соның  қыруар 
тірлігімен  басым  онсыз  да  қатып  отыр,  қабылдай  алмай- 
мын... — депті.
Айтматов.
  Иө,  тарихта  мұндай  қайғылы  да  күлкілі 
фактілер  аз  емес.  Мен  де  соның  кеңінен  мәлім  біріне 
тоқтала кетейін.
Аты  шулы  патшайым  II  Екатерина  билік  құрған  ға- 
сырда  Малороссия  да  (Украина  мен  Қырым)  Ресей  импе- 
риясының  құрамына  кірген.  Оның  губернаторы  болып 
патшайымның  аса  жақын  досы,  сыбайласы  Григорий  По­
темкин тағайындалады.

1787  жылы  патшайым  қарамағындағы  Малороссия 
халқының  тұрмысын  көріп,  әл-аухатымен  танысуға  ниет- 
теніп,  сапарға  шығады.  Петербург  пен  Киевтың  арасын- 
дағы  76  станса  мен  35  елді  мекенге  патшайым  тоқтайды, 
түстік  ішеді,  демалады  деп  жоспарланады.  К,аптаған 
атқосшыларымен  бірге  шыққан  II  Екатерина  күн  ілгері 
белгіленген  жолмен  жүріп  келе  жатып,  Малороссия 
халқының  өте  бай  да  ауқатты  әрі  өз  тұрмыстарына  сон- 
шама  разы  екенін  көріп,  ерекше  қуанышқа  бөленеді.  Ал- 
дарынан  ән  салып,  би  билеп  қарсы  алған  халық, 
мыңғыртып  айдаған  мал,  аузы-мұрнынан  шығып  тұрған 
қанар-қанар  астық,  шынында  да,  елге  жаны  ашыған  гу­
бернатор  еңбегінің жемісі емес  пе?!
Ж о-жоқ,  Петербургке  келген  соң,  Потемкиннің  өті- 
рігі  ашылады.  Бақса,  ол  патшайым  жүреді  деген  жолдың 
бойындағы  елді  алдын  ала  киіндіріп,  жасандырып  дайын- 
дап  қойған  екен.  Ал  өрістегі  қаптаған  мал  ше?  Оның  да 
есебін  тауыпты.  Бір  стансада  патшайымға  көрсеткен  көп 
малды,  II  Екатерина  тынығып  жатқанда,  түн  асырып 
қуалап,  келесі  соғар  елді  мекенге  не  стансаға  жеткізіп
отырған.
Ал  қамба  толы  астық  ше?  Текшеленіп  тұрған  қанар- 
лардың  ішінде  бір  түйір  де  дән  болмаған,  бәріне  топырақ
толтырылған  екен.
Қаншама  билік  иелері  қарақан  басының  қамын  күйт- 
теген  Потемкин  секілділердің  алдауына  түсіп,  шатасты 
десеңші.  Бұл  күлкілі  оқиға  орыс  жылнамасына  "Потем­
кинские деревни" деген  атпен  енген.
Шаханов.
  Мұндай  сорақы  мысалдар  өлем  билеу- 
шілері  тарихында  мыңдап  саналар.  Мәселен,  Калигула 
Римнің  императорлық  тағына  отырарда,  айрықша  көріп- 
келдігімеи  аты  шыққан  Тиберий:  "Бұл  өзіне  де,  өзгеге  де 
жақсылық  жасамайды.  Тек  Рим  халқына  емес,  барша 
әлемге  апат  әкелетін  сұр  жылан  өсіп  келеді",  —  деп,
қорқыныш  білдірген.
Таққа 
отырған  император  биліктің  алғашқы  кезеңінде 
ерекше  іскерлігімен,  мейірімділігімен  ел-жұртты  аузына 
қаратады.  Тарап  кеткен  халық  мәжілісін  қалпына 
келтіріп,  шетқақпай  көріп  жүрген  аты  белгілі  адамдарға 
лауазымды  орын  ұсынады.  Ливий  мен  Тиберийден  кал­
ган  көп  ақшаны,  олардың өлер  алдында  қалдырған  өсиеті 
бойынша,  Рим  халқына тең бөліп,  үлестіріп  береді.
Бірақ  бұл  алдамшы  көрініс  еді.  Араға  аз  уақьгг  салып, 
тақ  пен  тәждің  шын  иесі  өзі  екенін  сезінісімен,  Калигула 
байырғы  есалаң қалпына  қайтадан  енеді.

‘ Оның ақымақтығы мен есалаңдығында шек жоқ еді,  — 
деп  жазады  ерте  дүние  тарихшылары.  —  Өзін  тірі  құдай 
сезінді. Айналасындағылардың бәрі ертенді-кеш иіліп-бүгіліп
тұратын".
Бағыныштылардың  құлдық  ұрғанына  мөз  болып, 
қолын  шапалақтайтын  Калигула  "Жек  көрсе  мейлі,  тек 
қорықса  болғаны"  дегенді  әлсін-әлсін 
қайталаумен 
жүрген.
Өзін туа бітті  актермін,  әнші әрі  ғажайып  бишімін деп 
санаған  император  мемлекет  ісін  ұмытып,  күндіз-түні 
бірдей  сауық-сайран  салған.  Халық  мол  жиналған  жерде 
ол  алдымен  қайғылы  актердің  кейпіне  түсіп,  әр  нәрсені 
бір  шатып-бұтады  да,  артынша  ақ  тер,  көк  тер  болып, 
билейді  екен.  Ал  көне  Римде  ол  заманда  еркектердің  би- 
леуі аса жек көрінішті эсер  қалдыратын.
Айтматов.
 
Римдіктердің  сорын 
қайнатқан 
осы 
ақымақ  императордың  оғаш  қылықтары  жайлы  Иосиф 
Флавийдің жазбалары бар.
"Калигула  өзгелерді  қоя  салып,  бірде  Гомердің  поэма- 
ларын  құртамын  деп,  айбат  шекті,  —  деп  жазады  ол.  — 
Оның  адамдарға  деген  жауыздығы  мен  жек  көрінішінде 
шек  болған  жоқ.  Тірінің  көзін  жоямын,  өлгеннің  атақ- 
даңқын  өшіремін  деп  арпалысты.  Оның  елге  салған  алым- 
салықтарының  санына  жету  қиын  еді.  Император  әсіресе 
өзіммен  бой  теңестіріп,  бақталасады-ау  деген  дәулетті, 
текті  тұқымдардың  соңына  шырақ  алып  түседі.  Оларды 
алдына  шақырып  алып,  өлгеннен  кейін,  бар  байлығынды 
маған  қалдырасың  деп,  күштеп  өсиет  жаздыратын.  Ар­
тынша  өсиет  иесін  қылмыскер  деп  жариялап,  өлім  жаза- 
сына  кесетін  де,  бар  дүние-мүлкін  өзі  иемденіп  алатын. 
Бәрінен  де  римдіктерді  шошытқаны  — өзінің  жақсы көре- 
тін атын консул қызметіне тағайындағаны еді..."
Жануарды  арнайы  мемлекеттік  қызметке  тағайындау 
тарихта  бұрын-соңды  кезікпеген.  Ал  Калигула  болса  аты- 
на  мәрмәрдан  орын  сайлатып,  жем  жейтін  астауын  піл 
сүйегінен жасаттырған ғой.
Осындай  жалаң  есуас  билікті  қару  ғып  ұстанған  Ка­
лигула  император  болған  төрт  жылдың  ішінде  іргелі  мем- 
лекетті  ашық  монархияға  айналдырып  тынған.  Өзі  елдің 
бас  тонаушысына  айналған  соң,  қалған  билік  басындағы- 
лар  қарап  қалсын  ба,  қарапайым  халықты  сүліктей  сор- 
ған.  Мемлекет  қазынасындағы  екі  миллиард  жеті  жүз 
миллион  сестерци  (ақша)  бір  жылдың  көлемінде  желге 
ұшып,  бүкіл  ел  қайыршылыққа  ұшырап,  түс-түсқа 
қаңғып  кеткен.

Шексіз  билік  пен  байлықтың  буына  мае  болған  Кали­
гула  қызы  дүниеге  келгенде,  рим  халқына  жар  салып, 
нәрестені  бағып-қағуға,  тәрбиесіне  және  ұзатар  кездегі 
жиһаз,  мүлкіне  арнап  ақша  жинауды  талап  еткен.  Ж аңа 
жылдың  алғашқы  күні  император  басымен  Сарай  табал- 
дырығында  тұрып  алып,  ағылып  жатқан  халық  тастаған 
теңгелерді  жинаған.  Үйіліп  қалған  алтын  теңгелерге 
қуанғаны  соншалық,  уыстап-ұстап  көріп,  көкірегіне  ба- 
сып,  тіпті  біраз  уақыт үстінде  аунап жатқан.
Күн  сайын  жаңа  қызметке  тағайындағандардан,  істі 
болғандардан  өте  көп  мөлшерде  алған  парасын  қанағат 
тұтпай,  Сарайында  баукеспе  үрылар  мен  қарақшыларды 
ұстап,  елді тонаумең де  айналысқан.
Үстіне  жұрттың  ойына  келмеген  алабажақ  матадан 
киім  тіктіруді  әдетке  айналдырған.  "Римдіктер  ғана  емес, 
тіпті  еркек  кимейтін  бірдеңелерді  жамыльш,  ел  алдына 
шыққан.  Кейде  қызылды-жасылды  гүлді  матадан  үстіне 
әйелдің  ұзын  етек  көйлегін,  аяғына  әйелдің  туфлиін  киіп, 
тақта  отырған  императорды  көрген  шетелдіктер  әжуа 
күлкісін  жасыра  алмайтын.  Ал  римдіктер  ұялғаннан  ж ер­
ге  кіріп  кете  жаздайтын",  —  деп  жазды  кейіннен  грек
тарихшылары.
Сақалын  алтынға  бояп  жүргені,  тіпті  атақты  Алек­
сандр  Македонскийдің  қабірін  аштырып,  үстіне  соның 
панцирін  киіп,  сайран  салған  есерлігі  де  елдің  ызасын 
келтіреді.
Нешеме  соғыс  пен  қайыршылыққа  төзген  Рим 
халқының  оз  императорының  осындай  берекесіздігіне 
төзімі  жетпеді.  Ақыры,  есуас  Калигуланы  қүртпасақ, 
мемлекет  құлайды  деген  шешімге  келеді.  Император  өл- 
тірілді  дегенде,  римдіктердің  жартысы  бұл  да  Калигула- 
ның  кезекті  қылжағы  деп,  сенбеген,  ал  қалған  жартысы 
бір-бірінен  сүйінші сурасып  жатқан.
Құдайым  болашак,  мемлекет  басшыларын  осындай 
сайқымазақ тағдырдан  аулақ еткей де...
Шаханов.
  Ал  Рим  мемлекетін  121—139  жылдары  би- 
леген  Марк  Аврелий  болса  Калигулаға  кереғар  түлға  еді. 
"Оңаша  қалғанда"  атты  іргелі  еңбек  жазған  оның  аты 
әлемге  ең  әділетті  философ-император  деген  даңқпен 
жайылды.
Елді  қандай  тәсілмен  басқару  және  билеуші  өзін-өзі 
қалай  ұстауы  керектігі  жайлы  жазылған  осы  философия- 
лық шығармасында ол:
"Өзің  атқарып  отырған  істі  үнемі  римдікке  сай  істеу 
ләзім:  таза  жүрекпен,  адамдарға  деген  сүйіспеншілікпен,

еркін  әрі  адалдықпен  және  де  басқа  ұғымдардың,  басқа 
көзқарастардың  бәрінен  аулақ  болып  атқарған  дұрыс. 
Бұлай  ету  сенің  қолыңнан  келеді,  егер  сен  істеп  отырған 
шаруаңды  өміріңдегі  соңғы  қызметіңдей  көріп,  ақылсыз- 
дыққа  салынбай,  екі  жүзділіктен,  өз  тағдырыңа  немқұ- 
райды  қараудан  ада сезіммен  атқарсаң",  — деп жазды.
Император  бір  жұмысқа  кірісцес  бұрын,  мейлі  ол 
әскери  іс  немесе  азаматтық  іс  болсын,  әрдайым  үлкен 
қызмет  орнындағы ■
 адамдармен  ақылдасып  алатын.  Авре­
лий:  "Мемлекеттің  бір  адамның  еркіне  бағынғанынан  гөрі, 
өте 
тәжірбиелі 
достардың 
кеңесіне 
құлақ  түргені 
дұрысырақ" деген сөзді жиі айтады екен.
Овидий  Кассий  Сирияда  императорға  қастандық  ой- 
лағаи  кезде,  оның  өз  сыбайластарына  жолдаған  хатын 
әкеле жатқан  адамы  қолға түседі де,  хат Марк Аврелийге 
табыс  етіледі.  Соида  Аврелий  оны  ашпастан,  со  бойда 
отқа  жағуға  бұйырады.  Мұны  өз  жауларының  есімін 
білмеу  үшін  және  оларды-еріксіз  жек  көріп  кетпеу  үшін 
істеген еді.
Бір  римдік  Марк Аврелийді  Овидий  Кассийдің  бүлігіне 
сондай  жұмсақтықпен  қарағанын  кінәлап:  "Егер  сіз 
жеңіске  жетпесеңіз  не  болар  еді?"  —  деп  сұрайды.  Марк 
Аврелий  былай  деп  жауап  қайтарыпты:  "Ол  жеңіп  ке- 
тетіндей,  біз  құдайға  соңдай  жаман  ниетпен  қараппыз 
ба?".  Содан  соң  ол  адам  қолынан  қаза  тапқан  император- 
ларды  еске  алып,  оларды  өлтіруге  түратындай  елеулі  се- 
бептер  болғандығын  өр  түрлі  мысалдармен  дәлелдеп  айта-
ды.
Айтматов.
  Иә,  ол  халықпен  еркін  мемлекеттерде 
қалыптасқан  дәстүрмен  қарым-қатынас  жасаған,  адамды 
жауыздықтан  сақтауда  немесе  жақсылыққа  тәрбиелеуде, 
біреуді  еңбегіне,  ақыл-парасатына  сай  мол  сыйлықпен 
марапаттауда,  жалпы  қай  істе  болсын, 
үлгі-өнеге, 
әдептілік  танытып 
отырған. 
Ол  жаманды 
жақсы, 
жақсыны тамаша адам  етіп тәрбиелеудің жолын  іздеген.
Марк  Аврелий  өз  бойында  құдай  берген  зор  ақыл 
мен  мейірбандылықты  тоғыстырған.  Егер  ол  дөл  сол 
дәуірде  туылмағанда,  бүкіл  рим  әлемі  быт-шыт  болып, 
қанға бөгуі  мүмкін еді.
Шаханов.
  Иө,  Рим  империясында  қаншама  билеуші 
өтті.  Көбінің есімі  бұл  күнде  ата-тарихтың  жадынан  өшіп 
те  кетті.  Ал  бағынышты  халқын  мейірім  қүшағында 
әлдилеген  император  Марк  Аврелийдің  салт  атқа  мінген 
күміс  есксрткіші,  арада  XX  ғасыр  өтсе  де,  Капитолий 
алаңында қазірге дейін  тұр.
6-235

Айтматов.
  Плутархтың  "Жеті  ғұламаның  сұхбаты" 
деген  еңбегін  оқып  отырып,  Фалес,  Солон,  Клеобул,  Би- 
ант,  Хилон,  Периандр,  Питтак  сынды  ғұламалардың  пат- 
шаларға берген  мінездемесіне  кезіктім.
Шаханов.
  Сөзіңіз  аузыңызда.  Сол  Плутарх  суреттеген 
атақты  “Солонның  өкесі  өз  заманының  ең  бір  дөулетпсі 
саналған  Эксекестид  те,  анасы  Писистраттың  немере 
қарындасы  еді",  —  деп  жазған  тарихшы  Гераклид  Пон- 
тийский.  Өз  заманында  ақын,  жазушы,  философ  өрі  ізгі 
жүректі  қайырым  иесі  ретінде  туған  еліне  кеңінен  таныл-
ған Солонның билік басына келуі қызық.
Жастайынан  саудаға  үйір  боп  өскен  болашақ  билік 
иесі  ғылым  мен  жаңашылдықты  да  жан-тәнімен  сүйіп, 
ілімпаз  атанады.  Байлық  оны  қызықтыра  қоймайды. 
Әйтсе  де  алтынның  буына  мае  болғандардан  рухани  бай- 
лығының  арқасында  өзін  көш  ілгері  биік  қойған.  Оның 
осындай  шайқылығына,  ақылдылығына  төнті  болған 
афинылықтар  мемлекет  басқару  ісін  қолға  алуын,  көрші 
елдермен 
тынымсыз 
жүріп 
жатқан 
соғыстарды 
тоқтатуын 
өтінген. 
Елдің 
тізгінін 
ұстаған 
Солон: 
"Саясаткерлік  деген  —  алдампаздық",  —  деп,  өзі  үшін 
жаңалық  ашады.  Бұрын  қылмыспен  байланысы,  байлар- 
мен  сыбайластығы  ж оқ  ол  енді  ел тыныштығы  үшін  жиі-
жиі жұртты  алдай  бастайды.
Алдымен  жерді  бөліп  беремін  деп,  жарлы-жақыбайға 
өтірік  айтса,  айнала  бере,  бай  адамдарға  жерді  ешкімге 
бермеймін,  оның  есесіне  қарыздарыңды  қайтартамын 
деп,  олардың  да  көңілін  табады.  Нәтижесінде  қара 
табан  кедей  де,  ағыл-тегіл  бай  да  Солонды  өз  адамымыз 
деп  есептейді.  Сол  себепті  де  оның  "Тепе-теңдік  соғыс 
тудырмайды"  деген  қанатты  сөзі  кеңінен  тарап  кетеді. 
Өмір  бойы  өлең  жазып,  ақындығын  бәрінен  де  биік  са- 
нап өткен ол өз  билігі хақында  былайша толғанған:
Власть  даровал я  народу в той  мере,
в  какой  он  нуждался,
Чести  его не лишил,  но  и  не  дал лишних прав.
Также  о тех позаботился я,  кто  богатством
и  силой
Всех превзошел,  чтобы  их не позорил никто.
Встал я меж тех  и  других,  простирая
мощный  щит  свой  над ними,
И запретил побеждать  несправедливо  других.

Айтматов
.  Осы  өлеңінен  сезіліп  тұрғандай,  гректің 
заң  жүйесінің  реформаторы  атанған  Солон  ел  басқарып 
тұрған  шақта,  мемлекет  ісіне  пайдалы  көптеген  заңдарды 
қабылдайды.  Мысалы,  азаматтықтан  айыру  жөнінде.  Ел 
ішінде  келіспеушілік  туа  қалған  жағдайда  ешбір  партияға 
енбей,  өзімен-өзі  қоғамнан  оқшауланып  қалған  адамды 
азаматтығынан  айыру,  бір  қарағанда,  ешбір  ұғымға  сый-
майтын  нәрсе  секілді еді.
Бірақ  заңның  осы  тармағы  арқылы  Солон  әдамдар-
дың  елдің  саяси  ахуалына  үнемі  құлақ  түріп,  ортақ  іске
немқұраилы  қарамауын,  қиындықты  бірге  бөлісуін  көз- 
дейді.
Оның жөне  бір  ізгілікті  ісі  —  қайтыс  болған  адам  жө-
нінде  жаман  сөз  айтуға  қатаң  тыйым  салуы.  Сонымен
бірге  шіркеу  мен  үкімет  үйлерінде  және  сот  кеңсесінде
балағат  сөздерді  араластырып  сөйлеуге  шек  қояды.  Бұл
тәртіпті  орындамай,  біле  тұра,  бұзған  адам  мемлекет  ал-
дында  қылмыскер  деп  табылып,  қатал  жазаланған.
Дінмен  үндесіп  жатқан  бұл  шаралар  қарапайым  халыққа
майдай  жағады.  Билеушінің  атына  марапат  сөздер 
тасқындай ағады.
Солон  өзі  шығарған  заңын  өзі  орындамаған  мемлекет 
түбі  құлап  тынады  деп  есептеп,  оларды  кемі  жүз  жылға 
жететін  етіп  ағашқа  ойып жаздырған.
Солон  билік  басына  келген  соң,  өзінен  бұрын  ел 
басқарған 
Драконттың 
заңдарының 
бәрін 
жоққа 
шығарған.  Ал  Драконттың  қылмыскерге  қолданған  ең 
сүйікті  жазасы  —  өлім  жазасы  болғаны  белгілі.  Ол 
шіркеу  бұзғанды  да,  кісі  өлтіргенді  де,  тіпті  жеміс-жидек 
ұрлағанды да  бірдей  қылмыскер деп  есептеген.  Сол тұста 
Драконт  мемлекеттің  заңдарын  қара  сиямен  емес,  адам 
қанымен  жазды  деген  сөз  ел  ішіне  кеңінен  тарайды. 
Драконттың  қатыгез  заңдарын  талқандаған  Солонның 
бұйрығы  ағаш  бетінде  өшпей  қалып,  бүгінгі  ұрпаққа 
жетіп отыр.
Шаханов
.  Солонның  билік  құрған  кезінде  Афиныда 
жеэөкшелік  жойылған. 
"...Әйелдер  мен  қыздарды 
ұрласа  немесе  зорласа,  100  драхм,  жеңгетайлық  жа- 
сағанға  20  драхм  айып  салынсын.  Қызын,  қарындасын 
ақшаға  сатқандар  қоғамнан  аласталсын!"  деген  үкімі 
елдегі  әр  түрлі  бейбастақтарға,  еркін  серілер  мен 
сылқым  бикештердің  жүріс-тұрысына  тұсау  салған. 
Шынында  даг  ақшаның  аса  қат  кезінде  20  драхм  айып
төлегеннен  өмір  бойы  құлдықта  өткен  жеңілірек 
болған. 
** 
ч л

Айтматов.
  Аристотельдің  жазбаларында  Солон  пат- 
ша 
мен 
Анахарсистің 
достығы 
жайлы 
мәліметке 
кезігеміз.  Ал  Геродоттың  баяндауынша,  Анахарсис 
скиф  патшасы,  кәдімгі  Персия  билеушісі  Дариймен  соғы- 
сатын  Иданфаристің  туысқаны.  Демек,  Анахарсис 
түрік  тектес  халықтардың түп  атасы  саналатын  скифтер- 
ден  шыққан  ғұлама  ғалым.  Өнертапқыш  әрі  әлемді  аузы- 
на  қаратқан  шешен  һәм  философ.  Оның  көрегендігі  мен 
тапқырлығына  тәнті  болған  эллада  елінде  заманында 
"Скиф  осылай  сөйледі" деген  мәтел тараған.
Ерте  дүние  тарихшыларының  деректерін  куәға  тарт- 
сақ,  Анахарсис  (Анарыс)  Скифский  Қара  теңіз  жаға- 
лауынан  грек топырағына  өнер-білім  іздеп  келген  сынды. 
Оның  Солон  және  өзге  ғүламалармен  достығы  атын
әлемге  мәшһүр  етеді.
Жоғарыда  аты  аталған  жеті  ғұлама  Амасис  патшаға
мынадай  ақыл-кеңестер  берген.  Бұл  мәжіліске  Анахарсис 
те  қатысады.
Солон: 
"Менің  пікірімше,  егер  өзі  мен  үкімет 
билігін  халық  билігіне  айналдыра  алса  ғана,  ол
патшаның  даңқы  артады".
Биант: 
"Ол  сонда  ғана  заңға  бағынудың  үлгісін
жасайды  .
Фалес: 
"Патшаның  бақыты  сол  -   егер  оның 
жасы  жетіп,  өз  өлімімен  дүниеден  өтсе".
Анахарсис: 
"Онда  оның  барлығынан  да  ақылды
болғаны".
Клеобул: 
"Ендеше  ол  -  қасындағылардың  сөзіне
ермейтін  патиіа".
Питтак: 
"Жағымпаздар  әрдайым  өз  басы  үшін 
қорқып  жүргені  абзал.  Патша  елге  сонда  ғана  ты-
ныштық орнатады".
Хилон: 
"Патша  ойы  өлім  емес,  мәңгілік  туралы
болуы  керек".
Периандр: 
"Бір  нәрсені  ескерткім  келеді:  осы
айтқандардың  бәрін  ақылмен  қорытқан  адам
биліктен
 қол 
үзуі қажет".
Түркістан  топырағында туып,  білімімен  жат елдің  көр- 
кеюіне  өлшеусіз  үлес  қосқая  Анахарсис  бабамызға  Гре- 
цияда ескерткіш  қойылған.  Оның бүйіріне  "Басқа  пәле  — 
тілден"  деген  мақал  ойып  жазылған.  Анахарсистің  "Кеме 
тақтайының  қалыңдығы  төрт  елі  екенін  білген  кеме- 
дегілер  өлімнен  де  төрт-ақ  елі  қашықта  түрғанын

ұмытпағаны  абзал'  деген  қанатты  сөздері  ел  есінде

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет